Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы

Түркістан облысы Арыс қаласы                                                                                                                                                                                          С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып  мұғалімі

Салимбекова Сабира Датхаевна

 

Сабақтың  тақырыбы: Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы

 

Мақсаты:

  1. Бала тәрбиесіндегі  ата-ананың алатын  орнының ерекше  екендігін  түсіндіру.
  2. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі  ананың  ақ сүтімен, әже  өнегесімен, ата  ақылымен  берілетіндігін, өзіндік  ұлттық  қасиетімізді  балалардың  бойына  дарыту.
  3. Отбасы  мүшелерінің арасындағы  бауырмалдық , қайырымдылық, достық  қарым-қатынасты  қалыптастыру, үлкенді  сыйлауға, кішіге  қамқорлық  жасауға, сыпайы ілтипатты  болуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, қабырға  газеттері, қанатты  сөздер, оқушы  партфолиосы.

Барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе сөз.

Құрметті  ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін  біз  «Тәрбиенің  ең  тамаша  мектебі-отбасы»  тақырыбындағы  тәрбие  сағатында  бала  тәрбиесі, оның  зорлық-зомбылықсыз жан-жақты  дамуы жайында өз  ойымызды  ортаға  салмақпыз.  Отбасы-адам баласының  түп  қазығы,  алтын  ұясы. Адам  баласы  шыр  етіп  дүниеге  келген күннен бастап  сол  ортаның  ыстық-суығына  бейімделіп, ықпалына  көніп,  осында  ер  жетеді. Әке-шаңырақ  иесі. Отбасы  мүшелерінің   жауапкершілігі  толығымен  ер-азаматқа  жүктеледі.  Ана-отбасының  ұйтқысы. Баланы өсіріп  тәрбиелеу –ананың  тікелей  міндеті. Әке мен ана –отбасында  баланы  әлеуметтендіретін  басты  тұлғалар.  «Бала  тәрбиесі-бір  өнер, өнер  болғанда   ауыр  өнер,  жеке  бір ғылым  иесі  болуды  тілейтін  өнер.  Баланы  дұрыс тәрбиелеу  үшін әркімнің  өз  тәжірибесі  жетпейді.  Басқа  адамдардың тәжірибесімен  танысу  керек»,-  деп қазақтың  ұлы  ақыны,ағартушысы  Мағжан  Жұмабаев  дәл  тауып  айтқан. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.

 

Әкең-қазақ, шешең –қазақ, қарағым,

Сен де  ұлысың мынау  дархан  даланың.

Әр  халықта  ұлттық  намыс  деген  бар,

Оны  биік  қасиет деп  санағын,-дегендей

1-оқушы: Бағжан

Ақ жаулығың  қымбат  маған  анашым,

Тірегімсің, сүйенішім,  панамсың.

Шапағатың  сәуле  болып  төгілген,

Ақылы  мол, мейірімді  данасың.

Өзгелерден  мен  үшін  сен  дарасың,

Береке  отын  шаңыраққа  жэағасың.

Ақ  шашыңның  әр  талынан  белгілі,

Асыл  ана  сан  ойлаған  баласын.

2–оқушы: Еркенұр

Мейіріміңнен алтын  сәуле  шашылған,

Жүрегіңнен  жомарт тық  та  табылған.

Көкірегің  аппақ  қардай  тап-таза,

Парасатты, сен  данышпан,  асыл  жан.

Өрнек  тапқан  өмір  сыры  жүзіңнен,

Асыл  ізет,  өнеге  боп  төгілген.

Ақ  сүтіңді  аққтағаным  болар  ед,

Өз  орнымды  таба  білсем  өмірден.

 

3–оқушы: Жасмина

Құрметтейік,  о, адамдар, аналарды,

Бізді  өмірге  әкелген  даналарды.

Себебі  ана  деген  асыл  жан ғой,

Ойлауменен  істелік  әр  қадамды.

 

4-оқушы: Сабина

Бір  сөз  айтсаң  жақсыға,

Аталы  сөзге  тоқтайды.

Бір  сөз  айтсаң  жаманға,

Өмірінде  ұқпайды.

Надандықтың  белгісі-

Өзін-өзі  мақтайды.

 

5-оқушы: Қаржыкелді

Әділ  төре  ел  бастар,

Батыр  жігіт  жау  бастар.

Аға  жігіт  қол  бастар,

Шешен  адам   сөз  бастар.

Бір  жақсымен  дос  болсаң,

Азбас,  тозбас  мүлкі  етер.

Бір  жаманмен  дос  болсаң,

Күндердің  күні  болғанда

Бүкіл  ғаламға  күлкі  етер.

6-оқушы Айдос

Халқымызға  билік  айтар  даналар,

Даналардың  бәрі  анадан  жаралар.

Жүрегіңнің  бір  бөлшегі  бала  үшін

Сізден  жақын  адам  бар ма, аналар!

Балаға  ең  жақыны  сіз ғой,  ана,

Сіздің  ыстық  құшағыңыз  бізге  пана,

Сіздерге  теңестірер  еш  нәрсе  жоқ,

Теңесе  алар  бірақ  нәрсе –Отан ғана.

7қушы: Жаннұр

Халқымыз «Жігіт  сегіз  қырлы,бір  сырлы»  болсын  деген.  Мұның  түп-төркіні- жігіт  барлық  жерде  де әр  қырымен  танылып, бірақ  оның  сыры  біреу  ғана болсын деген  сөз.

Жақсы  бол  жігіт  болсаң  ел  көргендей,

Досыңа  қысылғанда  дем  бергендей.

Пайдаңды  жақсы  болсаң  тигіз  көпке,

Тұйғынға  қапастағы  жем  бергендей.

Жігіт  бол  жігіт  болсаң  бұлғақтамай,

Орынсыз  сөз  сөйлеме  жын  қаққандай.

Еліңе  жақсы  істі  жаса  әуелі

Халыққа  көңіл  бөліп  тыңдатқандай.

8-оқушы: Көркем

Адамның  тоғыз  жауы  бар.

Басты  жауың — жалқаулық сорлататын  жаныңды,

Осалдығың-аңқаулық  соқтыратын  саныңды

Жасқаншақ  болсаң  ұры  алар  қорадағы  малыңды,

Жалатқызбас  жасықтығың  аузыңдағы  балыңды.

Өтірік  айтсаң  өңмеңдеп жоғалтасың  арыңды,

Өсек  терсең  телмеңдеп  суға  кетірер  салыңды

Көпірме  босқа мақтан ғып  түкке  тұрмас  барыңды,

Көрінгенге  жалақтапбола  алмайсың  жағымды.

Біреуді  арбап алдаумен   аша  алмайсың  бағыңды.

Қортынды.

Жақсыдан  жаман  туады

Бір  аяқ  асқа  алғысыз

Жаманнан  жақсы  туады

Адам  айтса  нанғысыз.

Отбасы –адамзат  бесігін  тербеткен  баланың  бас  ұстазы.  Ұлтымызда  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»  деген  дана  сөз  бар. «Балапан  қыран  болып  ұшу  үшін,  оны  самғатып  ұшыратын  ата  немесе  әке  де  қыран  болу  керек»  деп  отбасылық  тәрбиеге  ерекше  тоқталған.

Оқушыда  сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.

Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.

Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру. Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.

Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар).

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *