«Өзін-өзі басқару» ұйымы. Б.Момышұлы атындағы №35мектеп-гимназиясы

Сәлем, құрметті оқырман! Менің есімім Аяжан. Бауыржан Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясының оқушысымын. 9сыныптан бері «өзін-өзі басқару» ұйымының мүшесі боламын. Жалпы мектеп парламентінде жұмыс жасап жатқаныммен мақтанамын. Себебі біздің жетекшіміз Гүлшат апаймен және жас әріптес достарыммен жұмыс жасау мені үлкен шабытқа жетелейді. Мектеп директорының рұқсатымен басқа оқушыларға пайдалы әрі қызықты болатындай іс-шаралар ұйымдастырып, мектеп қабырғасында өте белсендіміз десем артық айтпаспын. Парламент мүшелерімен бірге әліде көп белестерге жететінімізге сенемін. Парламентімізде барлық сфералар қарастырылған деседі. Президентпен министрлер тығыс байланыста жұмыс жасаймыз. Әрбір жасаған әрекетіміз мектеп үшінде өзіміз үшінде үлкен жетістік деп білемін. Менің қандай министір екенім бәріңізге қызық болар сірә. Мен дебат басшысымын, және еш өкінбеймін. Жетекшілерімізбен бірге Жаңа Қазақстан демекші жаңа форматта әр ай сайын өзекті тақырыптарда дебат өткізіледі. Әр министр өз міндетін жітік атқарып әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Талаптарға сай жиналыстарда өткіземіз. Ең қызығы жетекшіміз біздің абыройымызды көтеріп қойғаны соншалық, мектептеде сыйлымыз. Ұстаздарымызға ерекше құрмет көрсетуге әрдайым дайынбыз. Айта кетейін, Ұстаздар күнінде «Дублер күні» болып, ұстаздарымыздың ыстық ықыласына бөлендік. Осының өзі бақыт. Осыны оқып отырған жас оқырман, әліде ойланып отырсаң, ойланбастан өз мектебіңде парламент мүшесі атан. Бұл үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын ұйым. Осы тұста, ұстаздарымызға, жетекшімізге, қолдаушы достарымызға барлық ұйым мүшелерінің атынан алғыс айтамыз

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *