«Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы»

Абылаева Жанар

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылы,

№20 З.Шүкіров атындағы орта мектебінің  педагог ұйымдастырушысы

  Мақсаты: Қыз бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей  білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын  ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітаптар, суреттер, слайд, стикерлер, бейнеүзінді.

  1. Кіріспе

Қайырлы күн қадірлі қыздар мен ұстаздар! «Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты сынып сағатымызға қош келіпсіздер! Қазіргі таңда қыздар тәрбиесі ерекше мән беруді қажет етіп отыр. «Ұлт тәрбиелей отырып, жер тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген халқымыз. Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың,нәзіктітің, сыпайылылқтың белгісі деп таныған. Қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін,әдемілігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалаған.

  1. «Қыз» сөзіне ассоцация.

Мұғалім: Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерпаздық пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниетті, ақкөңіл қасиеттерді көргіміз келеді. Қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда, қыз бала тәрбиесі ерекше мән береді. Қазақ халқында қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстаған, қыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отырған.

Қыз өмірдің гүлі. Қыз – қызғалдақ деп айтып жатады. Жалпы «Қыз бала» ұғымын өзіміз қалай түсінеміз, айтып көрейікші кәне? Кім ол қыз деген? (Болашақ ана; ұрпақ жалғасы; сүйікті жар; ұлттың ұяты, халықтың шырайы; )

3.Қыздарға  кеңес

Кей  қыздар  сән  қуамыз деп, түрлі бояуларды  баттастырып, өзінің  кімге айналғанын білмей де қалады. Олар баттасқан бояу жаққанда  өздерін   әдеміміз   деп   ойлайды, ал шындығында  олар   сорақы көрініп, айналасындағылардың зәресін ұшырып, жиркенішін тудырады. Сен табиғи, шынайы, жылы жүзді болуың керек. Сонда ғана жұртты өзіңе тарта аласың.Тартымды  бол. Бұл дегеніміз қуыс кеуде болма деген сөз. Барлық қымбат пен жақсыны үстіне кигенімен, ол қыздың ішкі өресі болмаса, онымен не туралы сөйлесуді білмесең, он жерден үлде мен бүлдеге оранып тұрса да мұндай қыздар тез жалықтырады. Көбірек оқы, танымдық теле бағдарламалар мен фильмдер көр, мұражай, театрлар мен көрмелерге жиірек барып, өзіңнің көкжиегіңді кеңейт, спортпен айналыс. Сонда ғана сен көп адамға тартымды көрінесің. Ең бастысы сырт келбетің емес, ішкі рухани байлығың екенін естен шығарма. «Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес.Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады. Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады.

  1. Сұрақ-жауап:
  2. 1. Қыз балалардың бойында  қандай қасиеттер  болуы  мүмкін
  3. 2. Өзіңді ұстау ережелерін  білесің  бе? (қонақта, театрда,  сабақта, спорт  залда,  асханада)
  4. 3. Сен киіну мәдениетіне  мән  бересің  бе?
  5. 4. Қыздарға байланысты қандай  тыйым  сөздерді  білесің бе?     Қорытынды

    Ұлы даланың дана қыздарының бүгінгі жас ұрпағы елдіктің ұраншысы және инабатқа толы өмірдің қозғаушы күші болса екен дейміз қара көздеріміз. Өз халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық намыс та, ұлттық рух та, жарасымдылық та табылары анық. Жас өрендеріміз талшыбық сияқты. Оны аялап-мәпелесең, бәйтерек болып өсері анық. Қыздарымыз саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет биігінен көрінері сөзсіз.
    Өзіміз аталмыш жастардың біреуі бола отырып, жастарды жамандыққа шақырудан аулақпыз. Күнделікті жол үстінде тілі мен сипаты бұзылмаған, өнегесі  мен инабаттылығы бойына жарасқан қаракөз апа-сіңлілерімізді топтап жолықтыруға болады. Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды  өнегемізді,жоғалтпай заман ағымынан қалмау — уақыт талабы. Өсіп-өркендеп келе жатқан  біздің мемлекетіміздің тірегі ол — жастар! Ал біздің қазақ жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз  өте зор!-дей отырып «Қыз — ұлттың   ұяты , халықтың шырайы» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *