Торғай газеті және Ә. Балғынбаев

Әль- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультеті 101 топ Жунусов Әлішер

Торғай газеті және Ә. Балғынбаев.

Торғай жері еліміздің қаншама даңқты да парасатты адамдарын шығарған өлке. Торғай жерінен 50 ақын жазушы, 50 ғылым кандидаты, ірі доктор академиктар шыққан. Осы себеппен Торғай жерін ақын Ғафу Қайырбеков “Қазақтың Ленинграды” деп атаған. Торғай жерінде тарихы терең тұлғалармен қоса газетте шығып тұрды. 1895 жылы “Тургайская газета” деген атпен ресми емес газет 15 жыл аралығында шығып тұрды. Бұл газетте Ы. Алтинсаринның Ш. Уалихановтың еңбектері жарық көріп тұрды. Алғашқы мақалаларда осы газеттің беттеріне түсіп отырды. Материалдар тілі араб және қазақ тілінде жарияланды.

Торғай облыстық басқарма газет столының бастығы Ә.Балғынбаев болды. Ә. Балғынбаев (1866 бұрыңғы Торғай облысы Қостанай уезі -1942) ағартушы педагог қазақтың журналисті болған. Ә. Балғынбаев бастық болып отыра қоймай газеттің бетіне өзінің мақалаларын шығарып отырды. Оның публицистік қызметі “ Торғай газетінің” 1895 жылы 45 нөмірінде “Қарабұтақтағы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы” мақаласынан басталды.

Торғай газеті біздің еліміздің тарихына үлесін қосқан газеттердің бірі. Оған қоса Торғай газетінің тарихы тереңде жатыр. Таза қазақ тілінде бастау алған газеттердің бірі осы “Торгайская газета” болды.

Торғай газеті қазақ даласында шыққан алғашқы газеттердің бірі. “Торғай газетінің” жалғасы болып Торғай облысында “Торғай таңы” атты газет шығып отты. “Торғай газеті” қазақ баспасөзінде алар тарихи орны ерекше.

Пайдаланған әдебиет: Табыл Құлияс “Тарихы терең”Торғай газеті”.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *