Информатика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Информатика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Байтубетова Гульнур Нурсултановна
Ақтөбе қаласы, №51 гимназияның

 информатика пәні мұғалімі

Қазіргі уақытта даму барлық салада үздіксіз болу тиіс. Дамудың негізі білім мен ғылымда екені баршамызға аян. Дамыған қай елде болсын білім, ғылым   бірінші   орынға   қойған.   Білім   берудің   ең   негізгі   кіндік   мәселесі адамды   жан   –   жақты   етіп   тұлғаландыру   мен   жетілдіре   өсіріп   өркендету.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
-шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым;

Әруақытта   оқушылардың   сыни   ойлауын   дамыту   мен   сындарлы   көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа аламын.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн. Сонымен өзімнің іс-тәжірибемде сыни тұрғыда оилау нәтижесіне жету үшін, мен ең алдымен балдардың ой өрісін дамытатын әдіс тәсілдерді қолданамын,олар балдардың өз ойын ашық айтуға,өз пікірімен бөлісуге,топтық жұмыс жасай алуына көмектеседі.

Олар мыналар: Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:
«V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді,сұрағым бар.
Мұнда оқушылар сабақ ортасында немесе,соңында сабақ барысының өзіне түсінікті болғанын кестені толтыру арқылы білдіреді,топтық түрдеде жасаса болады.

Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.

«Болжам» стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.
Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сөзсіз.

 

«Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.
«Әңгіме» стратегиясы. Өзіне — өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.
Технологияны оқытуда басқа да стратегиялар белгілі:

Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:
— мотивацияның артуы;
— дербес іс — әрекеттің артуы;
— ойлаудың белсенді болуы;
— оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан — жақты дамуы;
— логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптасады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.