Жоғарғы оқу орындарының ертеңі

Қазақстанда бар 132 жоғары оқу орнының 65-і жекеменшік. Халық арасында университеттерді қысқарту жұмысы алдымен жекеменшік ЖОО-лардан басталатыны туралы болжам бар. Негізі, бұл тұжырымның жаны бар. Мектеп оқушылары арасында жақсы көрсеткіш көрсеткен түлектер жеке оқу орынын таңдайды ма жоқ әлде мемлекеттік пе? Жауабы айдан анық. Демек, жеке университеттер арасында қорқыныштың болуында негіз бар.

Жекеменшік ЖОО-лар арасында рейтинг бойынша алда келе жатқан М.С.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ ректоры Талғат Мақсұтұлы — «18 миллион халыққа 130-дан аса ЖОО тым көп, сондықтан қалайда қысқарту керек деген пікір айтады. Жалпы жоғары оқу орындарын қыскарту мәселесінде қай бағытты ұстанған дұрыс? Мәселен жекеменшік бола тұра, мемлекеттік университеттерден жоғары білім сапасын көрсетіп жүрген жоғары оқу орындары да бар.  Дәлел ретінде келтіре кетейік, «Қазақстанның үздік гуманитарлық-экономикалық ЖОО ұлттық рейтингі – 2019» аталымында жоғары көрсеткіштерді иеленген «Болашақ» Қарағанды академиясы, «Тұран-Астана» университеті — жекеменшік жоғарғы оқу орындары. Сонда сапасына емес, статусына қарай қысқарту орынды ма? Қарапайым мысал ретінде Сүлеймен Демирел атындағы университетінің көрсеткіші — Қазақ ұлттық университетінің көрсеткішімен теңдес деуге келеді.

Осы мәселе жайлы министр Асхат Аймағамбетов: «Қазір Президенттің Жолдаудағы тапсырмасына сәйкес арнайы тексерістер жүргізіліп жатыр. Бір нәрсе анық: біздің алдымызда осыншама ЖОО-ны жабу туралы қатып қалған меже жоқ. Басты талап – сапалы білім. Сол үдеден шыққаны қалады, қалғаны қысқарады» — Деген мәлімдеме жасады.

Жалпылай алғанда жоғарғы оқу орындарының қысқартылуы — сапасына байланысты болуы шарт. Әйтсе жақсы білім беруші оқу орындарын бекерге жауып тасталуы мүмкін. Анығында, нағыз әлсізді анықтау күрделі тексерісті және лайықты зерттеуді талап етеді. Қысқарту қалай жүргізілсе де, әділдікпен жүргізілгені дұрыс.

 

 

 

Орындаған: Айтқали Е.

Тексерген: Әлміш Ж. Т.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *