Көліктер

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас» 

Пән: Кіріктірілген. Сөйлеуді дамыту, қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру

Өтпелі тақырып: «Қыс»

Тақырыбы:  Көліктер

Мақсаты:

Білімділік: Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру,  аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорларын молайту

Дамытушылық: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу

Педагогикалық технология: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологияы, АКТ, ТРИЗ технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Кюзенер таяқшалары, АКТ, суреттер, Деньеш блоктары.

Әдіс-тәсілдері: қар кескіні, сұрақ-жауап әдісі, қайталау әдісі, практикалық әдіс,сыни ойдау, 4К моделі,

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық  кезеңі:

Балаларды ұйымдастырылған оқу қызметіне даярлау.

Балалармен көңілді бимен сәлемдесу

Тәрбиеші: -Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді «қар кесегі» ойынынан бастағым келеді. Сендерге қар атысып ойнаған ұнайды ма?

Балалар: -Иә, ұнайды.

Тәрбиеші: -Келіңдер барлығымыз бірге ойнайық.

-Балалар қарды ашып қарап көрейікші, ішінде не бар екен?

Балалар: -Автокөлік, автобус, поезд, кеме, ұшақ.

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар балалар, онда бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ? Ұйымдастырылған оқу қызметімізді басау үшін орнымызға отырамыз.

Тақтаға назар аударайық.

  1. Негізгі бөлімі

Видео «Көліктер» жайлы.

Тәрбиеші: -Балалар видеода не көрдіңдер?

-Қанша көліктер көрдіңдер.

-Мотоцикл әуеде ұшады ма?

Балалар: -Автобус, поезд, кеме, ұшақ.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: -Балалар бүгін бізге Алан мен Қозықа қонаққа келді.

Алан мен Қозықа: — Сәлеметсіздер ме балалар, бізге сендердің көмектерің керек.

Тақтаға назар аударылады. (Алан мен Қозықа аспаннан жұлдыз аққанын көріп оны тапқысы келеді және сол саяхаттарына балаларды шақырады)

Алан мен Қозықа: -Достар бізбен бірге Қазақстанның қалаларына жұлдызды іздеуге саяхатқа шығып, көмектескілерің келеді ме?

Тәрбиеші: -Алан мен Қозықа ал саяхатымызды қандай қаладан бастаймыз?

Алан мен Қозықа: -Өзіміздің Көкшетау қаламыздан бастайық. Бірақ достар қалай ойлайсыңдар Көкшетауға  қандай көлікпен барсақ болады? Қане барлығымыз бірге тандайық.

Балалар: -Автобус

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар!

Алан мен Қозықа:-Ал достар саяхатымызға аттанайық, бәрімізге сәт сапар тілеймін!

Алан мен Қозықа: — Көкшетау қаласының Бурабай  өлкесіне келдік достар.

— Қарап көрейікші жұлдыз бар ма екен?

Тәрбиеші: -Қанекей дұрбімен қарап көрейікші. Таудың үстінен қарайықшы.

Балалар: -Жоқ

Тәрбиеші: -Балалар Бурабайда еліктер көп, солардың бірі Бэмби. Содан сұрап көрейік.

Бэмби:  —Сәлеметсіздер ме балалар! Сендер не іздеп жүрсіңдер?

Балалар: -Біз жұлдыз іздеп жүрміз.

-Мен жұлдыздың қайда екенін білемін, менің тапсырмаларымды орындасаңыздар қайда  екенін айтамын.

Тәрбиеші: -Балалар Бэмбидің тапсырмасын орындаймыз ба?

Балалар: -Иә орындаймыз.

АКТ ойыны

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар! Қараңдар бізге жұлдыз қай қалада болуы мүмкін екенын көрсетті.

-Бұл қандай жер деп ойлайсыңдар?

Балалар: Каспий теңізі

Алан мен Қозықа: -Балалар Ақтау қаласына Каспий теңізіне қандай көлікпен баруымыз керек?

Балалар: —Поезд

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар.

Алан мен Қозықа: -Достар қараңдар Каспий теңізіне келдік. Судың астынан жұлдызды іздеп көрейік?

Балалар: -Жоқ

Тәрбиеші: -Бұл жерде де жоқ сияқты, бірақ бұнда алтын балық бар екен. Мүмкін ол бізге көмектесер.

Алтын балық:

Сәлеметсіңдер ме, жоқ балалар мен білмеймін, бірақ менде сиқырлы таяқшалар бар, ол таяқшалармен ұшақ құрастыру арқылы жұлдызды таба аласыңдар.

Алтын балық тапсырмасы.

Тәрбиеші:  -Балалар біраз шаршап қалған сияқтымыз,орнымыздан тұрайық біраз сергіп алайық.

Тәрбиеші:  -Балалар қараңдаршы төменде жылтыраған бір зат көрінеді, мүмкін бұл жұлдыз шығар.

Тәрбиеші: -Балалар қараңдаршы біз қайда келдік.

Балалар: -Астана қаласына

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар бұл біздің елордамыз Астана қаласы. Жұздыз осы жерге түсіпті ғой. Жұлдыз түскен жерге ерекше балабақша ашылыпты.

Алан мен Қозықа: Алаққай біз осы балабақшада қалайықшы.

Тәрбиеші: Алан мен Қозықа балабақшада қалуы үшін тапсырма орындауы қажет.

Нейро жаттығуы

Алан мен Қозықа: -Рахмет сендерге балалар.

Тәрбиеші: -Балалар біздің өзімізді балабақшамызға да кететін уақыт келген сияқты.

Алан мен Қозықа: -Сау болыңдар балалар.

  1. Қорытынды

Тәрбиеші: -Балалар бүгін бізге кімдер қонаққа келді?

-Біз не туралы әңгімелестік?

-Көліктің қандай түрлері бар?

Балалар: —Алан мен Қозықа

-Көліктер жайлы

-Суда жүзетін көліктер, әуе көліктері, жерде жүретін көліктер

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *