Ұстаздық — ғасырлар тоғысындағы ұлы мамандық!

Ел болашағы жастарға білім нәрін сусындатып, келешек ұрпақтың жан-жақты бағыттағы тәрбие мен білім алуы ұлы тұлға Ұстаздың өз жұмыс бағытында алдына қойған мәртебелі бастамасы. Адам бойына қуат, жүрегіне жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жанына азық, өмірге өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет екендігі анық. «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деп кемеңгер Абай Құнанбайұлы айтып өткендей педагогикалық бағыттағы маман даярлайтын біздер үшін бұл мамандық ұлт болашағына жауаптылықты басты орынға қоюды естен шығармауды нақтылайды.

Осы тұста, бүгінгі келіп жеткен маңызды мерекелердің бірі, әрине Ұстаздар мерекесі – айрықша, маңызды күн! Дәл осы оқытушылар қауымы өз ісіне бар зейінін сала отырып жастардың білім, білік, дағдысын, қоршаған әлемге деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Әрқайсысымызда дерлік бағыт-бағдар берген, білім жолындағы көзқарасты, дүниетанымды қалыптастырған, құрмет тұтатын тұлғалар бар. Педагог мамандығы қай уақытта да болмасын ең қадірлі де құрметке лайықты болып қале береді.

Жоғары білім беру үдерісі шыңында еңбек ететін педагогтардың борышы айрықша. Жоғары мектеп педагогтары әр түрлі маманданудағы, яғни, мемлекеттің дамуы мен жаһандануы тәуелді болатын болашақ мұғалімдерді, тарихшыларды, қазақ тілі мамандарын, психологтарды т.с.с. оқытып тәрбиелейді. Педагогтар студенттермен өздерінің кәсіби біліктілігін бөлісіп қана қоймай болашақ мамандарды өз бетінше шешім қабылдауына, еркін ойлауына, құзыретті болуына үйретеді. Бұл өз кезегінде ұлы Отанының рухты, ұлтжанды азаматтарының қалыптасуына орасан зор ықпалын тигізетінін атап өтуге болады.

Құрметті, университет педагогтары, сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздердің, яғни, педагог мамандардың аянбай еңбек етуінің арқасында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті жетекші оқу орындарының бірі болып отыр. Бұл әрине сіздердің өз қызметтеріңізге адалдық пен жауапкершілік таныта отырып жас ұрпаққа үлгі көрсетулеріңіз.

Қадірлі әріптестер, жұмыстарыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жаңа кәсіби жеңістер тілеймін. Алар асуларыңыз бен шығармашылық белестеріңіз көп болғай!

Мерекелеріңізбен!

Педагогика кафедрасының меңгерушісі:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *