Өзіңнен баста!

Алыс бір елде әділ қазы өмір сүріпті. Бір күні сот мәжілісінде алдына күлше ұрлаған кедей келтіріледі. Байғұс кінәсын мойындап: «Аштан өліп бара жатқаннан кейін амалсыз ұрладым» — дейді мойны салбырап. Қазы: «Ұрлыққа барып, қылмыс жасағаның үшін бәрібір саған үкім шығаруым керек» — дейді де: «Жағдайыңа байланысты саған 10 дирхам айыппұл салынады. Алайда айыппұлды төлей алмайтының себепті айппұлды сенің атыңнан мен төлеймін» — дейді. Жиналған қауым таңданыс толы жанарлармен қазыға көз тігеді. Қазы шынымен-ақ қалтасынан 10 дирхам шығарып, қазынаға өткізуге бұйырады. Сосын көпшілікке бұрылып: «Арамызда аштықтан нан ұрлауға мәжбүр болған адам жүргендіктен осы отырған әрқайсысыңызға 10 дирхамнан айыппұл салынады» — дейді.
Лезде мәжілістен 450 дирхам жиналады. Қазы ақшаны әлгі кедейге береді.
www.asylarna.kz

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *