Бауырсақтың ізімен.

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімнің аты: Сенсорика
Сабақтың тақырыбы: Бауырсақтың ізімен.
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: балаларда бір-біріне сыйластық сезімдерін тәрбиелеу; әр уақытта көмекке келуге ұмтылдыру.
Білімділік: түстер, пішіндер туралы біліімдерін бекіту; ортақ белгілері бойынша пішіндерді топтастыру; заттарды салыстыра білу; кеңістікте дұрыс бағдарлай білу; байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық: ұсақ қол моторикасын дамыту; ес, зейін қабілеттерін дамыта беру.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Сәлем саған Алтын Күн! Сәлем саған Көк Аспан! Сәлем саған Жер-Ана! Сәлем бердік баршаңа!
Балалар дөңгелене тұрып бәрі бірге тұрады.
Ұйымдастыру — іздестіру II.Ғажайып сәт. -Балалар, мынау не? -Сандық ішінде не бар? -Бұл ертегі кітап қалай аталады? -Ертегі не туралы? -Бауырсақты көріп тұрсыңдар ма? -Көзімізді жұмайық! -1,2,3 енді ашыңдар! -Балалар, жерге қарайықшы. Ұзыннан-ұзақ іздер жатыр. Балалар бұл ненің іздері? Осы іздермен жүріп бауырсақты іздейік. Бауырсақ кімнен қашып кетті? (Бауырсақтың әнін айтады). -Ой, балалар, мынау ағаштың түбінде не отыр? Ол өте көңілсіз екен! -Сандық. -Кітап. -«Бауырсақ» ертегісі. -Бауырсақ туралы. -Жоқ. Көздерін жұмады. Жердегі іздерді көреді. -Бауырсақтың іздері.
-Мен атадан қашып кеттім,
Мен әжеден қашып кеттім.
-Қоян.

Қоянның қолында қағаз бар. Ол Бауырсақтың тапсырмасы екен. Кәне қоянмен бірге тапсырманы орындайық!Ойынның мақсаты: пішіндердің түрін, түсін атап білу. Ұқсастықты табу. Ойынның барысы: карточкадағы пішіндердің нобайына ұқсас пішіндерді қою. -Біздің қоянымыз қуанып қалды ғой!
-Әрі қарай іздермен жүре берейік! Әнімізді ұмытпайық! -Балалар, ағаштың түбінде не отыр?
-Қараңдаршы, қасқырымыз ашулы. Өйткені оның қарны аш! Оған дәмді, тәтті тағам керек. -Мына сиқырлы қораптан іздеп көрейік! Қаттылап шайқап алайықшы. Қолымызды сұғып бір-бірден алайық. Мақсаты: заттардың пішіні мен түсін ажыратып айтуға дағдыландыру. -Мынау қызыл дөңгелек дәрумен. -Қасқырымыз дәрумендерге тойып қалған сияқты көрінбей кетті ғой.
-Бауырсағымызды іздеуді жалғастырайық!
-Балалар, мынау не?
-Үйдің қасында не тұр?
-Сонда бұл үйшікте аю тұрады екен ғой!
-Кәне, аюдан бауырсақ қайда екенін сұрайық.
-Бауырсақ қайда екенін аю көрсетеді, егер біз онымен өте қызықты ойын ойнасақ. Кәне «Көңілді сабынды көпіршіктер» ойынын ойнайық.
-Аю, сендерге риза, балалар!
-Қараңдаршы анау бір ағаштың түбірінде нені көріп тұрсыңдар? Жақынырақ барайық.

Тапсырманы орындау.

-Мен атадан қашып кеттім, Мен әжеден қашып кеттім. -Қасқыр.

Бірге қорапты ұстап шайқайды.

-Мен атадан қашып кеттім, Мен әжеден қашып кеттім.

-Аю

Балалар аюмен ойнайды.
Рефликсифті — түзетушілік Қорытынды:
-Балалар бүгін біз не жайлы әңгімелестік? Не жайлы өттік?
-Ненің суретін құрастырдық? Балалар жауап береді

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: нанды қалай құрметтеп қастерлеу керекені туралы.
Болу керек: Нан туралы түсініктері мол болу керек
Істей білу керек: Тәрбиешінің айтқанын қайталау, дид/ойынды ойнау қолдарынан келу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *