Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Журналистика көптеген ғасырлар бойы қоғамдық өмірдің өте маңызды аспектісі болды және қазіргі ақпарат ғасырында ол адам өміріндегі ең маңызды рөл атқарады.
Журналистік мамандық басқа да кейбір мамандықтар сияқты қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. XXI ғасырда баспасөз бен журналистік қызметтің бостандығы ең маңызды проблемалардың бірі болып отыр.Журналистика қызметінің бостандығының проблемалары аз емес.Оларды шешуіміз керек.Әлемдегі елдердің төрттен бір бөлігінде сөз еркіндегі жоқ.Өкінішке қарай,ол қатарға Қазақстанда кіреді. Оның ішінде журналистика мамандығы… Журналистика мамандығы оңай емес. саясаткер-журналист Қуаныш Сұлтанов: «Сөз бостандығы — рухани бостандықтың қайнар бұлағы, адамзаттың қажымай-талмай ізденіп келе жатқан құндылығы. Сөз бостандығының ең беделді көрсеткіші — елдегі БАҚ-тың тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты. БАҚ — бүгінгі қоғамның көрнекті әрі тікелей қоғамдық дүниетанымының қалыптасуына әсер ететін, кейде соны тікелей қалыптастыратын ұтқыр құрал» — деген ойда.
Әр салада белгілі бір шектеулер,ережелер болады.Яғни,журналисттер не айтып,не жазғандарына жауапты.Сол себепті,әрбір айтылған сөздеріне мұқият болып,жауап беру керек. Сонымен қатар,журналист-ащы шындықты айтатын адам.Осы салдардан көптеген журналисттер шегарадан асып жатады. Нағыз журналист-фактпен сөйлеп,халықты шынайы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Сөз бостандығы журналистің жауапкершілігі мен біліктілігін болжайды. БАҚ еркіндігінің тереңдігі туралы әртүрлі пікірлер болуы мүмкін, бірақ ең алдымен бұл жауапкершілік пен біліктілікті болжайды. Журналистің басты парызы – шындықты айту.Қорыта келе,журналист мамандығы-өмірдегі ең мәртебелі, қиын да қызық мамандық.

Орындаған: Тулепбергенова Амина

Жетекші: Әлміш Жадыра

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *