Тренинг «Достық -татулықтан басталады»

Кеңсахара жалпы орта білім беретін мектебінің

«Достық татулықтан  басталады» тақырыбында  тренинг

Мектеп психологы: Калжанова Л.Ж

 

Мақсаты: Оқушылардың  арасындаға жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал  дос  болуға және  қоршаған  ортамен   дос  болуға  үйрету.

Міндеті: Адам  қарым –қатынасындағы  достық  ұғымы  туралы  түсінік   беру; оқушылардың  арасында  достық   сезімдерін  дамытуға  ықпал  ету; оқушыларды  сыйластыққа,   әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа, тәрбиелеу.

Барысы:

 

«Досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Мақсаты: оқушылардың көңіл – күйін көтеру, бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту.

Шарты: оқушылар дөңгелене тұрады, психолог қолды шапалақтап нұсқау берген кезде, берілген тапсырмаларды орындайды.

1 рет шапалақтаған кезде – қолдарын қысады;

2 рет шапалақтаған кезде бір – бірін құшақтайды;

3 рет шапалақтаған кезде – бір-біріне жақсы тілек айтады.

Жаттығу «Досты қуанту»

Оқушылар дөңгелене отырады.Қасындағы досын қуанту үшін оның

атын әндетіп айтып,қолындағы жүрек шарды досына береді.

Не сезіндің?

Сен қуандың ба?

 

Жаттығу  «Досымның жүрегі»

Кеудеге тағылған жүрекке бір-бірінің жақсы қасиеттерін жазу.Бәрі жазып болған соң оқу.

 

Мұғалім.  Құрметті оқушылар,  бүгінгі тренинг  сабағымыздың  тақырыбы: «Достық  татулықтан  басталады»  Жалпы  дос  дегеніміз  не, қалай  дос  болу   керек екені    бәрімізге  белгілі, бірақ  та  кейбіреулер  дос  деген  сөздің   мәніне  жетпейді.

«Достық-өмір  үшін  ең  қажетті  нәрсе,  өйткені  ешкім  ешқашан  да  барлық  басқа  игілікке  түгел  ие  бола  тұрса  да,  дос-жарансыз  өмірді  қаламақ  емес» деп  Аристотель  атамыз  айтқандай  бүгінгі  тренингіміз  дос  туралы  талқыланатын  боламыз.

Балалар, алдымен  достық  деген   не,  оны  қайсысымыз  қалай  түсінеміз, соны  айырып  алайық.

Достық  алдымен  екі  адамның  бір-біріне  деген  адалдығы. Адалдықсыз  достық  та   болмайды.  Ал  адалдық  деген  -рухани  тазалық.  Онсыз  сен  досың  үшін  майданда  да  жан   бере  алмайсың?

 

Тақырыпты  ашу  сұрақтары.

1.Дос  деген  кім?

 

 

Сыр бөлісетін  адам.

Мені   жақсы  түсінетін   адам.

Көмекке  ардайым   дайын  адам

Қандай  жағдай  болмасын  бірге  болатын  адам.

 

2.Сендер өз достықтарыңды неге теңейсіңдер? (жауапты  сурет  арқылы  беру. Әрбір  оқушы  өздері  салған  сурет  бойынша  түсіндіреді.

Бірінші  жауап  Адамдар  арасындағы  байланыс.             Екінші   жауап. Достықты  шеңберге   теңедім.

 

 

 

 

 

Үшінші  жауап  Жүрекке                      Төртінші  жауап  Байтерекке

 

 

 

 

3.Досың  барма? Ол қандай?

4.Досыңыздың  басына  қиындық  түсті, не  істейсіз?

5.Жақсы  дос  жаман  дос  қандай  болады?

6.Қыз  бала  мен ер  баланың  арасында  достық   бола  ма?

7.Менің  достарым   көп  болу  үшін  не  істеуім  керек?

 

«Жалғастырып  көр» ойыны

А) Әрбір  адамға  дос керек. Өйткені………………..

Ә) Менің  сыныптастарыма  немесе  досыма  тілегім……………

Б) Сыйластық  бар  жерде…….

Сауалға  жауап  іздеу.

1.Біздің   сынып   қандай?

2.Сынып  оқушылары  арасында  сыйластық,  достық  қатынас  орнаған ба?

Мақал-мәтелді жалғастыр?

1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан………………….(көзіңе мақтар)

2.Досыңа  күлме  келер ………………………………..(басыңа)

3.Доссыз  адам  тамыры  жоқ …………………………( ағашпен  тең).

4.Досқа  күлкі  қылма,  дұшпанға……………………..(таба қылма)

5.Досы  жоқпен  сырлас,

Досы көппен ……………………………………………………( сыйлас)

6.Досыңменен  дос   болғанға  шаттан

Дұшпаныңмен  дос  болғанан ………………………….. (сақтан)

7.Ақылсыз  достан,  ақылды  ……………………………(дұшпан   артық.)

8.Дос  басқа  қарайды,

Дұшпан………………………………………………………….. ( аяққа  қарайды).

9.Досы көпті  жау  алмайды,

Ақылы  көпті……………………………………………….(дау алмайды)

 

«Ойланайық,  пікірлесейік»      Жағдаяттарды талдау

Оқушылардың сынып ұжымы туралы пікірлерін білу мақсатында жаттығу-ойлану жүргізу.

1-жағдаят:

Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алып жеңіспен оралды. Қуанышында шек жоқ.

Оның қуанышын қалай бөлісер едіңдер?

2-жағдаят:

Сыныптасың «Білімнің биік шыңы» атты сайысқа қатысып жеңіліп қалды. Ол қатты ренжулі.

Оған қалай көмектесер едіңдер?

3-жағдаят:

Сынып балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды. Осылары үшін кезекші сынып  оларды «Кірпі» газетіне шығарды.

Осыдан кейін қандай шешім қабылдар едіңдер?

Оқушылардың   ой-пікірлерін    тиянақтап,  қорыту.

 

 

Шапшаң  ойын. « Иә  мен  жоқ»

Достық  біреуге  жымиғанан  бастала  ма?

Достық  біреуді  қорғағанан  басталады ма?

Достық  біреудің  бағынан  алма  ұрлағанан  бастала ма?

Достық  бір –біріне  зат бөлісуден  басталады  ма?

Достық  біреуді  итеріп  құлатқанан  басталады  ма?

Достық  біреудің  машинасын  жөндегенен   басталады ма?

Достық  төбелескенен  басталады  ма?

Достық  мазақтағанан  басталады ма?

Достық  сыпайы  болудан  басталады  ма?

 

 

 

Ойын «Құстар үйірі»

Жүргізуші: «Қазір барлықтарың кішкентай құсқа айналасыңдар. Сендер құстар әуенмен ұшасыңдар. Бір-біріңмен соқтығысып қалуларың мүмкін, абай болыңдар. Менің нұсқаулығым бойынша кішігірім үйірлерге жиналасыңдар, үйірдегі құстардың санын мен атаймын».

Біраз уақыттан кейін жүргізуші мысалы «бес» санын айтады. Қатысушалар бес-бестен топ құрайды. Кім топқа кіре алмай қалды сол ойыннан шығады.

 

Жүректен–жүрекке.

Ортада  қобдиша   тұр.  Онда  түрлі–түсті  жүрекшелер  бар.  Кімге  қай   түстегі  жүрекше   ұнайды,  соны алайық.

 

 

 

 

 

Қызыл –адамгершілік, сары–адалдық, қызғылт–мейрімділік, көгілдір–сүйіспеншілік,  жасыл–әдептілік,  көк–ізеттілік, ақ–қайырымдылық

Осы қасиеттер  бойларыңызда  дари берсін. Достықтың  екі  түрі  болады. Бірі  адал  достық,  екіншісі  амал  достық. Адал  достық–өмірлік  нұсқа  болады,  амал  достықтың   өрісі  қысқа  болады, сондықтан балалар  адал  достықты   таба  біліңдер. Достарыңа   әрқашан  адал,  таза  ақ  ниетті  болыңдар. Бүгінгі  тренинг  сабағымызды  қортындылай  келе, сендерге  тек  қана   шын  дос  тілеймін.Өздерің  де  нағыз  бола  біліңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *