Жоғарғы оқу орнын таңдаудағы негізгі ережелер

аға оқыт. Бусурманова Эсемгул Изтургановна, Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Егер сіз жоғары сынып оқушысы болсаңыз, жоғарғы оқу орнын таңдау туралы ойланатын кез келді. Университеттер көп, бірақ біреуін ғана таңдау керек. Кейін өкінбеу үшін мұны қалай дұрыс жасау керек? Бұл мақалада таңдау жасауға көмектесетін негізгі критерийлерінің тізімі берілген.

Жоғарғы оқу орны – сіздің болашақ мамандығыңызға апаратын жол. Қазіргі таңда Қазақстанда жоғары білімді болсаң, «диплом» түсі қандай, қай жерде оқығаның маңызды емес деген пікірді естуің мүмкін. Бірақ бұл олай емес. Орта кәсіптік те, жоғары білімді де тектен тек таңдауға болмайды. Жақсы жоғарғы оқу орны — болашақ кәсіби қызмет үшін трамплин болып табылады. Кейбір университет түлектері ұзақ уақыт жұмыс таба алмай жүрсе, басқаларына университетте оқу кезінде ірі компанияларға жұмысқа тұру ұсынылып жатады.

Арманыңыздағы университетке түсу үшін жоғарғы оқу орнын мұқият таңдау керек. Төменде білім жолыңызды ақылмен құруға көмектесетін бірнеше практикалық кеңестер ұсынылған.

  1. Алдымен мамандық таңдау керек. Бұл кеңесті кәсіптік бағдар берудің алтын ережелерінің бірі деп атауға болады: егер сіз алыс жолға түссеңіз, қайда бара жатқаныңызды біліп, алдымен мақсатты көруіңіз керек. Өзіңіздің қабілеттілігіңізге сәйкес мамандықты таңдаңыз, содан кейін сол қалаған мамандықты меңгеру үшін ең жақсы білім мен жағдайды қамтамасыз ететін университеттердің тізімін құруды бастаңыз. «Алдымен білім аламын, содан кейін қайда жұмыс істейтінімді шешемін» деген мәселеге екінші жағынан қарасаңыз, алған дипломдарымен не істерін білмейтін жұмыссыз университет түлектерінің бірі болу қаупі бар.
  2. Университеттердің өз рейтингін құрыңыз. Интернетте сіз Қазақстан ішіндегі және шетелдік университеттермен таныса аласыз. Әрине, бұл рейтингтер білім беру үшін маңызды көптеген көрсеткіштерді біріктіред. Бірақ сіздің қалауыңыздағы университет ресми рейтингтермен сәйкес келуі міндетті емес.

Өз қалауыңыздағы университеттердің тізімін құру кезінде сіз үшін жеке маңызды көрсеткіштерді ескеріңіз.

✔ Білім деңгейі. Сіз күніне қанша сағат оқисыз, бағдарламаны меңгеру қаншалықты қиын, қорытынды емтихандарға біліміңіз бен дағдыларыңыз қандай болады? Егер сіз неғұрлым күрделі бағдарламаны таңдасаңыз, сіздің таңдауыңыз болашақта жемісін береді. Жаттығуда сізге қиын, бірақ шайқаста оңай болады. Бірақ университетке түсу ғана емес, онда абыроймен оқып бітіру де маңызды. Сондықтан, «Көрпеңе қарай көсіл» деген мақалды ұмытпа.

Қабылдау қиындығы және біріңғай ұлттық тестілеуден өту баллы. ЖОО таңдау кезінде мемлекеттік емтихан нәтижелерін ескеру қажет болады. Жоғары балл немесе жеткілікті жоғары емес, сіздің ойыңызша, БҰТ баллы — кез келген нәтижеге дайын болыңыз. Пирамидаңызға ең қолайлы емтихан тапсыратын университеттерді қосыңыз және БҰТ баллы жеткіліксіз болған жағдайда «балама аэродромды» қамтамасыз етіңіз.

Бюджетке түсуге болады ма? Егер сіздің ата-анаңыз сіздің инвесторларыңыз ретінде көмек қолын созуға дайын болса, онда бюджеттік орынға бару соншалықты маңызды болмауы мүмкін. Екінші жағынан, бюджетпен оқу өзін-өзі бағалауды арттырады және студенттердің дербестігін дамытады және бұл қасиеттер кәсіби табысқа жету үшін өте маңызды. Бюджеттен қаржыландырылатын орындарды белгілеуді немесе өте жақсы дайындықпен бюджеттік негізге көшу мүмкіндігін есте ұстау жөн. Өз-өзіне сенімділік — бұл өте құнды өмірлік дағды болып табылады.

Шетел университеттерімен келісім-шарттардың болуы. Қос дипломдық бағдарламалар оқу және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл бағдарламалар оқу орнын бітіргеннен кейін қазақстандық және шетелдік серіктес университеттің бір мезгілде дипломын алуды білдіреді. Қос диплом туралы толығырақ ақпаратты университеттің және белгілі бір факультеттің сайтынан табуға болады, өйткені жалпы университет емес, жекелеген факультеттер шетелдік университеттермен байланыс орнатады.

Оқу іс-әрекеті. Жабдықталған кітапханалар, мықты профессорлық-оқытушылық құрам, шетелден шақырылған оқытушылар, лингафондық кабинеттердің жабдықталуы, студенттердің сұраныстарына жедел жауап беретін әкімшілік, өндірістік тәжірибе, экспедиция және басқа да университет басшылығының оқу үдерісінің тиімділігіне қамқорлық көрсететіндігі. Кейбір ЖОО-да өндірістік тәжірибелер кәсіпорындар, өндіріс, кең орындарында жүргізіледі, және кейін сол өндіріс жақсы жағынан көрінген студенттерді оқу аяқталысымен жұмыспен қамту үшін шақыртулар жібереді. Сол үшін университет таңдамас бұрын, жұмыс жасау орнын ескерген де жөн. Институтта оқу қызық болуы керек. Ұқсас ақпаратты ресми веб-сайттан және студенттердің пікірлерінен таба аласыз.

Студенттік өмір және сабақтан тыс жұмыстар. Көңілді тапқырлар клубы, спорттық жетістіктер, түрлі үйірмелердегі жетістіктер  – егер сіз үшін институтта тек білім ғана емес, сонымен қатар көңілді атмосфера қажет болса, әлеуметтік желілердегі оқу топтары және таңдаулы университеттер мен факультеттердің студенттерімен сөйлесу маңызды болады. Ресми дереккөздерден алынған ақпараттың 100% -ына сенбеген жөн — ашық есік күні немесе веб-сайтта олар студенттердің фантастикалық қызықты әрекеттері туралы жария етеді, бірақ іс жүзінде бұл тек ақылы бөлімге азғыруға айналады.

Жатақханалар мен асханалар. Егер сіз басқа қалада оқуды жоспарласаңыз, жатақханалардағы жағдай қаншалықты жайлы екенін білуді ұмытпаңыз, өйткені жатақхана алдағы жылдары сіздің екінші үйіңізге айналады. Студенттің кез келген жерде ұйықтап, не жейтін кездері өткенде қалды деген үміт бар.

  1. Университет туралы барлық қолда бар ақпаратты зерттеңіз. Іздеңіз, талдаңыз және жүйелеңіз. Сіз қарастырып жатқан университеттер туралы әртүрлі ақпаратты іздеңіз, талдаңыз және жүйелеңіз.

Ақпаратты қайдан алуға болады:

✎ Университеттердің ресми веб-сайттарынан.

✎Университеттердің әлеуметтік желілерінде және факультеттер топтарында.

✎ Ашық есік күні.

Ешбір дереккөзге толығымен сенбеңіз, олардың барлығы субъективті: ресми сайт, ашық есік күні және білім көрмесі университетте оқудың «жылтыр» жағын көрсетеді. Сайттардағы шолулар, керісінше, көптеген теріс пікірлер әкеледі. Бірақ дәл осы келіспеушіліктің көмегімен сіз объективті суретті құра аласыз және белгілі бір жоғары оқу орнында білім мен өмірдің қалай жұмыс істейтінін түсіне аласыз.

Жас талапкер, Сізге армандаған университетті тауып, оған сәтті түсуіңізге тілектеспін. Болашағыңыз жарқын болсын!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *