Шығармашылық.Сурет салу.»Бұлт күнді жапты»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Бұлт күнді жапты.

Мақсаты: Баларды күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктеріне бақылау жасауға үйрету. Күннің бетін аспанда қалқып жүрген бұлттардың қалқалаған суретін дөңгелек және сопақша пішінде сала білуге дағдыландыру. Табиғатты сүйе білуге, қастерлеуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, көркемсөз жазбасы.

Қажетті құрал жабдықтар: сурет дәптері, көгілдір және сұр түсті гуашь, қылқалам.

Сөздік жұмыс: сұр бұлт, қаптайды.

                                       

Іс -әрекет кезеңдері Педагогтің іс -әрекеті Балалардың  іс әрекеті
Мотива

циялық- қозғаушылық

Күз келді қарашы
Жауын нұрын шашты
Күзге біз айтамыз
Төрлет алтын күз!
-Балалар өлең не жайлы? Күзде күннің жиі бұлттанатынына балалардың назарын аударады.

Сөздік жұмыс.

 

 

Иллюстрациялық суреттерді көрсетіп, күз мезгілінде табиғатта болатын ерекшеліктер туралы әңгімелеседі.

-Күз мезгілінде аспанды бұлт қаптайды, осы бұлттардың суретін салыңдар.

Балалар өлең шумақтарды тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

«Сұр бұлт», «ақша бұлт» деген сөздерді бірнеше рет қайталап жаттығады.

Суреттерді көріп, күзде ағаштардың жапрақтары түсіп, айнала сары алтындай болып жататынын, аспанда көп бұлттар болатындығын айтады. Бұлттар жаз мезгіліндегідей көгілдір түсті емес, сұр, көк түсті болатындығын айтады.

Ұйымдастыру

шылық- ізденістік

Сергіту сәті: «Қуырмаш»

Бас-бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Балалар алдарыңда күннің суреті салынған қағаз тұр. Осы күннің бетін бұлт жауып тұрған сюжетті сурет салу керектігінайтады.

Сұр және көгілдір түсті гуаштар езіліп, соны қылқаламмен мол қылып алып, тамшылату әдісімен бұлттарды салу әдісін айтады.

 

 

 

 

Суретті салып болғаннан кейін тыныс алу жаттығуын жасайды.

 

 

Сергіту сәтін жасайды. Өлең жолдарын қимылмен қайталап көрсетеді.

 

 

 

Балалар қылқаламды оң қолдарына ұстап, қағаздың кез келген жеріне гуашты қоялатып, тамшылатады. Тамған тамшыны дереу айландырып бояу барысында үстінен басып дөңгелек немесе сопақша бұлттарға ұқсатып салады. Түстерді пайдаланған сайын, қылқаламды сумен жуып, шүберекке сүртіп отырды. Мұрнымен терең дем алып, жаңбырдың иісін иіскеп, аузымен ақырындап шығарады.

Рефлек

сиялық- түзету

шілік

Бүгін сендер нағыз сұр бұлтты немесе түсі суықбұлтты салдық деп ойлайсыңдар ма?

Педагог балаларды бұлттарды әдемі, таза салғандары үшін мадақтайды.

Балалар бір – бірлерінің суреттерін көріп, тамашалайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі табиғаттағы ерекшеліктерді.

Игереді: күн де, бұлт та аспанда болатындығын.

Меңгереді: тамшыны дөңгелекке, сопақшаға ұқсатып, айландырып бояуды.

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *