Тәуелсіздік туралы мақала

Қазақстан Республикасы зайырлы, өз алдына жеке ел болған мемлекет. Қазақтың бақ-берекесі, жөн жоралғысы, дәстүр-салты бәрі-бәрі өзінше тарих. Ал қаймағы бұзылмаған қазағымыздың тәуелсіздігі жайлы тарихы, сол кезеңде болған оқиғасы мүлдем ерекше.
Біздің тәуелсіздігімізді, осылай зайырлы мемлекет болып жүргенімізді бірі білсе, бірі білместе шығар… Алайда білімді әрі тұғырлы қоғамның жас ұрпақтары тәуелсізгіміздің қандай қиыншылықпен, қандай ауыртпашылықпен келгені туралы білетіні анық.
20 ғасырдың соңғы жылдары болатын… Яғни 1986 жылы бәрі бейқам, енді аяққа тұрып келе жатқан қазағымыздың басына кенеттен қара бұлт үйірілді. Қара бұлттың басты әрі бірден-бір себепкері Колбин. Колбин ол басқа мемлекеттің, яғни Ресей елінің азаматы. Сол өзге елдің өкілі біздің жерімізде өз өкілеттілігін жүргізгісі келді. Сүйтіп бізді Ресейге қосып, кең байтақ жерімізді иемденіп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған күнімізді бұзып, алауызсыз, кемелдене көркейіп келе жатқан келешегімізге өз кесірлерін тигізгісі келді. Бұл тек Колбинның ғана емес, Ресей Федерациясының жүзеге асырамыз деген жоспары болғаны сөзсіз. Ал бұл сұрапыл соғыстың, келеңсіз қақтығыстардың, қайғылы күндермен, ұйқысыз түндерге тосқауыл болған әрине біздің нар тұлғалы намысшыл жастарымыз(аға мен әпкелеріміз). Атап айтар болсақ Қайрат ағамыздың қайратты рухы, Ербол ағамыздың ерен еңбегі мен ерлігі, Сабина әпкеміздің сағы сынбай соққы беруі, Ләззат әпкеміздің лала гүлі ашылмаса да, лаулап, жануы. Басқа да майданның алдыңғы шебінде жүріп, желтоқсанның желіне жүрексінбей қарсы тұрған жандар жетерлік. “Колбин далой” деп ұрандатып, өздерінің қайсарлығын көрсеткен азаматтар мен азаматшаларымыз біздің қандай жігерлі, қандай арлы да өз еліне адал екенін дәлелдеді! Бұл орны толмас қайғылы оқиғаны өз еліміз ғана емес, басқа мемлекетте естіп, құлақдар болғаны анық. Ал сол оқиғадан кейін басқа елдерде бізге қаймыға қарап тұрады. Ол әрине, біздің кірпік қақпай, өз Отанында бодан болғысы келмеген, қыршынынан қиылса да қазақ жерін аман сақтап қалуы үшін қымсынбай қарсы тұрған аға-әпкелеріміздің ерен еңбегі мен ауыз толтырып айтар ерлігі. Болашағымыздың жарқын болуы, батыр бабаларымыздың барынша қақпамызға қорған болуы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы да мәңгілік болсын!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *