Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте…

Сакенова Айдана Сакенқызы

 Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте…

Қазіргі таңда бұл сұрақ актуалды түрде жүріп жатыр.Елімізде қарапайым қазақ тілінде сөйлеу жойылып бара жатыр.Тіпті күнделікті өмірде де қарапайым сөздерді қазақ тілінде сөйлемейміз.Менің ойымша ең алдымен күнделікті сөйлеп жүрген сөздерімізден бастау қажет.Біз көбіне тілімізді шатастырып орыс тілімен қоса сөйлейміз. Адам өзінің тілін құрметтей білуі қажет.Бір керемет сөз бар емес пе «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»-деген.Иә,әрине қазақ тіліненде бөлек тоғыз-он тілді білсеңде ең бастысы өз тіліңді құрметтеп,ана тілінде сөйлей білу қажет.

Келісемін,біз ешкімді қинай,мәжбүрлей алмаймыз.Бірақ Қазақстан Республикасында тұрғаннан соң өз тіліміздің жойылып кетуіне жол бермеуіміз қажет.Жастардың ,өз ортамның көз қарасы бойынша қазақша таза сөйлеу біртүрлі екен.Неліктен?-деп сұрап едім: «НУУ,қазақша сөйлеу слишком ұят сияқты»-деп жауап берді.Сонда бұның өзі тіліміздің жойылып жатқаны болып есептеледі.Тіпті таза қазақша сөйлей білетін қыздардың өзі сөйлейді.Өзіміздің ұлттық,отандық ана тіліміздің жойылуына қарсы күрессек деймін.

Өз елімізде қазақша сөйлеп,қазақ тілін сайрап тұрсақ басқа елден келген азат пен азаматшаларда қазақ тілінде сөйлер еді.Еліміздің мәртебесі тілде емес пе?Керемет бір мақал-мәтел есіме түсіп отыр: «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі»-деген.Өздеріңіз ойлана қарасаңыздар еліміздің мақтанышы,ата-бабаларымыздың мұрасы ол-тіл.Егерде біз шала сөйлесек өзіміздің деген сый,құрмет құриды емес пе?«Тілі өлген ел-тірі өлген ел» депте бекер айтылмаған.

Таза сөйлеу арқылы өзімізге деген құрметті арттыруға болады.Егерде бір тілде былай ,тағы бір тілде былай сөйлесе өзіне деген қызығушылықты,сый құрметті жлғалтады деп ойлаймын.Осыған орай «Сөз қадірін білмеген-өз қадірін білмейді»-деп бекер айтылмаған.Адам өзін құрметтей білсе өз сөйлеу мәдениетін дұрыстау керек.Былайша қарасақ ана тіліміз ең керемет тіл.Қазақ алфавитінде қырық екі әріп бар.Әрбір әріптеріміздің естілуіде бір ғажап.Қазақ тілі бүкіл тілдерге жақын,әрі тез сөйлеуге көмек.Байқап қарасаңыздар қандай тілді үйренгілеріңіз келсе оңай әрі тез үйреніп кетесіз.Өз ана тілімізге жететін тіл бар ма екен шіркін?Өз тілің-бірлік үшін,бірлік-тірлік үшін депте бекер айтылмаған.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:

«Өз тілімізді биік ұстайық.Ана тіліміз қазақ тілімізге жетер ешбір тіл жоқ.Өз тілімізді құрметтейік,биік ұстайық»….

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *