Туған жер

Туған ел — кіндік қаным тамған жерім,
Өзен-көл, асқар тауың, жазық белің.
Ауасы саф алтындай, суы зәмзәм,
Тамсана кім жырламас туған жерін!

Жаманның да, жақсының да панасы,
Жанарымның ағы мен қарасы.
Қымбат маған әр талың жайқала өскен,
Қазынасың өлшенбейтін бағасы.

Қызылорда, Сыр елі — өз елімсің,
Қорқыт баба, Әйтеке би мекенісің
Ризамын дүниеге есігін ашқаныма
Маңдайдағы бақытым екі елісің.

Сағынышым сарғайған сары күздей
Сағынамын туған жер, сені үзбей
Болса- дағы мекенім сұлу, көркем,
Табылмас маған Отан мына сіздей!

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Bilimger.kz Республикалық білім және ғылым порталы Республикалық білім және ғылым порталы ✅ ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі тіркелген 📋 Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718
Прокрутить вверх