Басқару менеджментінің корей және жапондық үлгісі

 

Басқарудың психологиясы тұлғаның қоғамда өзін дұрыс ұстауы мен басқарушылық және лидерлік қабілетін ұштастыруға атсалысатын бірден бір маңызды пән. Бүгінде басқару психологиясы сұранысқа ие әрі қоғам талабына сай, нақты қажетсінетін салаға кіріп отыр. Заман ағымына сәйкес даму аясында, бүгінгі күні Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Философия және саясаттану факультеті»
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Садыкова Назира Марғұшқызының бастауымен басқару психологиясы пәні өз жалғасын табуда. Қазақ Ұлттық Университетінің шығыстану мамандығы магистранттарына осы саланың қыр-сырын үйрену аясында біз тек басқарудың батыстық үлгісінен бөлек, шығыстық стиліне де ерекше тоқталып өтті. Осылайша жинаған білімімізбен бөлісу мақсатында бүгінде Корея мен Жапония сынды Қиыр шығыстың алпауыт мемлекеттерінің тұлғаны дамыту мен басқарушылық қасиеттерін ұштастыру үшін қолданатын амал-тәсілдерімен бөлісе өтудің келешек қазақстандық тұлғалардың бойында да болуы керек бір қасиет ретінде де көмегі тиеріне сөзсіз сеніммен бөлісуді дұрыс шешім деп таптық.                                                                                           Корея өзінің тәуелсіздігін алған сәттен бастап-ақ, елдің экономикалық және әлеуеттік сапасының көтерілуі үшін тынбай еңбек етіп ерекше жетістікке жете білді. Әрине, кез-келген істі дөңгелетіп алу үшін әрбір тұлғаның бойында қажетті басқарушылық және жауапкершіліктің болуы маңызды. Корей халқы өзінің басқару қабілетінің жоғары әрі ұжымдық қатынастарына тиянақты қарауының нәтижесін озық экономика мен білікті мамандарды тәрбилеумен байланыстырады. Сонымен қатар бұл елде басшы мен жұмысшы арасында арнайы этикеттің және кері байланыстың жоғарғы сапасы мен ұжымдық қатынастардың талапқа сай орындалуы жұмыскерлерді ынталандырып қана қоймай сапалы нәтижеге талпыну мен сол қоғамның дамуында бір із болып қалуды маңызды санауында. Басқаша дамыған елдер арасында әрбір ұйымның арасында белгіленген мақсатқа жету барысында конкуренцияның орын алуының жоғарғы сатысын корей және жапондық қоғамда ерекше байқауға болады, дегенмен мұндай қатынастарда олардың жаңа заманауи дағдыларды тез үйреніп, сапалы нәтижеге жетелейді. Осы сынды арнайы халықтар арасындағы тұлғааралық қатынастардың даму ерекшелігін біз «басқарудың психологиясы» атты сабақта толық түсінуге мүмкіндік аламыз.

Жапондық басқару стилі елге жеңіл автокөліктер мен жартылай өткізгіш микросхемалардың ірі өндірушісі болуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Жапония әлеуметтік саясат пен өмір сапасын бақылау саласында сөзсіз көшбасшы болып отыр. Дегенмен, бұл жай ғана ойластырылған жоғары деңгейдегі басқару емес.  Бұл қоғамдық және әлеуметтік дәстүрлерді қамтитын  шетелдік тәжірибені жапондардың өз ұлттық құндылықтарымен ұштастыру арқылы қол жеткізген басқару жүйесі болып табылады. Жапондық басқаруда басты назар адами қарым-қатынастарға аударылады – қызметкерлер арасындағы сенім, басшылыққа сенім, компаниядағы өзінің орны мен әріптестерінің орнын жақсы түсіну, іс-әрекеттерді дұрыс үйлестіру, жоғары моральдық ұстанымдар, т.с.с. Ұжымның өнімділігін арттыру әрбір жеке маманның өнімділігін арттыру арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін басшы қызметкердің мансаптық өсу жолын қамтамасыз ететін ынталандыру, шабыт беру секілді түрлі әдістерді қолданады. «Басты байлық – адами ресурстар» — бұл жапон басқару жүйесінің негізгі ұстанымы. Осы ұстанымның тиімділігін ондаған компаниялар, соның ішінде Mitsubishi Corporation, Toyota Tsusho, Honda Motor Co сияқты алпауыт компаниялар дәлелдеді.

Жоғарыда аталған корей және жапон басқару стилінен бөлек, сол елдердегі ұжымдық қарым-қатынастар, коммуникативті жағдаяттар мен мотивациялық аспектілер сынды тақырыптары жайлы «басқару психологиясы» пәні арқылы егжей-тегжейлі оқып үйрене аламыз.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті магистранттары

Қалиева Гүлден, Орынбаева Бибигүл

Вам может также понравиться...

комментария 2

  1. Диана:

    Қызықты ақпарат екен👏 Пайдалы болды! Жарайсыздар

  2. Нұржанар:

    Басқарудағы корей және жапондық үлгінің қандай екендігі жайлы біраз ақпарат ала алдым. Шыныменде қызық екен. Рахмет .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *