Менің мамандығым қандай?

МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ ҚАНДАЙ?

Біздің елде ғана емес, бүкіл әлем үшін дін мәселесі өте актуалды тақырып.

Дүние жүзінде интернет желісі арқылы таралатын жат ағымдар мен қате көзқарастар елдің,адамзаттың болашағына нұсқан келтіреді. Ал исламтану және дінтану мамандары ондай проблемаларды шешетін, болашағы зор мамандықтар.

Ал енді көбісі теолог, дінтану мамандықтарынан хабары бар, бірақ, «Исламтанушы?» деп таңғалып қалады. Мен өзім Исламтану мамандығының 2-курсын ақтадым. « Исламтану деген қандай мамандық? Қайда жұмыс істеуге болады?», деген сұрақтарды жиі естимін. Ол туралы айтар болсам, Исламтану – ислам , оның қағидаларын, тарихын, мəдениетін, мұсылман халықтарының құқықтарын оқытады.Ал Исламтанушы- ислам туралы, рухани құндылықтар мен оның ізбасарларының нұсқауларымен танысады. Ислам ғалымдары сонымен бірге мұсылман халықтарының мәдениетін, тарихын, тілдерін зерттейді. Исламтану мамандығын бітірген келесі мекемелерде қызмет атқара алады: Қазақстан Республикасы қалаларының және облыстарының әкімдіктері – Дін істері жөніндегі басқармасы; Халал стандарттау; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты және т.б . Яғни, осыдан біз қоғам үшін Исламтану мамандығының аса жоғары роль ойнайтынын білеміз.

Исламтану мамандығын даярлау еліміздің бірнеше медреселерінде, сонымен бірге ЖОО- ларда жүзеге асырылады. Соның бірі- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде. Оның Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Дінтану», «Мәдениеттану» және «Исламтану» мамандықтары бойынша кадрлар дайындайды. Кафедра бағдарламалары студенттің шығармашылық ойлау қабілетін жоғарылатуға бағытталған, ақпаратты жаңа сапалы деңгейде алуға, педагогтар таңдаған мамандықтарыңызды жете меңгеруге көмектеседі. Кәсіби және интеллектуалды, мәдени тұрғыда шыңдалуға, өзіңіздің талантыңызды ашуға; әлеуметтік өзгерістерге бейімделу дағдыларын үйреніп, мінез-құлықтың позитивті үлгілерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Сізде сұранысқа ие жас мамандықтың білікті маманы болғыңыз келсе, біліммен қатар рухани азық жинағыңыз келсе, осы орайда сізді ҚазҰУ-дың «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасына оқуға шақырамыз!

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.