Тәуелсіздікке сценарий

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»

Гимн орындалуы

1-жүргізуші:

Армысыздар, Отандастар!

2-жүргізуші:

Қайырлы күн,  қымбатты қонақтар,  ұстаздар,  оқушылар!

1-жүргізуші:

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.

Еліміздің тәуелсіздік алуы —  халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

2-жүргізуші:

Сол боздақтарымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

1 жүргізуші

Осы боздақтарды еске алу мақсатында  Бір  минуттық  үнсіздік жариялаймыз

Құттықтау сөз:   Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы

Аманжол Гарифоллаұлына беріледі

2-жүргізуші:  

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін.

 

1-жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Бишілер тобы

2 жүргізуші

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

 

Көркем сөз  4 сынып оқушылары:

1 жүргізуші

Біз қазақпыз, бейбіт елміз

Пейілі кең бейне теңіз!

Алтын бесік туған жерді,

Асқақ әнмен тербетеміз.

ӘН:

2 жүргізуші

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан –бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Құттықтау сөз

1 жүргізуші

Қазағымның тарихы жатқан аңыз

Ел болдық егеменді мақтанамыз.

Төбеміз көкке жетті қуаныштан,

Жаңғырды ата дәстүр, салт-санамыз.

                                                                                                                                     

Күй: Ақбаян орындайтын Рустемқызы Райана

2 жүргізуші

Тәуелсіздік төрімізде,

Желбірейді туымыз.

Қазақпын деп мақтанады,

Қызымыз бен ұлымыз.

1 жүргізуші

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Композиция   «Көзімнің қарасы» орындайтын

2 жүргізуші

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

Күй  «Кеңес» орындайтын Шайхмеденов Азамат

 

 

 

1 жүргізуші

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

2 жүргізуші

Қазақпын, қойнауы –құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.

Хор «Моя родина Казахстан»

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы

Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.

Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан,

Шырағы мен пырағының тұрағы.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

1-жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұлы — өжет, қызы қайратты, қаhарман.

2-жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.

1-жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!

2-жүргізуші: Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!

1 жүргізуші Бүгінгі  «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты кешіміз аяқталды!

Назарларыңызға рахмет!

Той тойға ұлассын!

Қош сау болыңыздарІ

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *