Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған қимыл- қозғалыс ойындарының түрлері

Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған қимыл- қозғалыс ойындарының түрлері.

1.Дид/ойын «Моншақты тіз»

Мақсаты : оқушылардың  танымдық қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Есте сақтау қабілеті мен сенсорлық  түсінігін  дамыту.

Шарты: беріген схема бойынша оқушы себетте тұрған түрлі түсті доптарды  моншақ секілді тізу қажет.

Құралдар: үлкен скоч,түрлі түсті кішкентай  доптар,себет схема.

2.Дид/ойын «Шахмат»

Мақсаты : оқушылардың  танымдық қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Есте сақтау мен  кеңістікте бағытталу  қабілеттерін дамыту.

Шарты: мұғалім оқушының  көзін байлайды, ал оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша кеңістікте бағдарлауы тиіс.

1.Мұғалім оқушының  басынан сипаса ол бір қадам алға жүреді,оң иығынан  қолын қойса олбір қадам оңға жүреді,ал сол жақ иығына қолын қойса ол сол жаққа бір қадам басады.

2.Тақтада арнайы схема илулі тұрады оқушы сол схема бойынша тормен жүруі тиіс.Мұғалімнің оқушының нұсқауды дұрыс орындауын қадағалап отырады.

Құралдар:үлкен тор көздер, схема.

  1. Дид/ойын «Кім жылдам?»

Мақсаты : оқушылардың   қайшымен жұмыс істеу  қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту,тапсырманы тез әрі тиянақты орындауға үйрету.

Шарты: оқушылардың алдына дайын  графикалық сызулар беріледі.Оқушы қайшымен сол сызулардың бойымен тез қиып шығуы тиіс.

Құралдар:қайшы,дайын графикалық сызулар

 

4.Дид/ойын «Әдемі ойыншықтар»

Мақсаты : оқушылардың  танымдық қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Есте сақтау қабілеті мен сенсорлық  түсінігін  дамыту.

Шарты:алаңда түрлі түсті ойыншықтар  араласып шашылып жатады.Оқушы ата- анасымен бірге сол ойыншықтарды жинап, әр қайсысын  түсті  үйшігіне салуы қажет.

Құралдар:түрлі түсті үйшіктер,түрлі түстіойыншықтар.

5.Дид/ойын « Лабиринт»

Мақсаты : оқушылардың  танымдық қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Есте сақтау мен  кеңістікте бағытталу  қабілеттерін дамыту.Лабиринт бойымен жүру дағдысын дамыту.

Шарты:оқушы лабиринт жолымен  ағашпен итеру арқылы жүргізіп шығуы тиіс

Құралдар:арқаннан жасалған лабиринт,доп, таяқша.

  1. Дид/ойын «Лента»

Мақсаты : оқушылардың  танымдық қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту,ойынның шартын түсініп өздігінен орындауға үйрету. Есте сақтау қабілеті мен сенсорлық  түсінігін  дамыту.

Шарты:бұл ойын топпен ойналады.Оқушылардың тез ойлап, шапшаң қимылдауын талап етеді. Ортада түрлі түсті ленталар  аласа жіпте ілініп тұрады. Бір-біріне қарама қарсы тұрған аяқтарымен лентаны жіптен  бір бірлеп тартып алып,өздерінің жағындағы тиісті торларына апарады.Ойын лента біткенше жалғасады. Оқушылар кезекпен ауысады.

Құралдар:түрлі түсті ленталар,жіп,торлар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.