«Киім дүкені»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Киім дүкені»

Мақсаты:

Білімділік: балаларды киім дүкенімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық: бір-екі сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу түрлерін дамыту;

Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ұл бала мен қыз бала бейнеленген сурет, қуыршақтың киімдері.

Сөздік жұмыс: киім.

Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-

қозғаушылық Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады. -Әдемі бол, жақсы бол, үлкен бол, ақылды бол! Суретке көңіл аударып, ұл баланың киімдерін және қыз баланың киімдерін атайды. Ұл балада қандай, қыз балада қандай киім болатынын ажыратады. -Балалар, қане, бәріміз үстіміздегі киімдердің аттарын атайықшы. Балалар тәрбиешінің көмегімен жақсы сөздер айтады. Суретке қызығушылық танытады. Балалар үстіндегі киімдерді қуанышпен жарыса айтуға тырысады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік Балаларға қуыршақтар таратып беріп, бүгін киімдер дүкеніне баратынын айтады. «Киімдер дүкенінен» қуыршақтарына киім сатып әперулерін өтінеді. Балалар дүкенге келіп; -Мен мына киімді аламын,-деп сатып алады. Қандай киім сатып алғанын, оны не себепті алғанын және түстері туралы әңгімелейді. Балаларды сұраққа жауап беруге, әңгімелесуге тартады. Балалар қуыршақтарға және дүкенге баратындарына қуаныш танытады. -Мен көйлек кигіземін, себебі қуыршағымыз қыз бала.Көйлегі әдемі. -Мен шалбар кигіземін,

Сергіту сәті. Бір, екі, үш деп, Алақанды соғамыз. Жоғары-төмен қараймыз, Орнымызды табамыз. Дидактикалық ойын «Бұл не?» Шарты: киімдердің суреттерін көрсетеді. өйткені менің қуыршағым ұл бала. Осылайша қандай киім алғанын, қандай киім кигізетінін, аттарын, түстерін әңгімелеуге тырысады. Қимыл-қозғалыстармен орындайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік Балаларға сөйлеуге, тіл байлықтарын дамытуға көмектеседі. Әңгімелеуге талпынғандарын бағалайды. Балалар сөйлеп үйренеді.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: киімді сипаттай алуды;

Игереді: жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды;

Меңгереді: 2-3сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *