Ыбырайға

Қазағымның бәйтерегі, саңлағы

Нұр ғып төкті білімімен бар жанын.

«Кел, балалар, оқылық!» деп жырлаған

Ыбырайдың әрбір сөзі ем маған.

Әлі есімде оқыған сол өлеңім,

Кеудеме бір ерекше нұр бергені.

Жырларыңды жадымда жақын сақтап,

Әлі талай есіміңді өрлетемін.

Ыбырай ағартушы, ұстаз, ғалым

Түзетер тәрбиемен адам жанын.

Жақсылық-жамандықтың ара-жігін

Үйреткен шәкіртіне салып барын.

Тарихтың беттерінен көрді көзім,

Тасқа қашап жазылғандай әрбір сөзің

Өзің едің бір ғасырдың данасы

Мәшһүр еткен кең қазақтың даласын.

Өзің едің байрағы адалдықтың,

Құтқарған халқымызды надандықтан.

Ұлы ұстаз, бас иеміз еңбегіңе,

Қабыл ал, мың бір алғыс бар халықтан.

Ұқсамайсың сен өзге ақындарға,

Сені өлді деп айтуға хақым бар ма?!

Сен өлсең де артыңнан қалған мұраң

Мәңгілікке қалады ел жанында.

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *