Жемістер әлемінде

Педагогтың аты-жөні: Құдайберген Назира Нартбайқызы
Мерзімі 14.10.21ж
Тобы: « Айгөлек»
Білім беру саласы: «Қатынас»
ҰОҚ: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Жемістер әлемінде»

ҰОҚ мақсаты:

Балалардың сөздік қорларын, жеміс түрлерінің атаулары мен танысу, оларды ажырата білуге үйрену, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:
Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін біледі. Жеміс түрлерінің атауларын айта алады,
Қолданылатын әдіс-тәсілдері 1. Шаттық шеңбер
2. Күз мезгілі туралы жұмбақ.
3. Күз мезгілі туралы сұрақ-жауап.
4. Артикуляциялық жаттығу
5. Игровизор арқылы жемістерді пішіндермен сәйкестендіру.
6. Д/О: « Анама қол ұшын бермін»
7. Мнемокесте арқылы жұмбақ жасыру
8. Әуен арқылы сергіту сәті
9. Қорытынды.

Жоспарлау
ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс- шаралар Ресурстар

ҰОҚ басталуы

1. Шаттық шеңбер
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

.
ҰОҚ негізгі бөлігі

Жұмбақ:
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды,
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)

3. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз.
— Күз мезгілінің ерекшелігі неде?
Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
– Күз мезгілдерінде ауа райы қандай болады?
– күн суытады жел болады, жаңбыр жауады,
– Балалар, біз дәрумендерді қайдан аламыз?
– Жеміс-жидектерден.
– Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, олай болса біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде жемістер туралы әңгімелесеміз, оларды ажырата отырып адам денсаулығына пайдасы жөнінде айтамыз.
– Балалар, жемістер қайда өседі?
– Жемістер ағашта өседі, оларды су құйып, баптап өсіреді.

Топқа қолында себет толы жемістері бар, іші ауырып мазасы болмай кірпі келеді.
Тәрбиеші: Кірпіжан саған не болды мазан болмай тұрғой?
Кірпі: мен жаңа жолда келе жатып Бақтан алма жұлып жеген едім енді ішім ауырып мазам болмай тұр дейді.
Тәрбиеші: Балалар қарандаршы Кірпіге қандай көмек , кеңес береміз. жеміс жеген кезде ең бірінші не істеу керек.
Балалар: қолымызды жуамыз, жемісті жуып жейміз.
Тәрбиеші: дұрыс айтасындар балалар.
Жемістер адам денсаулығына пайдасы өте көп,
Ал, балалар енді Кірпіжанның көнілін көтеріп, тақпақ айтып берейік.
Балалар кім жемістер туралы тақпақ біледі?
Жаннұр
Апорт деген алма бар
Жер жаратын атағы, Ондай алма қайда бар.
Алматы оның Отаны

Баймырза

Мен өріктен ірімін,
Алма, алмұртқа інімін Тәттілердің бірімін,
Дастарханның гүлімін,
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырынмын.
Айлика________________________________________
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Алихан

Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Оның аты құлпынай.

Бағым
Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
тамағыңа сүйегім.
балалар, жемісті тазалап, жуып жеуіміз керек. Оларды үнемі жеп жүрсек адамдар еш уақытта ауырмайды. Оларды күз мезгілінде жинап алып, дүкендерге сатуға шығарады, олардан адамдар әр түрлі кампоттар жауып, қыстыққа дайындап алады.
Мнемо кесте арқылы жұмбақ жасыру: (Әр сөздер айтылған сайын суреттері көрсетіліп тұрады)

1. Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)

Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

Балалар енді Игровизерді пайдаланып, жемістерді қандай пішіндермен ұқсас екенің сәйкестендіреміз.

Артикуляциялық жаттығу . Бақты аралап жеміс жегісі келіп жүрген араның дыбысын саламыз
Бал арасы ұядан шықты ұшып з,з,з,з,з,з,з з,з,з,з,з,з
Шыға келді алдынан кішкене ғана күшік гәф,гәф,гәф

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай бұтақтар
үп –үлкен боп өседі.
Жарайсындар балалар, енді

Тәрбиеші: Балалар енді Кірпіжанның іші ауырғаны қойса бізбен бірге ойнар мекен?
Қимылды ойын: Анама қол ұшын беремін ( Банка жабу ойыны)
Ойынның шарты; Төрт баладан ортаға шығады, себеттегі алма, алмұрт, құлпынай өрікті түстері бірдей қақпақты банкаға орналастырады. Тағы сол сияқты ойын бірнеше рет қайталанады.

ҰОҚ қортынды бөлімі

Кірпі әкелген алмадан аспазшы апай бізге шырын жасап береді , Шырыннын дәмін көріп балалар тәтті екенің айтады онда дәрумендердің көп екенің біледі.
Қонақтарға себет толы жемістер береді, бірақ бір шартымыз бар жемістерді жуып жеңіздер деп қоштасамыз.
Кері байланыс:
1. Балалар жемістер қайда өседі екен?
2. Жемістерден не жасаймыз?

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *