САҒЫНЫШПЕН ҚАУЫШҚАН МАУСЫМАШАР…

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен «Сұңқар кубогы» КВН ойындары өтті.
Екі жылдық үзілістен соң, қайталанып отырған аталмыш жоғары деңгейлі жобаны ҚазҰУ жастары сағынып қалғаны да шындық. Тек студенттер ғана емес, аға буын өкілдері мен университет оқытушылары және өнер майталмандарының өзі студенттерді, әрі осындай кең көлемдегі жобаларды сағынғанын жеткізді.
Айта кетсек, осындай көңілді кеште
— ҚазҰУ тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Есімова Жұлдыз Дапенқызы

— «Bugin Holding» компаниясының директоры, бас демеуші Айбек Қуатбаев

— Театр және киноактеры Бақыт Тұшаев

— «Қазақстан КВН одағы» Республикалық Жастар Қоғамдық Бірлестігі Алматы КВН филиалының директоры, жайдарманшы Оңдасын Құлымбетов

— Жайдарманшы, актер Нұрсұлтан Жақсыген

— «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрағасы Нуридин Бақдәулет Баймаханұлы әділ қазылық етті.

Сонымен қатар факультет декандары мен Жастар Ұйымдар Комитетінің төрағасы Искакова Мадина Қанатқызы және өзін-өзі басқару ұйымдары төрағалары, студенттік декандар қатысушы командаларды қолдауға залға жиналды.

Қайта оралған бұл КВН ойындарын қызықтауға келген студенттер Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайын лықа толтырды. Көңілді атмосфера мен керемет көңіл-күйге бөленген жастар өз факультеттерінің «ұрандарын» айтып, оқ бойы озық келген командаларға шабыт беріп, қолдау көрсетті.

«Сұңқар кубогы» КВН ойындары маусымашар кезеңінде биыл тапқыр қыз-жігіттерден құралған 9 команда бой көрсетті:
1. «Миллиард» — География және табиғатты пайдалану факультеті
2. «Эйфория» — Еркін құрама
3. «Физтех жастары құрамасы» — Физика-техникалық факультеті
4. « Проспект Аль-Фараби» — «Көмек» Қоғамдық Қоры
5. «Айжан Бердикулова командасы»– Механика- математика факультеті
6. «Қызық» — География және табиғатты пайдалану факультеті
7. «IT құрамасы» — Ақпараттық технологиялар факультеті
8. «Штат 71/14» — Экономика және Бизнес Жоғары мектебіфакультеті
9. «Мех-мат құрамасы» — Механика- математика факультеті

Маусымашар ойындары өте тартысты өтті деуге әбден болады. Студентттік өмірдің қызықтары мен қиыншылықтарын, студенттер үйінің атмосферасын және карантиннен кейінгі оффлайн форматтағы сабақтарды әзілге қосып, жағымды әуен мен көңілді би қойылымдарын қойған студенттер бір-бірінен озып тұрғаны да шындық!

Үздіктерді іріктеп, жартылай финалға өткізу әділ-қазы алқаларына да оңайға соқпағаны рас. Кез-келген байқауда жеңілістің де болатыны секілді «Проспект Аль-Фараби» құрамасы мен «Физтех жастары»
құрамасымен қоштастық.

«Маусым жаңалығы» болған «Миллиард» командасы демеушілеріміз «skillsacademy.kz» 1 айлық тегін курсы мен «Қазақстан әйелдер одағы» атынан 20000 теңгелік сертификатқа ие болды
Креативті шақырту видеосы үшін «Штат 71/14» командасы демеушімізден «Zheka’s doner house» тегін жолдама ұтып алды
Ал «Маусымашар үздігі» болып көзге түскен ерекше ойыншы Аяжан Усенова ILIYAS TRAVEL компаниясынан 150000тг сертификатқа ие болды.

«Сұңқар кубогы» КВН ойындарының ҚазҰУ сахнасына сағындыра қайта оралғаны үшін қуаныштымыз! Жартылай финалға өткен қатысушы командаларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *