Міржақып Дулатовтың “Жастарға” өлеңі мен “Біздің мақсатымыз” мақаласының өміршендік мәні

Міржақып Дулатовтың “Жастарға” өлеңі мен “Біздің мақсатымыз” мақаласының өміршендік мәні.

Міржақып Дулатұлы-1885 жылғы қарашаның 25-інші жұлдызында дүниеге келген. Ол қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.

Міржақып Дулатұлының жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кеткен “Оян, қазақ” атты алғашқы кітабы арқылы танимыз. Себебі, Міржақып Дулатұлы өз халқының қамын ойлап:

   “Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

     Өткізбей қараңғыда бекер жасты.”,-деп жырымен жылқылап оятып, оларды білімге бағыттап, қараңғылық ұйқыдан оятты.

Тағы да айта кетерлік жайт, 1909 жылы Петербугте М.Дулатұлының “Оян, қазақ” атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Бұл кітапта патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.

Баршамызға мәлім, 1907 жылы Санкт-Петербургта татардың “Улфат” атты газетіне қосымша шыққан “Серке” газетінің бастапқыда екі нөмірі ғана шығып, тоқтап қалған болатын.

Не себепті?

Бұл газеттің тоқтап қалуындағы басты себеп: ақын-журналист Міржақып Дулатұлының “Жастарға” атты өлеңі мен “Біздің мақсатымыз” атты мақаласының жариялануы болды.

Алдымен, газет атуына мән беретін болсақ. “Серке”-қазақ ұғымында жайылымдағы малды бастайтын түлік, яғни, көш бастайтын көшбасшы деген мағына. Бұл газет Шаймерден Қосшығұловтың басқаруымен, Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан газет. Бастапқыда патшалық басқару орындарының рұқсаты бойынша алғашқы да екі аптада бір шығатын болып жоспарланған, бірақ Міржақып Дулатұлының “Біздің мақсатымыз” атты мақаласы жариялануына байланысты “Серке” газетінің екі нөмірі ғана шығып тоқтап қалды

“Біздің мақсатымыз” мақаласының басты мақсаты-қой бастаған серкедей болып надандықта, түнекте жатқан қазақ халқын жарыққа алып шығуға шақыру болды.

“Серке” газетінде жарияланған бұл мақала билік төрінде отырғандарға ұнамады, олар қорқып газеттің жариялануын тоқтатты.

Ал, “жастарға” өлеңінде:

“Халыққа, жастар, басшы бол!

   Қараңғыда жетектеп.

   Терең судан өтер ме,

    Мың қойды серке бастамай?” — деп астарлап жеткізді.

   Қорытындылай келе, Міржақып Дулатұлы өзінің “Оян, қазақ” кітабынан, “Жастарға” атты өлеңі, “Біздің мақсатымыз” атты мақаласы арқылы, біз оның қандай батыл, елі мен жері үшін шындық жолында күресуге барынша тырысқан шыншыл адам болғандығын көре аламыз.

Тамабай Жаңылша

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті 1 курс

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *