Қалай «Жоқ»-деп айтып үйренуге болады?

Сірә, біздің арамызда кез-келген өтінішке оп-оңай жоқ деп айта алатын адам жоқ шығар. Кез-келген адамда жәй ғана бас тарта алмайтын ситуациялар болады.

Жақын туысың сенен қомақты ақша сұрап тұр, бірақ сен телефоныңның жаңа моделіне қызығып тұрсың.

Күйеуіңнің анасы үйіне қонаққа шақырып жатыр, бірақ сен құрбыларыңмен кездесуді бір апта бұрын жоспарлап қойғансың.

Пойыздағы үлкен әжей сенен астыңғы орынды сұрайды, бірақ ол сенің үстінгі орыннан қорқатыныңды білмейді.

Иә, осындай жағдайлармен жиі кездескен кезде, өзімізді жәй ғана ақкөңілміз деп жұбатамыз. Алайда, бұл шынымен ақкөңілділіктің шыңы ма?

«Жоқ»-деп айта алмаудың бірнеше себептері болады:
-Мейірімді, ақжүрек адам болып көрінгісі келу;
-Басқа адамның көңіл күйін түсіріп алудан қорқу;
-Барлығына жағымды болғысы келу;
-Қарым-қатынасты бұзып аламын ба деген қорқыныш;
Осы сезімдердің барлығы адамды еркінсіздік пен сенімсіздікке алып келеді.

«Жоқ» деп айтуға болады.
Сіздің бастартуыңыз жәй ғана өтінішті орындауға шамаңыз немесе уақытыңыз жоқ екенін білдіреді.

— Маған қарызға ақша бере тұршы.
— Жоқ, бере алмаймын, себебі дәл қазір ол ақша өзіме керек.

Есіңізде болсын, адамдармен тек қана өзіңізден артылатын ресурстармен бөлісуге болады.

«Жоқ» деп айтуды айнаның алдынан бастаңыз.
«Кешір, әзірге менің қолым бос емес.»
«Қазір менің мүмкіншілігім жоқ, бірақ ойланып көрейін.»

Сіз бере алатындай, көмектің басқа нұсқасын ұсынып көріңіз:
«Саған 10 мың емес, 5 мың бере аламын»
«Бүгін қолым бос емес. Киноға ертең барсақ қалай болады?»

«Жоқ» деп айтудың басты ережесі ол — өзіңді кінәлі сезінбеу!

Яғни, ақырын-ақырын осындай тәсілдермен бас тарту. «Жоқ» деп мүмкіндігінше жиі айту керек деп ойламаңыз. Егер сіз әрқашан және бәріне оңай бас тартсаңыз, сіз жалғыз қалуыңыз мүмкін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *