Аулаға ұшып келетің құстарды бақылау

Сарсембаева Арайлым Талғатқызы

Мақсаты: балаларға құстар туралы түсінік беру, есте сақтау қабілетін жетілдіру. Балалардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, құстар туралы білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Құстарға сүйіспеншілікпен және ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Еңбек: Құрғақ шөпті тырмамен жинау
Қ/О: «Күн мен түн»
Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу. Қауіпсіздік ережесін сақтауларын қадағалау.
балалар өз қызығушылықтары бойынша еркін ойын таңдау және өзара қарым -қатынас қалыптастыру

Серуен№2

Бұлтты бақылау
Мақсаты: Балаларға бұлттың неге ұқсайтынын қай бағытқа көшіп жатқанын бақылатып әңгімелеу.
Еңбек: Ауладағы шашылған ағаш бұтақтарын жинату.
Балалармен жеке жұмыс: «Бұлт» Қ. Әлімқұлов
Түрленді дала, бау- бақша
Құлпыра қалды тау жақта
Қара бұлтты жел қуып
Жөкеп берді аулаққа
Қимылды ойындар: «Ақ қоян», «Күзгі тіршілік»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын әрекеттері

 

 

 

Серуен №3
Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Жапырақтардың ағаштардан қалай түскенін бақылап, әдемі жапырақтардың айналаға қалай сән беріп тұрғанын әңгімелету.
Еңбек: Шашылған жапыр

ақтарды ұшып келген қағаз қалдықтарын жинау.
Балалармен жеке жұмыс: Ертегі оқып беру
«Ағаштар ұйықтайма?»
Қимылды ойындар: Тақия тастамақ
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Серуен№4
Құстарды бақылау.
Мақсаты: Құстар туралы жалпы мағлұматтар беру. Жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы
түсінік беру. Қандай құстарды білесіңдер? Құстар немен қоректенеді? Жылы жаққа ұшып кететін құстарды білесіңдер ме? Құстардың жазғы тіршілігі қандай? Құстардың қандай түрлерін білесіңдер? Құстар қандай дыбыс шығарады?
Тақпақ жаттау:
Бөдене, бөдене,
Бұғып қалып көдеге,
Ұстатпайды қусам да,
Тойғызар ем бедеге.
Қимылды ойын: «Ұшты — ұшты»
Мақсаты: Балаларды ұшатын заттар мен ұшпайтын заттарды ажырата білуге үйрету.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға ұшатын құс, әуе көлік атауларын, сонымен қатар кез келген атауларды атайды. Егер олар ұшатын болса құс қанатын қағып қимыл көрсетеді. Ал, егер ұшпайтын зат атауын атаса, онда қолдарын қимылдатпайды. Егер керісінше ұшатын затта қимылдатпай, ұшпайтын затта қимылдатса, бала ойыннан шығарылады.
Мысалы: Ұшты — ұшты, ұшақ ұшты – десе, қолдарын қимылдатады.
Ұшты — ұшты, кітап ұшты – десе, қолдарын қимылдатпайды.
Еңбек: Ауланы сыпыру
Мақсаты: Ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрету.
Керекті құралдар: Сыпырғыш, күрекше, қорапша.
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Қазан
Серуен №1
Күз мезгілінде желді бақылау
Мақсаты: Күз мезгіліндегі желдің салқын болатынын айту. Балалардың тілін дамыту, әңгімелеу арқылы.
Жел туралы мәлімет беру:Желдің күшін өсімдіктердің қозғалысына қарап анықтауды үйрету (күшті, әлсіз; әлсіз жел жапырақты ақырын тербетеді, түсіп жатқан жапырақты сәл ғана жылжытады; күшті жел – ірі бұтақтарды шайқалтады, ағаштардың жапырақтарын жұлады). Өлі табиғат құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелеу, балалардың ақыл – ой, тіл белсенділігін дамыту
Еңбек: Жапырақтарды жинау.
Мақсаты: Балалардың бірлесіп жұмыс жасауға баулу, бастаған істерін аяғына дейін тыңғылықты жасауға үйрету.
Ойын: «Тез жет».
Мақсаты: Қос аяқпен секіруге үйрету.Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Өзіндік іс-әрекет. Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
Серуен №2
Аспанды бақылау.
Мақсаты:
Табиғаттың басқа құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру.
Аспанға қарап,ауа райын болжай алуға үйрету.
Бақылау барысы:
Балалар,қараңдаршы аспан қандай? (таза,ашық). Ендеше ауа райы жылы,ашық. Ал егер аспанды қара бұлт басса,онда қандай ауа райы болады? (бұлтты) Ал егер жел соқса,бұлттар не істейді? (Жел оларды айдап әкетеді)
Екпіні қатты самалдан
Тұрғандай есіп жел алдан
Ағаштар қозғап бұтағын
Иеді басын бұтақтың
Еңбек әрекеті:
Ауладағы,жолдағы қарды тазалау
Мақсаты:
Келісе отырып,еңбектенуге үйрету.
Қимыл қозғалыс ойыны:
«Ұшақты қуып жет»
Мақсаты:
Тәрбиешінің белгісі бойынша,артқа қарамай шапшаң жүгіру.
Шығарылатын материал:
Күрекшелер,шелектер,арбалар мен қағаз ұшақ.
Серуен №3

Жәндіктерді бақылау
Мақсаты: Күзде жылы жаққа ұшқан құстарды бақылату.
Еңбек: Бөлме гүлдерін суару.
Балалармен жеке жұмыс: «Қарлығаш»
Қимылды ойындар: «Құс болып ұшамыз»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Серуен №4

Құстарды бақылау
Мақсаты: Құстарды бақылауды әрі қарай жалғастыру. Торғай мен көгершінді салыстыру
Бақылау барысы: Серуенге шығардың алдында тәрбиеші, балаларға көгершіндердің қоректендіретін нан алып шығу керектігін айтады. Далаға шыққан соң, құстардың қанша екенін бақылап қарау керек. Көгершіндердің қоректенуңн бақылау. Балалардың назарын көгершіндердің қоректі көретін көздері,оны шұқып жейтін тұмсықтарын, жүретін аяқтары,ұшуға көмектесетін құйрығымен қанаттары бар екендігіне аударту. Көгершіндердің түстері және үлкендіктері әр түрлі болып келеді.
Еңбек әрекеті: Тәрбиешімен бірге құстарға беретін қоректі даярлау.
Мақсаты: Құстарды күтуде қолғабыс тигізу Үлкендердің көмегімен құстарды қоректендіруге дағдыландыру
Қимыл қозғалыс ойындары: «Бір,екі,үш жүгір!»
Мақсаты: Белгі бойынша әрекет етуге үйрету Жүгірудің шапшаңдығын арттыру «мені қуып жет»

 

 

 

 

 

 

 

Қараша
Серуен №1
Бұлтты бақылау

Мақсаты: Балаларға бұлттың неге ұқсайтынын қай бағытқа көшіп жатқанын бақылатып әңгімелеу.
Еңбек: Учаскедегі шашылған ағаш бұтақтарын жинату.
Балалармен жеке жұмыс : «Бұлт» Қ. Әлімқұлов
Түрленді дала, бау- бақша
Құлпыра қалды тау жақта
Қара бұлтты жел қуып
Жөкеп берді аулаққа
Қимылды ойындар: «Ақ қоян», «Күзгі тіршілік»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Серуен №2
Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау.

Мақсаты: Жапырақтардың ағаштардан қалай түскенін бақылап, әдемі жапырақтардың айналаға қалай сән беріп тұрғанын әңгімелету.
Еңбек: Шашылған жапырақтарды ұшып келген қағаз қалдықтарын жинау.
Балалармен жеке жұмыс: Ертегі оқып беру
«Ағаштар ұйықтайма?»
Қимылды ойындар: Тақия тастамақ
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Серуен №3

Мақсаты: Учаскелердегі құмдағы іздердің кімнің ізі екенін айыра білуге үйрету.
Өз іздерін бір-бірімен салыстыру.
Еңбек: Құм салғыштағы құмды күрекшелерімен көтеру.
Балалармен жеке жұмыс: «Санамақ айту»
Бөрік тіктім
Он ойланып
Тоғыз толғанып,
Сегіз рет сызып,
Жеті рет бұзып.
Алты рет қарап,
Бес рет санап,
Төрт рет қадап.
Үш тал үкі тағып,
Екі қолым талып.
Бір бөрік тіктім,
Әзер деп біттім.
Қимылды ойындар: «Тышқан мен мысық»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Серуен №4
Жерге түскен жапырақтарды бақылау.

Мақсаты: Балаларға жапырақтар неліктен жерге түскендігі туралы әңгімелеп айту. Олардың түстерін атау.
Еңбек: Құм салғыштың ішіне түскен жапырақтардан тазалау.
Балалармен жеке жұмыс: Балаларға жұмбақ жасыру.
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады (жапырақ)
Аспай піскен,
Қайнамай піскен (жеміс)
Жер бетінде шашы бар
Жер астында басы бар (сәбіз)
Қимылды ойындар: «Ақ серек, көк серек»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
Бақылау 9:Күз мезгілінде желді бақылау
Мақсаты: Күз мезгіліндегі желдің салқын болатынын айту. Балалардың тілін дамыту, әңгімелеу арқылы.
Еңбек: Учаскедегі шашылған қағаздарды жинау.
Балалармен жеке жұмыс:Дақпақты оқу. «Желді күн» (Ж. Смақов)
Гу-гу,гу-гу шықты
Желдеттіде бұлт қуды
Жел соққан соң
Жел тіпті
Жын соққандай жұлқынды
Қимылды ойындар: «Күн мен түн»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Серуен №5
Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау.
Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа-райын жазғы ауа-райымен салыстыру,күздегі өзгерістерді айтқызу.
Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды күрекшемен жинату.
Балалармен жеке жұмыс: «Көкөністер» туралы тақпақ айтқызу
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Қимылды ойындар: «Ұшты — ұшты»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
Желтоқсан
Серуен №1
Ауа-райын бақылау.

Жансыз табиғатта балаларға қыс жөніндегі өзгеріс туралы түсінігін қалыптастыру.
Желтоқсанда ең қысқа күн, күннің көзі сирек қонақ, ауа-райы бұлыңғыр, жиі қар жауады, бірақ ол ерімейді. Бірақ қар терең емес, одан түскен жапырақтар және құрғақ өсімдіктер көрінеді. Ауаның температурасы нөлден төмен.
Қаңтарда күн көбейеді,айқын жарқырайды, бірақ күннің көзі жылытпайды, ең күшті аяздар тұрады, барлығы қармен жабылған, ағаштарға қырау тұрады.
Ақпанда күшті жел соғады, боран болады: ақпан айының соңында күннің қосылғаны байқалады, ең алғашқы мұздар пайда болады, күннің көзі жан-жағына шуағын шашады.
Қыс табиғатының әсемдігіне, сүйіспеншілікке тәрбиелеуге талаптандыру.
Жаңылтпаш
Қыс қыспаса қыс па,
Құс ұшпаса құс па?
Ырым
Қыс жылы болса-жаз салқын болады.
Өлеңдер
«Қыс» А.Құнанбаев.
Қимылды ойын.
«Кегліні құлат»
Кегліні құлата отырып, клюшка көмегімен нысанаға шайбаны лақтыра білуді бекіту. Белсенділікке тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Қардан демалыс орнын тазарту.
Өзінің іс-әрекетін жолдастарының іс-әрекетімен келістіру, ұжымда тапсырманы өз бетінше орындауға үйрету.Еңбек ету ынтасына тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер.
«Ауа-райы»сөзіне анықтаманы ірікте»
(Қарлы, аязды, суық,күн шуақты, желді және т.б.)
Тапсырма. Балаларға қар бетінде жүріп өтуді және аяқ астында қалай сықырлайтынын тыңдауды ұсыну.
Өз бетінше іс-әрекеті
Әр балаға оны қызықтыратын ісімен айналысуға мүмкіншілік беру.

 

 

 

Желтоқсан
Серуен №2
Қар басуын бақылау
Бақылау
Балаларға қар басуы жөнінде түсініктеме беру. Қар басуы кезінде бұлттардың пайда болатынын түсіндіру, айнала қараңғыланады және қар түсе бастайды; аспаннан жапалақтанған тасқыны ұшқандай сезіледі (ұлпа, ақ, жеңіл).Жан-жағымыз қозғалысқа толған және тыныштық .Қар, жүн көрпесі секілді, жерді қымтайды.
Қар кесектелген немесе жеке қиыршақталған секілді жауып тұр ма, соны ажырата білуге үйрету. Сөйлей білуді, ойлауды, елестетуді дамыту.Жансыз табиғаттың құбылысына қызығушылығын тәрбиелеу.Ауа-райы әсемдігіне эстетикалық қарым-қатынасты тудыру.
Жұмбақ.
Ұстай қалсаң еріп кетер,
Әуре болма теріп бекер.
(қар)
Болжау
Қар түссе-күн жылынады
Жаңылтпаш
Қыста боран борар, қар борар,
Қыздар шәлі орамал оранар.
Өлең.
«Алғашқы қар» А Оразақын.
Қозғалыстағы ойын
«Қармен аулау білу»
Балаларды қардан айналудан,(ортада) шектелген алаңнан қозғала білуге үйрету.Нысанаға қарды ата білуге бейімдеу. Ойын ережесін айқын орындауға үйрету.
Еңбек қызметі
Қардан қарлы дуал жасау
Өз бетінше шана, жәшіктер, ағаш күректер дайындау.Қоғамдық жұмыс уақытында бір-біріне кедергі келтірмеу.Қиыншылықтарды жеңе білу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер.
« Қар қиыршықтарын қарастыр»
Тәжірибе.балалар қар қиыршықтарын қарастыруда.
Қорытынды. Барлық әр түрлі қар қиыршықтарында сәуле саны бірдей.
Қармен тәжірибе.Стаканға қар салып топқа алып келу.
Балалардың қардың қасиеті жөніндегі ойларын ұлғайту және дамыту.Өз бетінше қорытынды жасауға үйрету. Әуесқойлығын және қызығушылығын дамыту.
Өз бетінше іс-әрекеті
Тыныш қуанышты жағдайды қолдауға және құруға талаптандыру; дербестілігін және бастамашылығын көтермелеу.

Желтоқсан
Серуен №3
Желді бақылау.
Балаларға қыста желдің суық өткір екенін түсіндіру.
Флюгер түтіннің бағыты ағаш бұтағының қозғалысы бойынша желдің күштілігін анықтауға болатынын үйрету.
Қысқы желдің жазғы желден ерекше белгілерін ажырата білуге үйрету.
Жұмбақ
Бір нәрсе көрінбейді бар ғой өзі,
Адамзат ол нәрсені көрмес көзі.
Жансызды қимылдатып жанды қылар,
Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі.
(жел)
Өлең.
«Желдің түсі қандай»?» М.Алимбаев.
Қозғалыстағы ойын
«Екі аяз»
Икемділігін дамыту, қозғалыстағы ойынға қызығушылығын арттыру және оны ойнай білуге үйрету. Өз бетінше рөлдерді бөлу талабына тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Қардан жолды тазарту
Балаларды бала-бақша ауласындағы жолдарды тазартуға және сыпыруға үйрету; Еңбек құралдарымен қолдана білуін нығайту, оларды тазалықта және тәртіпте ұстау.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер.
Тәжірибе. Желдің күштілігін анықтау.
Әр түрлі белгілері бойынша (жел бар ма, күшті, әлсіз) желдің күштілігін анықтауға балаларды жаттықтыру, қай бағытта екенін анықтау.
Тапсырма. Желдің қалай ысқыратынын тыңдау.
Қадағалауын дамыту.
«Жақсы-нашар»
Табиғаттағы қарама-қайшылығын, құбылыстың біркелкі еместігін, жанды және жансыз өзара байланысын, тілді дамытуды, ойлауды, көре білуге үйрету (желдің ықпалымен өтіп жатқан өзгерістерді, жағдайларды атау ұсынылады,- жағымды және жағымсыз) .
Өз бетінше іс-әрекеті
Балалардың ойында бір-бірімен араласа білуін, өз әрекетімен қылықтарын білдіре білуін, өз пікірінде тұруын жетілдіру; өз қатарының ұсынысымен келіспеушілігін көрсете білуін дамыту.

 

 

Желтоқсан
Серуен №4
Аспанды бақылау.
Балалардың көк аспан жөніндегі ой-пікірлерін байыту (таза, тұтастай бұлттармен жамылған). Аспан қыс басында тұтастай бұлттармен жамылғанын атап өту. Қыс аяғында айқын-көк, өте әдемі болады.
Балалардың жансыз табиғат жөніндегі пікірлерін ұлғайту.
Қозғалыстағы ойын
«Ұйымдастырушылар»
Бір-бірінің қолдарын алып, шеңбер бойынша қозғала білуге үйрету; спорттың көрсетудегі қозғалыс түрі бойынша шеше білу және оны атау. Ойынға қатысуға ынтасын тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Бақшаның қатарларын қармен толтыру.
Жүйекте өсетін өсімдікке құрметпен қарауға және нақты қызығушылыққа тәрбиелеу, еңбек мәнділігін түсіндіру (тұқымның үсіп кетпеуін, көктемде өсім болмайтынын).Еңбек ету талабына тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер
«Жұмбақты шешу»
Қыста жансыз табиғат жөніндегі білімін балаларға нығайту,ойлауды, шығармашылық белесті дамыту.
Өз бетінше іс-әрекеті
Табиғат жағдайын есепке ала, дәлізде сабақ және ойын үшін жағдай құру.
Жағымды тәртіпті қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаңтар

Серуен №1

Қысқы мерзімде күннің көзін бақылауды жалғастыру.
Қыс басында күннің көзі сирек қонақ екенін атап өткен жөн (бұлыңғыр, бұлтпен жабылған, жоғары көтерілмейді, жылытпайды). Қыстың ортасында күннің көзі айқын, жоғары көтеріледі, бірақ жылытпайды. Қыстың аяғында күннің нұры жылулық шашады, күннің көзі жоғары,күн ұзарады. Қадағалауды, әуесқойлықты, көңіл бөлуді дамыту; жансыз табиғат құбылысы жөніндегі білімін нығайту. Таңертең,күндіз және кеш бейімделуі бойынша күннің көзі жолдарын ажырата білу. Күннің жоғары тұрғанына көңіл бөлу керек.
Жұмбақ.
Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды.
(күннің көзі)
«Хоккеистер»
Қозғалысты ойынды өз бетінше ұйымдастыруға бейімдеу, топқа бөліну, ойын тәртібін сақтау. Балалардың бір-бірімен араласа білуін жетілдіру.
Еңбек қызметі
Қар тоқтатуға дайындық. Жөндеу
Тәрбиешімен балалардың бірігіп еңбектенуіне тәрбиелеу. Еңбек мазмұнын ұлғайту, әр баланың еңбекке жүйелі қатысуын қамтамасыз ету.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер
«Күннің тұрған жағдайы және биіктігі анықталды»
Нақты өлшем көмегі кезінде балаларды күннің тұрған жағдайын өлшеуге үйрету.
Өз бетіше іс-әрекеті
Тұрақты балалар бірлестігін нығайтуға талаптандыру.
Дербестілігін және бастамашылығын көтермелеу.

 

 

 

 

 

 

Қаңтар

Серуен №2

Терең қар жамылғысының тереңдігін бақылау..
Балалардың көңілін бөлімшенің қай жерлерінде қалың қар жатқанына бөлу.Балаларға қаншалықты терең екенін білуін ұсыну.Ұзындығының шартты өлшемімен адамдар метрді орнатқанын түсіндіру.Балаларға метрді көрсету және әр жерде қар жамылғысының тереңдігін өлшеу; қалың қарды күрекпен кесу, қардың қалыңдығымен бөлігіне көңіл бөлу.
Жұмбақ.
Бір нәрсе өліп жатыр, жетіп ажал,
Малының қисабы жоқ безбенге сал.
Сүйегі көктеде емес жерде де емес
Жігіттер көңіл қойып ойлаңыздар.
(жауған қар).
Қозғалыстағы ойын
«Аяз-Қызыл мұрын»
Алаңның қарама-қарсы жағына жүгіруді нығайту, ойын тәртібін сақтау
(қолың тиген жерде- қатырып тастаған жерде тоқтайды).Ойында достықты және өзара көмекті көрсету.
Еңбек қызметі
Гүлзарда қар тоқтатуды орнату
Қар тоқтату жөніндегі пікірді ұлғайту(қарды тоқтатады, жел соққанда), оларды орнатуда тәрбиешіге көмектесу. Тапсырманы орнатуға үйрету, бірлесіп атқаруда кішігірім тәсілдерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер
Ашық орынға қарағанда, неліктен шарбақтар мен қуыстарда қар қалың болатынын балаларға ойлануды ұсыну.
Қорытынды. Бұл орындарда желмен ұшып кетпей, тұрып қалады.
Өз бетінше іс-әрекеті
Қазіргі ойындарда өз құрдастарымен 2-3 рөлді ұстайтын, ойында бірлесуге талаптандыру, рөлді бөлу, ойын әрекетін орындау, жалпы ойын барысына сәйкес әрекет ету.

 

 

 

 

Қаңтар

Серуен №3
Тайғанақты бақылау.
Тайғанақтың пайда болу жолдарын түсіндіру. Тез жылынғанда аяз соғады, одан кейін болатын құбылыс тайғанаққа айналады. Ауа температурасы мен судың агрегаттық жағдайы арасындағы байланысты түсіндіру. Тайғанақ- бұл мұздың қалың беті, жер қабатында құрылатын. Тайғанақпен қалай күресуді айту. Тайғанақ кезінде өзін дұрыс ұстай білуді үйрету. Көргені жөнінде айту және бақылауда ынтасын дамыту.
Қозғалыстағы ойын
«Ұзын жол бойынша»
Мұз жолы бойынша тайғанақтау кезінде тепе-теңдікті сақтауды үйрету. Жарыстарға қатысуға тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Жолға құмды төгу
Жолға құмды төгуде еңбектің мәнділігін балаларға түсіндіру. Өз еңбегінің нәтижесінен қанағаттанушылық сезімін қалыптастыру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер
«Өлі табиғаттың қысқы құбылыстарын ата»
Табиғаттың қысқы құбылыстары туралы балалар білімдерін анықтау.
Тапсырма. Түрлі-түсті мұздықшаларды қарау.
Мұз сипаты туралы балалардың түсініктерін бекіту (аязда су мұзға айналады, мұз қатты, тайғақ,мөлдір, нәзік).
Өздігінен қызмет.
Ойын кезінде балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын жетілдіру, құрбыларының қылықтарына өз көзқарастарын білдіру, өз іс-қимылдарымен амалдарын негіздеу.

 

 

 

 

Қаңтар

Серуен №4
Ағаштардағы қырауларды бақылау.
Қыраудың пайда болу процесі туралы түсінік беру. Қар еріген кезде, күрт суық түскен және ауа-райы жылыған кезде айналаны қырау басқаны туралы балалардың назарын аудару, ағаштарға, орындықтарға және басқа заттарға. Қырау – бұл мығым шық. Түнде жердің үстіндегі ауасы салқындайды. Ауадағы сулы булар салқындаған заттармен өзара жанасып сулы тамшыларға айналып мұзды кесек болып қатады және қырау болады. Табиғаттың әртүрлі қысқы құбылыстарын көру, қысқы қардың сұлулығына тандануға балаларды үйрету.
Ырымдар.
Желтоқсанда қырау мол болады, қар көп түседі, суықтар күшейеді — мол егін орылады. Ағаштарға қырау тұрса аспан көк болады.Түнде қырау болса- күндіз қар жаумайды.
Қозғалыс ойындары.
«Бірінші бол»
Белгі бойынша іс-әрекет жасай білуін бекіту (шананы айналу және өз орнына тұру) және қосымша жаттығуларды орындау (шанаға отыру, 5 рет отырып-тұру және т.б) жылдам және еппен іс-әрекет жасау.
Еңбек қызметі
Жолға су төгу үшін қарды нығыздату.
Қарды өздігінен күрекпен белгілі орынға алып бару, оны нығыздауға үйрету; ұжымдық еңбекке қатынасуға үйрету, өз әрекеттері мен құрбылар әрекеттерімен келістіруге үйрету.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер
Тапсырма. Күн шыққан кезде ағаштардың қырау жамылғанын көру. Күннің көзінде қырау жылтырайды.
«Қырау» сөзіне эпитет таңда.
Эпитеттерді таңдауға үйрену, балалар сөздігін байыту.
Өздігінен қызмет.
Балалар ойындарының тақырыбы мен мазмұнын жетілдіру және байыту; өз пікірін айтуын жетілдіру, өз құрбылары пікірлерімен келіспеу, олардың рөлдер, ойыншықтар мен міндеттерін бөлісуге сыпайы түрде айтуын жетілдіру.

Ақпан

Серуен №1
Бұрқасынды бақылау.
Бұрқасын туралы түсінікті қалыптастыру. Қатты жел, бұрқасын болған кезде аязды ауа соғады да, жүру қиындайды, бұлт күнді жауып әрбір жерде қарлы бұрқасын соғады.
Егер қар құйындатса – бұл табиғат құбылысы бұрқасын болып аталады.
Мақал.
Бұрқасын мен қарлы боран ақпанға келіп қонды.
Ырым.
Қыста бұрқасын болса-жазда жауын-шашын болады.

Қозғалыс ойыны.
«Қарлы әткеншек»
Берілген қарқында қолдарынан ұстап шеңбер бойынша жүре білуін бекіту (жылдам, баяу, басқа жаққа және т.б.). Ойында жинақылық пен дербестілікті тәрбиелеу.
Еңбек қызметі.
Балаларды бала-бақша ауласындағы телімдерде жолдарды сыпыруға және тазалауға үйрету. Телімдегі тәртіп пен тазалықтан разылық сезімін қалыптастыру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер.
Тәжірибе. Шарбақ. Пен күркелердің маңында омбылар болатынын анықтау.
Қорытынды.Шарбақ пен күркеге жел соққан.
«Бұрқасын кезіндегі өзгешіліктерді ата».
Өз ойларын айта білу, сөзін, ақылын дамыту, білімін бекіту.
Өздігінен қызмет.
Бала қоғамы өмірінің ұйымдастыру формасы ретінде ойынды дамытуына, бірқалыпты балалық ойын бірлестігінің пайда болуына және нығайтуына, балалардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыруына, сондай-ақ ойындық бірлестігінің болуына себеп болу.

 

 

Ақпан

Серуен №2
Бұрқасынды бақылау.
Қысқы табиғат құбылысы-бұрқасынмен балаларды таныстыру.
Қатты жел соғып жер үстіндегі қарды айналдырса және шалғайды жаба түссе- бұны бұрқасын деп айтады және балаларға түсіндіру. Егер бұл уақытта қар жауса және омбылар пайда бола бастаса жолға шығуға болмайды. Адасып және үсіп кету мүмкін. Бірақ бұрқасын таза күндерінде де қар жаумай да бола береді.
Жұмбақ.
Қуып едім мойнын бұрмады,
Ұстайын деп ем қолға тұрмады.
(боран).
Ырым.
Соғып тұрған бұрқасын емес, аспаннан жауып тұрғанды қар дейді. Егер күннің жанында тұман болса-бұрқасын болады.
«Бұрқасын»
Тізбекте тұру, қарлы құрылғылар арасында жүре білу, тізбекті бұзбай жүру, білімдерін бекіту, әріптестеріменіс-қимылдарын келісе білуіне үйрету.
Еңбек қызметі.
Еңбек мазмұнын кеңейту, жануарларды әр сайын күтуін қамтамасыз ету.Адал еңбек етуге тәрбиелеу, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер.
«Бұрқасын қандай?»
«Бұрқасын» сөзіне анықтама беруге балаларды үйрету.
Өздігінен қызмет.
Балалардың өзіндік ұжымын дамыту негізінде қарым-қатынастың жақсы формаларымен топтамаларын пайдалану. Белсенді балалар өз құрбыларының ынталарын баспауын қадағалау, жасқаншақтарға ұялшақ балалардың ойнауына көмектесеміз.

 

 

 

Ақпан

Серуен №3
Әр түрлі күн райына қарай қардың өзгеруін байқау.
Жылымық кезінде қар жабысқақ болады, қардан ойыншық аққала істеуге болатынына балалардың көңілін аудару керек, ал аязды күндері қар үгітіліп , құрғап тұрғанда ештеңе істеуге болмайды,
Ауа қысымының өзгеруіне байланысты қардың қасиеті өзгеретінін байқап отыру, қардың өзгеру себептерін тереңдете түсіндіру.
Болжау.
Аязды күні қар жауса – күн жылынады. Суықтан қорықпа – суық сумен жуын.
Мақал-мәтел.
Қыс қандай болса, жаз да осындай.
Ойындар.
«Кім озды?»
Балаларды әртүрлі жарысқа қатысуға үйрету. (кім бұрын жылжиды, кім бұрын озады сол жеңіске жетеді) Балаларды достарының жеңісіне жеткеніне қуануға үйрету, дағдыландыру.
Еңбекке баулу.
Ауа райына байланысты қардың өзгеруіне көңіл бөлуді жалғастыру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе жұмыстары. (қар қандай екенін айт).
Қар туралы балалардың білімін қадағалап, сөздік қорын кеңейту. Қар қалың, түкті, күн көзіне жарқырайды, жабысқақ, құрғақ.
Тәжірибе. Қардың қасиеттері.
Аязды күні қарды қолғаппен алса, ол жабыспайды, шашылады.
Қарды сумен суарсаң, одан қаршық жасауға болады. Қар дымқыл әрі жабысқақ,
Қортынды. Бұдан біз қардың дымқылдығынан қар әдемі тұтас түрде болатындығын байқадық.

 

 

 

 

Ақпан

Серуен №4
Күннің ұзақтығын байқау.
Күннің ұзақтығын белгілеу., сосын келесі байқауда күн ұзақтығы, ұзақтығынын артуын белгілеу. Қыста күн әуелі қысқарды, одан соң ұзарады. Балалардың сөздік құрамын өзінше дұрыс құру, кеңейту, табиғатқа қызығушылығын арттыру.
Мақал-мәтел
Егер жұмыс болмаса, кешке дейін күн де ұзақ.
Болжам.
Желтоқсанда күн өте ерте қараңғыланып, кеш жарықтанады.
Қимылды ойын.
Тарту.
Қалың қар үстінде сақина жасау. Әркім қасында тұрған баланы белгі бойынша өзіне тартып қалады. Балаларды күшті болуға, шыдаммен ойын ережесін бұзбауға тәрбиелеу.
Еңбекке баулу.
Ағаштан түскен тұқымды жинау. Еңбек түрін арттыру, әр баланың еңбекке жүйелі қатысуын қамтамасыз ету.
Дидактикалықө ойындар. Тәжірибе жұмыстары.
«Қыс туралы мақал-мәтелдерді еске түсіру»Балалардың қыс айлары туралы және табиғат көріністері туралы білімдерін біртұтастандыру; Балалардың халықтық өнерге деген махаббатын ояту.
Өзіндік жұмыс.
Балалардыңойын уақытында бір-біріне деген қарым-қатынасын түзету, қылықтарымен істерін айқындау, өз көзқарасында тұрақты тұру; құрдасының ойы мен өзінің ойының келіспеушілігін, оның ойыншықтарды, рөлді және міндеттерді бөлісудегі қимыл іс-әрекеттерін сыпайы түрде аңғарта білуін дамыту.

 

 

 

 

Наурыз
Серуен №1
Ауа райына бақылау жасау
Көктемгі ауа райы өте құбылмалы,бірақ күннен-күнге күн жылына бастайды.Ауа қысымы көтаріледі. Ашық күндер көп болып,күн сәулесін мол шашады.Аспан сұрғылт түсін ашық көк түске алмастырады.Көктемнің алғашқы айы мен соңғы айын салыстыра білуге үйрету. Ауа райының өзгерісін анықтап оны ажырата білуді жалғастыру. Балалардың байқампаздығын,табиғат пен қарым-қатынасын дамыту.
Көркем сөз
Жұмбақ
Күн ұзарып
Қар еріп,
Су сайларға толады
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады? (көктемде)
Мақал-мәтел
Таудан су ақса, көктем келеді.
Болжам
Жерден әлі қар кеткен жоқ,ал жанға көктем секілді.
Тақпақ
Ой,балалар, балалар!
Жылы- жылы жел соқты
Жылғалардан су ақты
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті.
Қимылды ойын
«Қасқыр мен лақтар»
Белгі бойынша ұзындыққа секіруді жалғастыру(лақтар алаңда жүгіреді);жүргізуші қасқырдың көзіне түспей, алаңда жүреді.Ойын шартын бұзбау,ұсталғандары шетке шығады. Шапшаңдық пен бейімділікті дамыту.
Еңбек іс-әрекеті
Топырақты тұқым салуға дайындау.
Еңбектенуге деген қабілетін дамыту,бастаған ісін аяқтау,үлкендерге көмектесу.
Дидактикалық ойындар.Тәжірибе мен сараптама
«Ауа райын сипатта!»
Балалардың ауа райына байланысты сөзді таңдап алуды үйрету. (жылы,ашық,суық,құрғақ,желді,жаңбырлы,тұманды)
Өзіндік іс-әрекет
Ойын барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қадағалау, олардың іс-әрекеті мен қылықтарын білдіру,өз ойын іске асыру.

 

 

Наурыз
Серуен №2
Күнге бақылау жасау
Күннің аңыздылығы адам өмірінде өсімдік пен жануарлар әлеміндегі алатын орны жайында түсінік қалыптастыру. Күн көзінің көктем кезіндегі белсенді өзгерісін көруге үйрету(жоғары көтеріледі, шуақтары жылу шашқанда, қарай алмайсын). Тақырып бойынша белсенді сөздікті дамыту.
Көркем сөз
Жұмбақ

Туған жердің күні де ыстық,
Жұрттың бәрі оны сүйеді,
Түні де ыстық
Бірақ қарай алмайды (күн)
Болжам
Егер күн көзі қыста тұманға батса- боранға,
Ал күн астынан қабатталған бұлт көрінсе- ауа райының бұзылуына.
Тақпақ
Күлімде,күн күлімде
Жер жасарып көгерсін
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін
Қимылды ойын
«Күн мен бұлт»
Шеңбер бойында жұппен тұруды жалғастыру, ойын ережесін сақтау. «Күн» деген сөзді естігенде қыдырып жүреді, ойнайды, «түн» сөзінде тығылады.
Еңбек әрекеті
Гүл тұқымын топыраққа егу.
Балаларға жұмыстың қарапайым,оңай түрін үйрету. Құрал-саймандарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптама
Тапсырма 1. Ауладан күнге қызған затты табу. Оның неден жасалғанын айту.
Қорытынды. Алдымен темір заттар қызады.
Тапсырма 2. Қай зат тез ысиды?
Қорытынды. Ақшылға қарағанда қара заттар тез ысиды.
Тапсырма 3. Ағаштың көлеңке жағымен күн түсетін тұсын ұстап көру.
Қорытынды. Күн түскен жақ жылы, ал көлеңке жағы суық.
Өзіндік іс-әрекет
Әр балаға өзін қызықтыратын іспен айналысуға жағдай туғызу
Наурыз
Серуен №3
Желге бақылау жасау.
Көктемгі жел құбылмалы. Егер солтүстіктен соқса өткір және суық болады. Мұндай желді көктемгі дауыл әкеледі, ағаштарды сықырлатып шайқалтады, терезеге қар соқтырады. Оңтүстік жел жылы леппен және ауа райын өзгертіп, жаңбыр жаудырады. Балалардың көктем мезгіліндегі құбылыстар жайында білімдерін кеңейту,желдің аспандағы бұлттарға олардың қозғалысына әсерін тигізетінін айту.
Көркем сөз
Жұмбақ Мақал-мәтел
Келсе де әні құлаққа, Көшерімді жел білсін
Өзін ешкім көрмейді Қонарымды сай білсін
Жусан,қамыс, құраққа
Тіптен маза бермейді.
Болжам:
Наурыз айының жылы желі- жаздың жылы, жаңбырлы болуына әкеледі.
Тақпақ
Желдет, желдет!
Жеті қара дауылдат!
Өрісін құлат,баласын жылат
Тайтерісін қалтырат
Науа- астауын жалтырат!
Қимылды ойын «Қақпақ пен таяқ».
Еңбек іс-әрекеті
Қажеттілік бойынша жұмыс
Балаларға топыраққа су құю барысында мұқият болуды,өз еңбегінің қажеттілігін түсіне білуге үйрету.
Өсімдікті күту барысында тыңғылықты жұмыс атқара білуге тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама
«Жақсы, жаман»
Табиғатта болып жатқан құбылыстардың жақсы және қарама-қайшы тұстарын көре білуге үйрету.
Өлі табиғат пен тірі табиғаттың бір-бірімен байланысын;ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту.(Балаларға желдің әсерінен болған жағымды-жағымсыз жағдайды айта білуді ұсыну).
Тапсырма. «Бұлттардың қозғалысына байланысты жел күшін анықтау».
Өзіндік іс-әрекет
Көңілді тыныш сәтті қолдауды қарастырып, өзіндік жұмысты мадақтау
Наурыз
Серуен №4
Аспанға бақылау жасау.
Балалардың көктемгі аспанға назар аударуларын талап ету. Аспанның қыста қандай болатынын, қазіргі кезі қандай екенін нақтылау. (Қыста аспан- сұр,ал қазір -көкшіл) Бақылау барысында көркем сөзді қолдануды үйрету.
Көркем сөз
Жұмбақ
Бір түкті кілем
Бір түксіз кілем (аспан мен жер)
Болжам
Егер көктемде ауа райының қалыптылығында таңертең дөңгеленген қабатты бұлттар көрінсе, ал кешке жоғалып кетсе- онда ауа райы жақсы, тұрақты болады.
Тақпақ
Қ.Аманжолов «Көктем»
Сансыз көкек сұңқылдап
Көктем келді ертерек
Нәзік үнмен сыңқылдап
Бұйра бұлақ еркелеп
Қимылды ойын
«Қазым,қазым қаңқылда!»
Ойын шартына сай түрлі қимылдар жасауға үйрету. Балалардың ойында қырағылық, шапшаңдық таныта білдіруіне назар аудару.
Еңбек іс-әрекеті
Тұқымды қарашірікке отырғызу.
Топырақты жәшіктерге өз беттерімен салуды үйрету, оған тұқым себу. Құралдарға деген ұқыптылықты тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен сараптама
«Көктемге арнап бояу табайық»
Балалардың жыл мезгілі туралы білімін тиянақтау-көктем табиғаттағы өзгеріс. Өсімдіктер мен жануарлардың көктемде бояуы қанық болатынын түсіндіру. Байланыстыра сөйлеуді дамыту.
Өзіндік іс-әрекет
Дәлізде ойынға,оқу іс-әрекетіне қолайлы жағдай туғызу. Ауа райының жағымды тәртіп дағдыларын қалыптастыру.

 

Наурыз
Серуен №5
Шоғырланған бұлтқа бақылау жасау.
Бақылау
Наурыз айының екінші жартысында алғашқы шоғырланған бұлттар пайда бола бастайды. Ауа райының жылуына байланысты олардың пайда болатынын түсіндіру. Қардың еруі қалай тез болса,бұлттар да сонша көбейе түседі. Олар қысты күндегідей аспанды толық баспайды. Тек шоғырланып жүреді. Осы бұлттар ұлпа мақтадай түрлі пішінде тегіс негізде болады. Шоғырланған бұлтты аспаннан көріп, қайталанбас сұлулығын байқай білуге үйрету. Шығармашылық қабылдауын дамыту.
Көркем сөз
Жұмбақ Тақпақ
Бір халық аспанда ұшқан аяғы жоқ Суырды көкте қылышын
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ Нөсерлі қара бұлт төнді
Күніне талай жерге кетер кезіп Тарылтып жердің тынысын
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ (бұлт) Тапа-тал түс болды ымырт

Қимылды ойын
«Кілттер»
Кеңістікті бағдарлап жылдам әрекет жасауға үйрету. Бастаушы шеңбер бойымен жүріп, кілт кімде деп сұрайды. Балалар жауап беріп орындарын ауыстырады. Бастаушы бос шеңберді жылдам алып қою керек. Шеңберсіз бос қалған бала бастаушы орнына болады. Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Еңбек іс-әрекеті
Ауладағы қарды тазалау.
Күрекпен жұмыс істей білу, қарды үю. Оны анықталған орынға апару. Еңбекті ынтамен жасауларын қалыптастыру.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама
«Бұлт неге ұқсайды?»
Түрлі заттар мен жануарлардың келбетін таба білуге үйрету. Қиялын, шығармашылық қабылдауын дамыту.
Өзіндік іс-әрекет
Балалардың бірлескен мықты нәтижелі еңбегіне баға беріп,құптау.
Сәуір
Серуен №1
Қардың алғашқы еруін бақылау
Балалардың назарын қардың алғашқы еріген тұстарына аудару, неліктен барлық жерде бірдей қар кетпейді.(ең алдымен жазық жерлер мен төбелердің қары ериді, себебі ол жерге күн көзі мол түседі.) Күн сәулесі мен жарық жердің тұстары тез еритіндігі туралы балалардың түйсігіне түю. Байқампаздықты дамыту.
Көркем сөз
Болжам
Егер қар күрт еріген тұстарда көктемнің алғашқы гүлдері және өгейшөп өссе-онда наурыз айы мен көкек айының басы жылы болады.
Тақпақ
Көктем
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада,орманда
Құстар әні төгілді.
Қимылды ойын
«Жүгір-отыр-жүгір!»
Белгі бойынша әрекет жасауды дамытуды жалғастыру.(«Жүгір!»-балалар алаңда жүгіреді, «Отыр!»-отырады);жылдамдықты(бұйрықты тез орындау). Күнделікті белсенді қимыл әрекетті қалыптастыру.
Еңбек іс-әрекеті
Терезе алдындағы бақша (суару)
Өз бетімен суару ережесін орындауды үйрету, топырақты қопсыту,су бүрку.Ұқыптылық пен еңбексүйгіштікті тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама.
«Көктем ерекшеліктерін кім көп атайды?»
Ерте түскен көктемнің ерекшеліктерін атай білуге үйрету. Сөздік қорын молайту.
Тәжірибе. «Қай жердің қары тез ериді?»
Табиғат құбылысының себеп-салдарын түсіндіру.
Өзіндік іс-әрекет
Ойын барысында бірігіп 2-3 рөлден тұратын ойындарды құрдастарымен бірігіп ойнау. Ойын әрекетін орындау.

 

Сәуір
Серуен №2
Жылғалар мен шалшықтарды бақылау.
Бақылау
Балаларда қардың еруінен пайда болатын жылға мен шалшықтар туралы түсінігін қалыптастыру. Жылғаның басталатын тұсы мен ағар жолын тауып алу. Жылғаның сыңғырлап ағуын тыңдау.
Көркем сөз
Жұмбақ
Жылт-жылт еткен
Жырадан өткен. (су)
Болжам
Егер қар тез еріп,су жылдам ақса-жаз жаңбырлы болады.
Сәуірде шалғын суы мол болса-шөп көп болады.
Тақпақ
Көркемдеген жер-көкті,
Көктем қандай тамаша!
Жерге әкеліп төсепті
Алуан гүлді алаша.
Қимылды ойын
«Батылдар»
Жылғалар мен шалшықтардан секіріп өту, ұзындыққа секіруді үйретуді жалғастыру, дұрыс қона білу.Секіру барысында тепе-теңдікті сақтай білуге тәрбиелеу.
Еңбек іс-әрекеті
Аула маңын қоқыстан тазарту
Ұжымда еңбектене білуді қалыптастыру,жұмысты жоспарлау,бақылауды іске асыру.Ұқыптылық пен белсенділікті тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама
Тапсырма 1. « Қайық қайда жүзіп барады?»
Жылғаға қағаздан жасалған қайықты жіберіп,оның қайда жүзетінін бақылау.
Қорытынды. Су қайықты жүргізеді,жылғаның ағысына байланысты ағады.
Тәжірибе. «Батады, батпайды»
Түрлі материалдан жасалған заттардың қасиетін анықтау суда бататын, батпайтын;Сараптама арқылы балалардың бір қорытындыға келе білуін үйрету.Сөздік қорын молайту.
Тапсырма 2. Шалшықтың суын қолымен ұстап көру.
Қорытынды. Су өте салқын, себебі ауа да суық .Сондықтан өсімдік қыстан кейін жаңа оянады,бірақ өспейді.
Өзіндік іс-әрекет
Ойын барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қадағалау. Өзге балалардың жасаған қылықтарына баға бере білу.
Сәуір
Серуен №3
Сүңгілерді бақылау.
Балалармен бірге сүңгілерді қарау.Сүңгілердің пішіні, көлемі әр түрлі болатынын атап өту. Олардың пайда болуын түсіндіру (қар ериді,су тамшылайды,бірақ үнемі бірдей,жылы емес;күн суық болғанда су тамшылары қатады,мұздақ төмен қарай өседі ). Балалардың көктемгі табиғаттың құбылысы жайында түсінігін кеңейту.
Көркем сөз
Жұмбақ
Отқа жанбайды,
Суға батпайды.
(мұз)
Болжам
Сүңгілер ұзын болса-көктем ұзақ болады.
«Үйсіз қоян»
Алаңда жалғыз аяқпен секіре білуді бекіту;белгі бойынша үйлерге кіру.(шеңбер үйлер),бірақ бір ойыншыға үй жетпейді, ол ойын бастаушы болып қалады. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Еңбек іс-әрекеті
Аула сыпырушыға қар жинасуға көмектесу.
Балаларды салыстыруға үйрету:қай жердің қарын күреу қиындау-майлы қар немесе борпылдақ қар. Өз еңбегінің нәтижесіне қанағаттана білу сезімін қалыптастыру. Еңбектенуге деген құштарлықты тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама.
Тапсырма 1. «Шелекке қанша су жиналады?»
Шелекті далаға бірнеше күнге қойып, төбеден аққан судың мөлшерін анықтау.
Қорытынды. Су біртіндеп көбейеді,яғни,қар күннен-күнге тез ериді.
Тәжірибе. Мұздақтардың астына шелек қойып, күн мол түсетін және күн түспейтін тұстарын бақылап, қай тұста шелек тез толды?
Қорытынды. Жарық жақтарымен таныстыру. Мұздақтардың ұзару себебін түсіндіру.
Тапсырма 2. Әртүрлі ауа райындағы тамшыны тыңдау.
Қорытынды. Аязды және бұлтты күндері тамшылар жоқ.
Өзіндік іс-әрекет.
Балалардың ойын мазмұны мен тақырыбын жетілдіруді дамыту. Өз ойларын жүзеге асыру,яғни ойында рөлдерге бөлуде ойыншық пен міндеттерді бөлісуде құрдастарының ойына келіспеушілік білдіру.
Сәуір
Серуен №4
Көктемде күн қызуын мол шашып, күн жылына бастайтынын түсіндіру. Өзен мен көлдерде сең жүре бастайды.
Балаларменмұздағы жарықтардың пайда болуын қарау.Мұз ластанады,өйткені жағадағы сулар жылғалар арқылы құйыла бастайды.Мұз үстімен адамдар жүрмейді.
Табиғат құбылыстарына деген байқампаздық пен қызығушылықты дамыту.Өз беттерінше қорытынды жасап,сөздік қорды байыту.
Көркем сөз
Жұмбақ
Отқа жанбайды
Суға батпайды (мұз)
Болжам
Егер көктемде су деңгейі көтерілмесе ,жаз ыстық болады.
Тақпақ
«Көктемгі су» Н.Айытов
Қаусатып қар боранды Сарқырады бұлақтар
Көктем қайтып оралды Құлпырды сай қыраттар
Таулар тастап ақ тонын Сағым ойнап,көзді алып
Көк торғынға оранды Жақын тартты жырақтар
Қимылды ойын
«Өзенге, жағаға» (Эстон халық ойыны)
Белгі бойынша қателеспей әрекет жасауды үйретуді жалғастыру (бастаушы бұйрық береді,бірақ өзі бөтен қимылдар жасайды). Өзенге секіру,жағаға секіру(жерде бір-біріне қарама-қарсы сызықтар). Ойын кезінде жаттығу жасауда күш пен жігерлікті дамыту.
Еңбек әрекеті
Балықтарға күтім жасау.(Қажеттілікпен жұмыс)
Аквариумдағы судың тазалығын қадағалау.Ондағы шөптер мен судың жағдайын қарап,күтім жасау.Балықтарды күтуге деген ықыласты дамыту.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе және сараптама
«Алдымен не содан соң ше?»
Көктемде болатын құбылыстардың логикалық тізбегін бекітуді үйрету.(күн қызуын мол шашады,қар мен мұз ери бастайды т.с.с) Есте сақтау қабілетін дамыту,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Ерікті іс-әрекет
Баланың даму негізінің жағымды сапасын жеке ұжымда қолданып іске асыру. Белсенді балалар өз құрдастарына,яғни ойын кезінде сылбыр балаларға қысым көрсетпей,ойынға араласып кетуіне қол ұшын бере білу.

Сәуір
Серуен №5
Балалармен бірге ауладағы ағашты қарау: ағаштың бүрлерінің астынан кішкентай жапырақ өскіндері өсіп келе жатқанын бақылау. Ағаштарды бүрлері мен бұтақтарына қарап айыра білуге үйрету. Терек пен аққайыңның бұтағын салыстыру(аққайыңның бұтағы жіңішке,иілгіш,қабығы қоңыр-қызыл,бүрі ұсақ, бұтақта бір-бірлеп орналасқан;терек бұтағы аққайыңға қарағанда жуан,қабығы сұрғылт-жасыл,бүрі ірі,ұзын, жабысқақ және хош иісті, бір-бірлеп өседі)Салыстыра білу қабілеті мен нақты белгілерін атай білуге үйрету.Табиғаттан алған әсерлерін қуанышты көңіл-күйлерін білдіре білу.
Көркем сөз
Мақал-мәтел
Бір ағаш кессең,жүз ағаш отырғыз
Болжам
Аққайың ағашы жөке ағашынан бұрын бүр жарса, жаз құрғақ болады. Көктемде аққайыңның шырыны көп болса,жаз жаңбырлы болады.
Тақпақ
Отырғыз ағаш көктемде
Жөн болар еңбек еткенің
Келмесе шамаң еккенге
Сындырма жұрттың еккенін
Қимылды ойын
«Ағаштан ағашқа»
Алға жылжу арқылы қос аяқтап секіре білуді бекіту.(кімде-кім аз секірсе сол,жеңімпаз)ойын барысында ойынды әділ бағалауға үйрету. Ойын барысында жолдастарымен ақылдаса білуді дамыу
Еңбек іс-әрекеті
Бұтақты кесуден кейінгі қалдықты жинау.
Еңбек нәтижесін көру,топқа бірнеше бұтақты жинап әкеп,келесі бақылауды ұйымдастыру.
Дидактикалық ойын. Тәжірибе мен сараптама
«Біздің үй қайсы,тап?»
Сипаттау бойынша ағашты таба білуге үйрету.
Өзіндік іс-әрекет
Ойын барысында жұбымен бірге бірлесіп,ойын нәтижесін бөлісе білуге үйрету

 

Мамыр
Серуен №1
Ересектердің бақшадағы еңбегін бақылау.
Бақылау
Балаларда көктемде топырақты дайындап, көкөніс егу науқаны басталатыны жайында түсінігін қалыптастыру.Тынымсыз еңбек ету нәтижесінде адамдар көкөністі өсіріп күтуде мол өнім алу мүмкіндігіне ие болатынын, балаларға түсіндіру.
Көркем сөз
Мақал-мәтел
Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
Тақпақ
Бітік егін өсіріп,
Еліне бақ сыйлаған.
Егінші ісін дөс біліп,
Ол-халыққа сыйлы адам.
Қимылды ойын
«Арқан тартыс»
Күш-жігерді дамыту,қарсыласын өз жағына тартуда шыдамдылық таныту.
Еңбек іс-әрекеті
Гүлзарға гүл отырғызу
Гүл отырғызатын орынды таңдап алып оны суару. Еңбек мәдениетін қалыптастыруды үйрету.(еңбек құралдарын қолданужұмыс орнын таза,ұқыпты ұстау).
Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама
«Бауда не өседі,бақшада не өседі?»
Өсімдікті өсу орнына байланысты топтастыру.Балалардың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамыту.
Өзіндік іс-әрекет
Ойыншық пен рөлдерді бөлісуде мәдениетті түрде келіспеушілік тұстарын білдіріп, өз ойын іске асыра білу.

 

 

 

Мамыр
Серуен №2
Топырақты бақылау.
Бақылау
Алаңқайдың қай жерлері тез кебетіні жөнінде балаларға түсінік беру:құмды жер ме,әлде сазды жер ме. Сазды жерлерге су көп сіңеді,сондықтан көпке дейін кеппейді,ал құмды жер суды өткізеді,сондықтан тез кебеді.Қай жерде өскін тез өседі соны бақылату,соны көре білу.
Көркем сөз
Жұмбақ
Оны басып жүреді,
Оны кескілейді
Бірақ ол ренжімейді
Мейірімділік білдіреді. (топырақ,аңыз)
Болжам
Сәуірдің суы болса, көк көп болар,
Жайылымда сәуірде су болса-мая-мая шөп болар.
Мақал-мәтел
Мал баққандыкі,жер баптағандыкі
Қимылды ойын
Балалар таңдауымен.
Қимыл әрекетін дамыту;бірлескен ойыннан қанағат алу.
Еңбек іс-әрекеті
Топырақты құнарландыру
Балаларды өсімдіктерді дұрыс және ұқыпты құнарландыруға үйрету;белгілі мөлшерде нәрлі ерітінділерді құю. Еңбек ету біліктіліктерін тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және сараптама
Тәжірибе «Топырақтағы ауаны анықтау»
Бақшадағы саз бен топырақтың қасиетін анықтау. (саз бен топырақтың бір-бір кесегін суға салу;топырақта көпіршіктер пайда болады, ал сазда ештеңе болмайды)
Қорытынды. Саз қатты тас сияқты онда ауа аз, ал топырақ тығыз емес, сондықтан өсімдік өсу үшін онда ауа бар.
Өз бетімен іс-әрекет
3-4 топтан тұратын ойыншылардың бастапқы затты кеңістіктегі ойындарының атауын алдын-ала келісіп ұйымдастыру,рөлін бөлісу іс-әрекетін балалардың өздері басқаруын қадағалау.

Мамыр
Серуен №3
Наурыз шешектерін бақылау( өгейшөп, інжугүл)
Бақылау
Балалардың көктемнің алғаш гүлдері туралы түсініктерін бекіту. Бұл көпжылдық өсімдіктер, яғни олар көп жыл бойы өседі және гүлдейді. Олар қыстың күні қардың астында сақталады,күн жылына олар оянады да олардың тамырынан сабағы және жапырақтары өседі. Ерте гүлдеуші өсімдіктерді ерекшеліктеріне сай анықтауды және атауды үйрету; өсімдіктердің ұқсастығын және ерекшелігін салыстыра білуді үйрету. Ерте гүлдеуші гүлдер өсуге қажетті жағдайлар болса тез өсетіні туралы түсініктерін бекіту. Алаңқайды күн әдемі қыздырса-жер еріп жылынады.
Көркем сөз
Жұмбақ
Жасыл жіпте-ақ қоңыраушалар
Жасыл түйінде-ақ бұршақтар(інжугүл)
Неге олар бұлай аталады?
Өгейшөп -жапырақтары оң жағынан жылы,жұмсақ-ана сияқты,сол жағы-суық,өгей шеше сияқты.
Болжам
Егер өгейшөп гүлі түнге қарай жапырақтарын тығыз жапса-ауа райы бұзылады.
Қимылды ойын
«Көктемгі гүлдер»
Екі топқа бөліне білу;гүлдердің атауын бекіту.(ойыншылар өздеріне ат таңдайды-гүл атауын);ауызша белгіні сезіне білу(бірінші топтың балалары гүлдердің атауын атайды;аталған «гүлдер» жан-жаққа қашады);ойын шартын сақтау. (барлық гүл атаулары аталғаннан кейін топтар орындарымен ауысады)
Еңбек іс-әрекеті
Гүлзарда,бақшада атыз қазу
Балаларды атыз қазуға қатыстыру,бұл жұмыстың маңыздылығын түсіндіру,әр баланың жұмысқа қатысуы жүйелі болуын қадағалау.
Дидактикалық ойын.Тәжірибе және сараптама
Тәжірибе. «Өсімдік өсу үшін не қажет?»
Өсімдікке қажет сыртқы ортаның негізін көрсету.(су,күн,жылу)
Қорытынды:Күн қыздырады,қар еріді,жер жылынды,бірінші гүлдер пайда болды.
Өз бетімен іс-әрекет
Балалардың топқа бөлініп ойнауы,бір-бірімен дұрыс тату-тәтті қарым-қатынаста болып балалар ұжымының бірлестігінің дамуына негіз болады.

 

 

Мамыр
Серуен №4
Жәндіктерді бақылау(қызылқоңыз, жазғытұрғы
қоңыз,солдатиктер,маса)
Бақылау
Балалардың жәндіктердің тіршілік орны,қозғалу тәсілдері және сыртқы түрлерінің ерекшелігі туралы білімдерін пысықтау; Сараптама жасауға үйрету.Себеп-салдарлы байланыстарын анықтау,қорытынды жасау,байқампаздықтарын, қызығушылықтарын дамыту. Тақырып бойынша сөздік қорларын жинақтау.
Көркем сөз
Жұмбақ
Шидім,шидім,шидім құс
Ши басына қонған құс
Қарқаралы қара құс
Хан басына қонған құс (шыбын)
Болжам
Ауа райы бұзыларда қоңыздар ызылдайды, егер қатты ызылдаса-ашық жылы ауа райына. Маса жарыққа қарай ұшса-суыққа.
Тақпақ
Қимылды ойын
«Көбелектер, бақалар,көкқұтан»
Алаңқайда қолдарын жоғары-төмен қозғалыста көбелек болып айналу дағдыларын пысықтау; төрт тағандап секіру-бақа,бір аяқпен тепе-теңдіті сақтап тұру-көкқұтан. Тепе-теңдікті сақтап кеңістікте қозғалыс үйлестігін жетілдіру.
Еңбек іс-әрекеті
Гүлдің өсіндісін құмыраға отырғызу.
Тәрбиешінің тапсырмасын орындау дағдыларын пысықтау. Бастаған істерін аяқтау, жұмыс істеу ниеттерін тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама.
«Төртінші артық»
Балалардың топтау, салыстыру, қорытындылау дағдыларын дамыту; жәндіктер туралы білімін пысықтау.
Өз бетімен іс-әрекет
Балалардың ойын барысында бір-бірімен қарым-қатынасын,өз іс-әрекеттерін және қылықтарын көрсете білу, өз ойын,көзқарасын,мүддесін қорғай алу;құрдастарының ұсыныстары мен келіспеушілігін сыпайы түрде көрсету біліктіліктерін арттыру.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.