Жастар-жарқын істердің бастауы

Балдәурен-әрбір баланың жүргіндегі мәңгілік сақталып қалатын арман аралы, ғажайып ертегісі. Орталығымызда балалар демалсын барынша тиімді әрі қызықты өткізу үшін балдәурендік ұжым аянбай еңбек етеді. Соның бірі-тәрбие кешені. Ал тәрбие кешенінің мақтанышы- ұйымдастырушы -ұстаздар.

Орталығымызда сегіз қырлы, бір сырлы «Жастар» педагогикалық отряды жұмыс жасайтыны баршаңызға белгілі. Міне, бүгін «Жастар» отрядына 19 жыл. Дана халқымыздың: «Көңілді жастар қайда болса, қуаныш сонда»-деген, мақалы біздің ұйымдастырушы-ұстаздарға арналғандай. Себебі: жалынды жастарымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында балалардың әр күні қуанышқа бөленіп өтеді. Ұйымдастырушы-ұстаздар балалар үшін дос, қамқоршы, ақылшы әрі ұстаз. Олар балалардың әрбір күні естен кетпестей өтуі үшін тынымсыз жұмыс істеп, балаларға бар махаббатын беріп, бала үшін ең жақын жанға айналады. Ұйымдастырушы-ұстаздардың балалар демалысы үшін атқарар еңбектері орасан зор.

«Балдәурен» РОСО алдындағы өлшеусіз еңбектеріңіз үшін үлкен алғыс білдіріп, балаларды тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңыздың жемісін көрулеріңізге тілектеспіз. 19 жылдық мерей тойларыңыз құтты болсын!

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының баспасөз хатшысы: Бекболатова Жансая

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *