Тігін бұйымдарын дайындаудың негізі кезеңі

  Оқу орнының атауы «Қарақия кәсіптік колледжі» МКҚК
1 Модульдің атауы/пәні Тігін өндірісінің технологиясы
1.1 Сабақтың тақырыбы Тігін бұйымдарын дайындаудың негізі кезеңі

 

1.2 Дайындаған оқытушы Ерданова Гульзира Улыскызы
1.3 Курс, оқу жылы, тобы 1-курс
1.4 Сабақтың түрі Аралас сабақ
II Сабақтың мақсаты, міндеті

 

Білімділік: Студенттерге тігін бұйымдарын дайындаудың негізі кезеңдерімен таныстыру;

Дамытушылық: Студенттерге тігін бұйымдарын дайындаудың негізі кезеңдерімен таныстыра  отырып, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерді ұқыпты, жинақы жұмыс жасауға және әрбір детальді, материалды үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмтылдыру.

 

II.1 Сабақ барысында білім алушылардың қалыптасатын кәсіби дағдылары Амандасу, құрал-жабдықтарын түгендеу;
III Техникалық құрал-жабдықтар Кітап, схема, үлестірме
III. Оқу әдістемелік құралдар мен әдебиеттер Э.К.Амирова,  А.Т.Труханова,  О.В.Сакулина,  Б.С.Сакулин «Тігін  бұйымдарының  технологиясы»
IV Сабақ барысы Негізгі мазмұны:

Киім  дайындау  процесі  мынадай  негізгі  кезеңдерден  тұрады:1.модель,  конструкция  және  лекало  құрастыру; 2. материалды  пішуге және  пішімді  дайындау  ; 3.бұйымды тігу және өңдеу. Жаппай  өндіріс  үшін  модельдерді  әзірлеумен  және  бұйымдарды конструкциялаумен  жекелеген  дизайнерлік  бюролар  немесе дизайнерлер  кәсіпорын  тапсырыстары  бойынша,  сондай-ақ  кейбір кәсіпорындардың эксперименттік цехтары айналысады. Бағыттаушы  міндеттегі  модельдер  топтамасы  әзірленгеннен кейін,  оны  кәсіпорындар  мен  ұйымдарға  көрсетуді  ұйымдастырып,жетекші  базалық  модельдерді  модельдеу,  конструкциялау  және оларды  дайындау  технологиясы  жөніндегі  әдістемелік нұсқаулықтарды  таратуға  болады.  Топтаманы  қарағаннан  кейін кәсіпорындар  модельдердің  мөлшерін,  өлшем  мен  ұзындықтың ұсынылатын  шкалаларын  және  материал  артикулдарын  көрсете отырып,  топтама  әзірлеуге  өтінім  (техникалық  тапсырма)  беруі  тиіс.Кәсіпорынның  техникалық  тапсырмасының  негізінде  модель эксиздері әзірленеді. Әзірленген  эскиздер  бойынша  таңдалған  материалдардан модельдер  дайындалады.  Эскиз  немесе  таңдалған  материалдан тігілген  эскиз  бен  үлгі  түрінде  әзірленген  модельдер  кәсіпорынға беріледі.

Бұйымды  конструкциялау  –  конструкцияны  әзірлеу  процесі.Конструкция  бөлшек  қиықтарының  түйіскен  орындары  көрсетілген және  дайындау  әдістері  сипатталған  нақты  шамадағы  бұйым сызбасы болып есептеледі. Техникалық  құжаттамада  әрбір  модель  үшін  ұсынылатын өлшемдер,  бойлар  мен  толықтық;  мата  артикулы,  пішімнің техникалық  шарттары,  лекало  ауданы  мен  матаның  шығыс нормалары,  өңдеу  әдістері,  лекалоны  және  дайын  бұйымды  өлшеу кестелері, бұйымды таңбалау, қаптау ережелері көрсетіледі. Кәсіпорынның  эксперименттік  цехы  киім  модельдерін  эскиз  бен үлгі  бойынша  өз  бетінше  әзірлеп,  шығара  алады,  сонымен  қатар конструкция мен техникалық құжаттаманы әзірлейді.Сауда  ұйымдары  киімді  көтерме  сату  жәрмеңкелерінде  ұсынған модельдер  өнеркәсіптік  өндірісте  бұйым  шығаруға  арналған  үлгі ретінде қызмет етеді. Киім  дайындау  процесіне  үш  басты  цех  қатысады  –эксперименттік, дайындау-пішу және тігін цехы.Эксперименттік  цех  жұмысшылары  модельді  өндіріске  жіберуге дайындаумен  айналысады.  Эксперименттік  цех  жұмысшыларының функцияларына: конструкция  әзірлеу  және  модель  үлгісін,  бұйым лекалосы  мен  техникалық  құжаттаманы  дайындау;  лекалоны тексеру,  көбейту  және  дайындау;  лекалоның  аралас

жайылмаларындағы  өлшем,  бой  үйлесімін  таңдау;  лекалоның эксперименттік  жайылмаларын  дайындау  және  матаның  шығыс нормаларын  белгілеу;  трафарет  дайындау,  өндірісте  материалдарды пайдалану дұрыстығын бақылау кіреді. Дайындау-пішу  цехы  екі  учаскені  біріктіреді:  даярлау  және пішу.

Дайындау  учаскесінің  жұмысшылары  маталарды  қабылдап, сақтайды,  олардың  сапасын  тексереді,  мата  бөліктерін  өлшеп, оларды  сұрыптайды,  төсемдерге  арналған  мата  бөліктерін таңдайды,  төсемдердің  сыртқы  алдыңғы  бойларында  лекалоның суреттемесін дайындайды. Пішу  учаскесінде  мата  төсеуді,  төсемдерді  бөліктерге  бөлуді,бұйым  бөлшектерін  қиюды  орындайды,  пішім  сапасын  бақылауды жүзеге асырады, пішім бөлшектерін жиынтықтайды.Пішу  өндірісінің  процестерін  жетілдіру  жоғары  сапалы  пішім алуға,  материалдарды  үнемдеуге  және  өнім  бірлігіне  жұмсалатын шығындарды азайтуға арналған. Арнайы  пішу  үстелінде  тез  қайта  қосылатын  және  секциялық автоматты  түрде  өшетін  ауа  көпшігінде  пішімнің  жоғарылығын талап  ететін  бөлшектерді  пішеді.  Бұл  құрал-жабдық  еңбек өнімділігін  арттыруға  және  материалды  үнемдеуге  мүмкіндік береді. Тігін цехтарында сырып  тігетін  және  арнайы  машиналармен,  сондай-ақ  ылғалды жылумен  өңдеуге  арналған  құрал-жабдықпен  жарақталған  тігін цехтарының  технологиялық

ағындарында  тігін  бұйымдарын дайындайды.  Аталмыш  ағындар  бір  модельді,  көп  модельді  (оларда бір  мезетте  бірнеше  модельді  дайындайды)  және  көп сұрыпталымды  (бұйымның  бірнеше  түрі  дайындалады,  мысалы көйлек пен халаттар) болуы мүмкін. Киім  дайындау  кезінде  қол,  машина,  үтіктеу  және  баспақтау жұмыстары  орындалады.  Үтіктеу  және  баспақтау  жұмыстарына негізгі  бөлшектерді  желімдік  жабыны  бар  астарлы  бөлшектермен біріктіру үшін орындалатын жұмыстар жатады.

Бөлшектерді өңдеу және құрастыру әдістері:

■  тізбекті;

■  параллель  (желімді  төсемені  негізгі  бөлшекпен  баспақтауарқылы біріктіру, баспақпен бөлшектің пішінін қалыптастыру);

■  параллель-тізбекті  болуы мүмкін (көп инелі машинада,  пышақты машинада және т.б. бөлшектерді өңдеу).

Киім  бөлшектері  мен  олардың  қосылыстарын  өңдеу  үшін  ине, желім  және  кейде  дәнекерлеу  қолданылады.  Осыған  байланысты жіптік,  желімдік  және  дәнекерлі,  тойтармалы,  құйма  сияқты біріктіру тәсілдері бөлінеді.

 

В) Сызбаны толтырыңдар

Эксперименттік  цех  
Дайындау-пішу цехы  
Тігу цехы  
V. Сергіту сәті Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,
Матаның күнде жейді басын қыршып,
Матаның жеген сайын басын қыршып,
Артынан түбіт тұрар қыл-шыбыршық (Қайшы)

 

Адамға сонша пайдалы,
Басында сансыз көзі бар. (Оймақ)

 

 

Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,
Мойнында ұзын арқан сүйретілген.(Ине,жіп)

 

VI Үй жұмысы Оқып мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру.

Сызбаны толтыру.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *