Абайдың «адам бол» приципін ұстана алып жүрміз бе?

Исі қазақта Абайдан асқан ақын бар ма еді, шіркін! Өткендер де, қазіргілер де Абайдың ұлылығын мойындады, тарих өз бағасын берді. Абай – қазақ ақындарының шыңы. Алайда, біз – қазіргі ХХІ ғасыр жастары оның бағасына қаншалықты жете алып жүрміз деген ой мазалайды. Абай секілді ұлы ақынның арнап өлең жазбаған тақырыбы жоқ. Табиғат дейсіз бе, ұлттық құндылық, дін тақырыбы, халықтың тұрмысы – барлығы ақын қаламынан тыс қалған емес. Бірақ, осы сан-алуан тақырыптың ішінде Абайды көп толғаған қара қазақтың жағдайы, оның білім алу мәселесі, болыстыққа талас мәселесі, ұрлық-қарылық, алаяқтық. Абайды халықтың еңбек істеуге талпынбайтындығы, бүгінгі күнмен өмір сүріп, білім мәселесіне аса мән бермей, тек басым мен малым аман болса деген оймен ғана өмір сүрген күйлері қынжылтады. Өзінің «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» атты өлеңінде пайдакүнемдерді, ұрлыларды, халықтың білімсіздігін көре тұра әрекет қылмайтындарды сынайды.
Арада бір жарым ғасыр өтсе де, өзіміздің арамызға зер салып, халықтың жағдайын қарайтын болсақ, Абайдың сөздерінің әлі де өзектілігін жоғалтпағанын көреміз. Абайдың заманындағы қазақтың бойындағы болған қасиеттер әлі де бар екенін байқау қиын емес. Әрине, қазіргі уақытта халық өркениетке жол тартып, рухани дамып келе жатқаны рас. Бірақ, жаһандану процесі бізге әсерін қалай тигізетінін біле алмаймыз. Ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып алмасымызға кім кепіл? Сонда «арбаны сындармай, өгізді өлтірмейтін» жолды қалай табамыз? Меніңші, барлық жауапты Абай береді. Оның өлеңдеріне зең қойып қарасақ өз мәселелеріміздің шешілетінін байқар едік.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
…Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
Осы өлең жолдарымен Абай «толық адам» болуға деген жолды көрсетіп тұрғандай.
Автор: Аллаяров Байбол Шымбайұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің магистранты.

Жетекші: Жанатаев Данат Жанатаевич, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия кафедрасының доценті,философия ғылымдарының кандидаты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *