Жоба: «Артық білім кітапта»

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының

Орал қаласы білім бөлімінің «Мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА»

ЖОБАСЫ

 

 

                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:

Зулкашева Г.А. – МТЖО әдіскері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     ОРАЛ – 2021

 

 «АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА»  ЖОБАСЫ

 

І. Жоба төлқұжаты

 

 

Жоба атауы «Артық білім кітапта»
Ұраны «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» (Әлішер Науаи)
Жоба мақсаты Жас ұрпақ бойында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, кітап пен кітап оқудың имимджін арттыру, оқырман талғамы мен қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ету, үздік оқырмандарды анықтап, ынталандыру.
Негізгі міндеттер —         Тәрбиеленушілермен шығармашылық байланыстар орнату;

—         Тәрбиеленушілер арасында кітап оқу дәстүрін қалыптастыру, бәйге ұйымдастыру;

—         Тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, көрсету, жария ету, марапаттау.

 

Жобаны жүзеге асыру мерзімі Ұйымдастыру кезеңі – 2021 жылғы қыркүйек

1-кезең – 2021 жылғы қазан

2-кезең – 2021 жылғы қараша

Қорытындылау – 2021 жылғы желтоқсан

 

Мақсатты  индикаторлары —       МТЖО-дағы барлық үйірме тәрбиеленушілерін тарту;

—      Тәрбиеленушілер арасынан талантты оқушыларды анықтау.

Күтілетін нәтижелер —         Қазіргі таңдағы компьютерсүйгіш балаларда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру;

—         Балаларды әдеби кітап оқуға баулу, оқу дағдыларын қалыптастыру.

—         Кітап оқуды сәнге айналдыру.

—         Кітап оқу әдетін қалыптастыру арқылы балалардың тілдерін дамыту, интелектуалдық ой-өрісін кеңейту.

Жоба қатысушылары Қосымша білім беру педагогтары, МТЖО тәрбиеленушілері, ата-аналар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Жалпы ережелер

 

 

«Әлемдегі ең керемет кинозал – ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің», — деп жазады британдық кинорежиссер, көптеген әйгілі тарихи және фантастикалық фильмдердің авторы Скотт Ридли.

Кітападам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім  және тәрбие беретін құрал. Кітап оқымай білім алу, өмірді түсіну мүмкін емес. Сондықтан жас ұрпақ кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Әр баланың жүрегінде сиқырлы кітап әлемінің нық орын алуына, кітап оқу арқылы әлемнің әр түрлі бейнесін көруге, шығармалардағы оқиға желістері арқылы өмірдің қилы-қилы соқпақтарын түйсінуге, тіл тазалығын қалыптасыруға көмектесу керек.

 

Жоба мақсаты: Жас ұрпақты кітап оқуға тарту, балаларға тәрбиелік мазмұндағы кітаптарды ұсыну, жас ұрпақ бойында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, кітап пен кітап оқудың имимджін арттыру, оқырман талғамы мен қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ету, үздік оқырмандарды анықтап, ынталандыру.

 

Негізгі міндеттер:

  • Тәрбиеленушілермен шығармашылық байланыстар орнату;
  • Тәрбиеленушілер арасында кітап оқу дәстүрін қалыптастыру, бәйге ұйымдастыру;
  • Тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, көрсету, жария ету, марапаттау.
  • МТЖО-дағы барлық үйірме тәрбиеленушілерін тарту;
  • Тәрбиеленушілер арасынан талантты оқушыларды анықтау.

 

Күтілетін нәтижелер: Қазіргі таңдағы компьютерсүйгіш балаларда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру; Балаларды әдеби кітап оқуға баулу, оқу дағдыларын қалыптастыру. Кітап оқуды сәнге айналдыру. Кітап оқу әдетін қалыптастыру арқылы балалардың тілдерін дамыту, интелектуалдық ой-өрісін кеңейту.

        

Жобаны жүзеге асыру механизмі:

Ұйымдастыру кезеңі — Жобаға қатысушыларды анықтау (қатысушылардың өтініштерін қабылдау).

1-кезең – Қатысушыларға 1-кезең тапсырмасы беру (оқуға тиіс кітап атауын жариялау) және тапсырма бойынша сынақ өткізу (кітаптағы басты кейіпкер туралы эссе жазу және кітап бойынша тест тапсыру), сынақ қорытындасы бойынша 2-кезеңге жолдама беру.

2-кезең – Қатысушыларға 2-кезең тапсырмасын беру  (оқуға тиіс кітап атауын жариялау) және тапсырма бойынша сынақ өткізу (кітаптан үзінді оқу және кітап бойынша тест тапсыру).

Қорытындылау – Жоба жеңімпаздарын анықтау, марапаттау.

 

 

 

Жобаны ұйымдастыру, жоба қызметінің мазмұны мен бағытталуы:

  • Жоба Мектептен тыс жұмыс орталығында жүзеге асырылады.
  • МТЖО-жоба ұйымдастырушысы болғандықтан, келесі мәселелерді шешеді:
  • жұмыс тобын құру;
  • қосымша білім беру педагогтарына тәрбиеленушілерді даярлау жөнінде кеңестер беру.

Жобаға қосымша білім беру педагогтары, үйірме жетекшілері, оқушылар қатысады.

Жоба жұмысының қорытындысы

Жоба жұмысының соңында:

  • жоба қатысушыларының кітап оқуға деген қызығушылықтары оянады, кітап оқу дағдылары қалыптасады, сөйлеу мәдениеті мен шеберлігі артады.
  • МТЖО тәрбиеленушілері арасында шығармашылық қарым-қатынастар орнайды;
  • МТЖО тәрбиеленушілері арасынан үздік оқырман анықталады, жария етіледі, марапатталады.

 

Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының Орал қаласы білім бөлімінің «Мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.  «Артық білім кітапта» жобасының жұмыс жоспары

 

Кезең атаулары Кезең мазмұны Уақыты
1.     Дайындық кезеңі
 

Ұйымдастыру

Жобаның жұмыс тобын құру

 

Қыркүйек

2021 ж.

Қосымша білім беру педагогтарына тәрбиеленушілерді даярлау жөнінде кеңестер беру.
Жобаға қатысушалырды анықтау (өтініштерін қабылдау)
2.     Негізгі кезең

 

1-кезең Қатысушыларға тапсырма беру (оқуға тиіс кітап атауын жариялау). Қатысушыларға кітапты оқуға 25 күн уақыт беріледі. Қазан айының басы 2021 ж.
Тапсырма бойынша сынақ өткізу. Қатысушылар эссені үйден жазып әкеліп, тапсырады. Барлық қатысушылар бір мезетте офлайн тест тапсырады. Тест 100 сұрақтан тұрады, әр дұрыс жауапқа 1 баллдан беріледі. Қазан айының соңы 2021 ж.

 

Сынақ қорытындасы бойынша 50 балл жинаған қатысушыға 2-кезеңге жолдама беріледі.
2-кезең Қатысушыларға тапсырма беру (оқуға тиіс кітап атауын жариялау). Қатысушыларға кітапты оқуға 25 күн уақыт беріледі. Қараша айының басы 2021 ж.
Тапсырма бойынша сынақ өткізу. Қатысушылар кітаптан үзінді оқиды (монолог, диалог немесе кейіпкерлердің ой-толғауы). Барлық қатысушылар бір мезетте офлайн тест тапсырады. Тест 100 сұрақтан тұрады, әр дұрыс жауапқа 1 баллдан беріледі. Қараша айының соңы 2021 ж.

 

Сынақ қорытындасы бойынша жеңімпаздар анықталады.
3.     Қорытындылау

 

Жоба тиімділігін бағалау «Артық білім кітапта» жобасының қорытынды кешін ұйымдастыру. Кеште үздік оқырмандарды анықтап, марапаттау, ынталандыру сыйлықтарын беру (бас жүлде, 1,2,3 орындар) Желтоқсан

2019 ж.

Жоба бойынша ұсыныстар мен пікірлерді тыңдау, жобаны талдау.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *