Ер есімі Ел Есімде

Полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың жасаған көзсіз ерлігін болашақ ұрпақтыңесінде мәңгі сақтау үшін қанды оқиға орын алған Тараз қаласындағы Қазыбек би көшесі бойына Мемориалдық тақта орнатылды. Батыр тұрған үйге ескерткіш белгі қойылды. Жыл сайын батырдың есімін ардақтап, туған күнінде және қайғылы оқиға болған күнде оған құрмет көрсетіп, тағзым ететін шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Сыныптас достарының айтуынша Ғазиз тәртіп сақшысы болуды бала күнінен армандаған. Мектептегі мерекелерде анасына милиционер киімін тігіп беруді өтінеді екен.

1993 жылы Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасы уақытша ұстау изоляторында алғашқы қызметтік жолын бастаған Ғазиз үш жылдан соң жол полициясы инспекторлығына өтеді. Табысты қызметі мен нәтижелі жұмысының арқасында 2010 жылы облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы бөлімшесінің взвод командирі болып тағайындалады.Ал «…негізі, МАИ қызметкерлерінің жұмысы ауыр екенін мен жақсы білемін. Әкем сол салада ұзақ жыл еңбек еткен. Қандай жағдай болсын, МАИ қызметкерлері бірінші жетеді. Сол күні Арманжанымның шашын қырықтыруға орталыққа гастроном жаққа бара жатқанмын. Жол полициясының көліктері көшеде дабылдатқыштарын қосып, сол жаққа қарай, ағыла бастаған соң, Ғазизге қоңырау соғып едім: «Тез, кері қайт, көшеде қауіпті қылмыскер жүр» деді. Арада он минут өткенде қайта қоңырау шалғанымда телефоны сөндірулі болды. Сол сәтте бір жағдай болғанын сездім. Жаман ойдан аулақ болғым келгенімен, ол жерге бірінші болып Ғазиздің жететініне сенімді едім», – деп сыр шертеді батырдың жары Гүлжамал Тәжиева. Артында қалған қос құлыны әкелерінің ерлігімен мақтанып, азамат болып өсері анық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *