Махаббат қызық мол жылдар

Махаббат – кіршіксіз пәк сезім. Тыныш жатқан жүректі махаббат оты келіп селт еткен кезде, көзіңнің нұрны кіріп, тулаған аттай толқисың. Ғашықтық сезімін шексіз суреттеуге болады. Ақын, жазушылар қаншама өлең жолдары мен романдар жазған. Махаббат тек екі ғашықтың арасындағы сезім емес. Отбасыға, отанға деген махаббат, ана мен бала арасындағы махаббат болады. Кез келген жүрегіңнен ойып тұрып орын алған құбылысты махаббатқа теңеуге болады. Барлық сезімді ұштастыра білген, шынайы махаббаттың көрінісін көрсеткен Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабы. Бірін-бірі шынайы, кіршіксіз сүйген Ербол мен Меңтайдың оқиғасы суреттеледі.
«Махаббат қызық мол жылдар» кітабы қаншама мың оқырман жүрегін жаулады. Оқырмандардың жас мөлшерінде шектеу болмады. Мектептің жоғарғы сынып оқушыларынан бастап,студенттенр,ересек адамдар, қарт кісілер де оқыды. Бұл Ә.Нұршайықовтың танымал болған алғашқы басылымы еді.
Кітап мазмұны соғыс кезеңінен кейінгі өмірді суреттейді. Ербол – шығарманың басты кейіпкері,өте сабырлы,ақылды,тарбиелі,адал,ұяң жігіт. Меңтай – шығарманың негізгі кейіпкері, тарбиелі,ақылды, өзгелерге ұқсамайтын ерекше мінезді қыз. Ербол мен Меңтайдың сүттей аппақ,судай таза махаббатын бейнелейді. Олардың қосылу жолындағы қиыншылықтары, басынан өткерген сәттері өте қызықты. Аз да болса кіршіксіз шынайы сезімнің дәмін татып қалады. Сонымен қатар Отанға деген,анаға,балаға деген махаббат көрініс табады.
Кітаптан елең ететін әсер қалдыратын сәттері өте көп. Соның бірі, Ерболдың қыздарға деген сыйластығы және оларды сөзбен суреттеуі. Ербол өте ұяң жігіт болғандықтан оған қыз баласымен сөйлесу қиын болды. Төрт жыл бойы қолына қару алып шайқасқанының әсері де бар. Алайда бір көргеннен жүрегіне белгі бергізген ару ол – Меңтай. Алғаш көрген сәттен бастап оның бойынан өзгелерге ұқсамайтын ерекшелікті байқайды. Әскер шебінде жүрген жауынгерлер өз елінде жанын шүберекке түйіп күтіп отқан анасы мен жарларын ұмытпаған. Бұл ер азаматтардың айел адамымен тығыз байланысында деп ұқтым.
Кітап парақтарын оқи отыра тура сол заманға тап болғандай күйде боласың. Соғыстан кейінгі адамдар тіршілігі, коғам тынысы суреттелген. Бұл кітапты оқи отыра қалайша таңның атып кештің батқанын байқамайсың. Қазіргі заманнан шынайы махаббатты жоғалтып алғандарға немесе махаббат дәмін сезіп көргім келеді деген жандарға оқуға кеңес беретін алғашқы кітап ол – «Махаббат қызық мол жылдар».

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.