Өлкені сипаттау өнері

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада Мектеп: «Бозанбай орта мектебі» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Қысатай А.Т.
Сынып: 6

Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Өлкені сипаттау өнері
Оқу мақсаты 6.1.1.1 — тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау;
6.1.5.1 — тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау;
Сабақтың мақсаттары Барлығы: тірек сөздер, суреттер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты болжай алады;
Көпшілігі: тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтауда аздаған қиындықтарға тап болады;
Кейбірі: тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтай алады;
Тілдік мақсаттар (А) Сұрақтарға жауап беріп, сабақ тақырыбын болжайды.
(Ж) Жетекші сұрақтарға жауап беріп, мәтіннің негізгі ойын дәптерлеріне жазады;
(Т) «Болжау» әдісін қолдану барысында аудиожазба тыңдайды;
(О) Оқулықпен жұмыс кезінде өлең оқиды;
Диалог: Мұғалім -оқушы
Құндылықтарға баулу Ел тарихын білуге, тілін сүюге тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс География

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

15 минут

Мұғалім. Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Денсаулықтарың зор, көңіл-күйлерің жақсы ма? Алдымен тізім бойынша түгелдеп алайын.
Енді бір-бірімізге, өзімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында «Өзіңді мақта» ойынын ойнайық. Әр бала өзінің есімі басталатын әріптен басталатын, өзін сипаттайтын жағымды теңеулер айтсын.
Мысалы: менің есімім-Алибек. Алибек ақылды. Жанель жайдары. Мағжан мейірімді. Осындай үлгіде жалғастырамыз.
сабағымызды бастайық.

«Болжау» әдісі.
Оқушылар мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?
Ал, мына суреттерден кімді таныдыңдар?
Енді ден қойып өлең жырды тыңдайықшы. Қалай ойлайсыңдар, суреттердегі әсем жерді, ақын-жазушыларды, соңғы тыңдаған өлеңді не байланыстырады?

«Миға шабуыл»
1. Туған өлкемізден шыққан белгілі ақын-жазушыларды, билерді, жырауларды білесіңдер ме?
2.Олардың қандай шығармалары сендерге мәлім?

Фотосуреттер,

Аудиожазба

Сабақ ортасы

15 минут

Тапсырма.
«Өлкетану» оқулығының 97-ші бетін ашыңдар. Ұлықбек Есдәулеттің «Алтайдың ақ бораны» атты өлеңін оқыңдар. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, өлеңнің тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтаңдар.
«Алтайдың ақ бораны»
Алтайдың ақ бораны,
Алты күн тоқтамады.
Алты күн көлік-құстар,
Қанатын қақпағалы.
Аядай аэропортта,
Кеудеме от толады.
Алтайдың ақ бораны,
Тоастап тоқтамады.
Шынымен бұл шіркінге,
Адамның жоқ па амалы?
Алты күн елегізіп,
Күднрді менен үзіп,
Қойдың ба: «Жетпеді деп,
Боранды неге бұзып!»
Алтайдың ақ бораны,
Алтайдың ақ бораны…
Алты күн болған шығар,
Жүрегім соқпағалы;
Сен мені «алдамшы» деп,
Сыртымнан соттағалы,
Алты күн болған шығар…

Өлеңнің тақырыбы: «Алтайдың ақ бораны».
Тірек сөздер: Алтай, ақ боран, толастап тоқтамау, алты күн, аэропорт.
Жетекші сұрақтар:
— Ақын өлеңінде қай өлке аталады?
— Өлкенің өзіне тән табиғат құбылысы қандай?
— Ол аэропортта неліктен алты күн отырды?
— Автор «Бұл шіркінге адамның амалы жоқ па?» деп неге күйінеді?
— Алтайдың ақ бораны неше күнге созылды?
— Ол кімге асықты?
Дескриптор: білім алушы
— Өлеңді оқиды;
¬- Тірек сөздерді пайдалана отырып, жетекші сұрақтарға жауап береді;
— Өлеңнің негізгі ойын анықтайды;
Бағалау. «Үш шапалақ» әдісі.
Оқушылар шапалақтау арқылы алдымен өзінің, сосын жалпы сыныптың жұмысын бағалайды.
1 шапалақ соғу — қанағаттанарлық
2 шапалақ соғу — жақсы
3 шапалақ соғу — тамаша

«Өлкетану» оқулығы

Сабақтың соңы

10 минут

Рефлексия (кері байланыс)
— Бүгінгі сабақта Шығыс Қазақстаннан шыққан қандай ақын-жазушылармен таныс болдыңдар?
— Туған өлкенің тарихы, әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылығың артты ма?

Жалпы сабақты бағалау. «Басбармақ» әдісі.

Үй тапсырмасы. Жерлес ақын Самат Мұқановтың «Ұланым» атты өлеңін мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтаңдар. Ауылымыз туралы синквейн жазыңдар.

Саралау:
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Қашықтық сабақ болғандықтан әр оқушы жұмысты жеке орындайды. Жеке жұмыс орындау кезінде барлық оқушылар бір тапсырманы орындайды, қабілеті жоғары оқушылар басқаларына қарағанда тапсырманы толық, нақты жауап бере отырып жұмыс жасайды деп жоспарлап отырмын. Бағалау:
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылардың
Сабқ алдында көңіл-күйін көтеріп, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында оқушыларға ойын ойнатып, жағымды психологиялық белсенді көңіл-күй тудырдым.
Сабақ барысында, үй тапсырмасының орындалу деңгейі арқылы жаңа сабақ бойынша алған білімді меңгеруі анықталады.
Оқушылардың әр тапсырманы орындауынан соң қолдау көрсете отырып, «Үш шапалақ», ауызша түрде, «Басбармақ» әдістері арқылы жүргіземін.
Сабақ соңында оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөлісе алады. Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы

Компьютер, телефон алдында санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауларын сұраймын;

Оқушылардың өзара қарым-қатынасын үнемі өз бақылауымда ұстауға тырысамын.

Сабақ бойынша рефлексия:
1. Оқу үдерісінде сабақ өз мақсатына жетті ме?
2.Оқушылар нені меңгере алды?
3.Сабақ барысындағы мақсатқа қол жеткізе алды ма?
4.Оқыту үдерісінде сабақта саралау дұрыс жүзеге асты ма?
5. Оқыту барысында уақыт аралықтары сақталды ма? Дейінгі рефлексия:
Сабағымның сәтті тұстары
Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқып үйренуге қатысты)
1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді? (оқыту мен оқып үйренуге қатысты)
1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *