«Самұрық» әкелер мектебінің жұмысы

Г.Жусупова, Г.Қазиева — Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылы, Маржанбұлақ орта мектебі.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.

Маржанбұлақ орта мектебінде «Самұрық» әкелер мектебі құрылып, жоспарға сай өз жұмысын жүргізуде. Әкелер кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Балалар құқығы туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңы, Қазақстан Республикасының «Бала құқығы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу», мектеп Жарғысы мен ішкі тәртіп Ережелерін басшылыққа алады.

Негізгі мақсаты —  отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту және Әкелер кеңесі отбасылық жақсы тәрбиенің тәжірибесін насихаттайды, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру. Әкелер кеңесі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру. Әкелер кеңесі балалардың қоғамдық өміріне деген биімділігін жүзеге асырып оған әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, бос уақытты ұйымдастыруға ат салысады және тәртібі нашар оқушылармен жұмысты ұйымдастыру болып табылады. жүргізілген жұмыстарды атап айтар болсақ, оқушылардың денсаулықтарын сақтау жұмыстарына ықпал ету, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына тарту мақсатында ер балалармен кеңес беру дөңгелек үстелі өткізілді. Сонымен қатар, «Әке мен бала» отбасылық кітап оқу сайысы ұйымдастырылып өткізілді.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *