Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары

          Туған жер-әр адам баласының кіндік қаны тамған жер,жанына жақын адамдарының жылы мекені.Сондай-ақ оның  топырағы да,тауы мен тасы да ыстық болады екен ғой.Әркімге өз жері,балалық шағы өткен жер әрдайым қымбат болып қала береді.Балалық шағымыз ауылда өтті емес пе?Ауыл сіз үшін несімен ғажап?

         Ауыл деген шіркін ғажап қой.Ауылдың айтылар әңгімесі бөлек.Бала күнімізден жаз келсе долды,ауылды асығамыз да тұрамыз.Ондағы адамдар өте қонақжайлы болады,Ауылға барсаң бәрі мәз-мейрам болып,асты-үстіңе түсіп,сені қонақжайлылықпен қарсы алады.Оларға деген  махаббатым шексіз.Ауылдың бәрінен де табиғаты ұнайды.Көктің исі сіңген таза ауа мені бір керемет күйге бөлейді.Үйлердің баулары бау емес,орман-тоғайдай.Жемістері қашан көрсең самсап пісіп,жерге домалайды да жатады.Көкөністер де  молынан піседі.Ауылдың құрт пен майына ,сондай-ақ ірімшік пен айранына ешқандай дәмде жетпейді.

          Ақши атты жұмыртқадай ғана сүттей ұйып отырған,береке-бірлігі мықты осы бір ауыл-менің туған өлкем.Адамдары да бір-біріне ағайын-туыс,құда-жекжат,қой-қоралас,қазаны аралас болып кеткен.Көлдің жағасында тіз қатар тұрған қонақүйлер мен демалыс орындары ауылда өзінше сән беріп тұр.Көзге тартымды көрінеді.”Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары”-деп халқымыз бекер айтпаған.Бірақ кейбір адамдар ауылын тастап,шетелге көшіп жатқандар қаншама.Осындай кезде “Өз үйім-өлең төсегім”-дегенді ұмытпау керек.Қазыбек би : “Алтын ұяң-Отан қымбат,туып өскен-елің  қымбат,кіндік кескен-жерің қымбат”-деп туған жердің қасиетін текке ерекше бағаламаған.Сондықтан әрқайсымыз Отанымызды құрметтеп,тарихын жетік білу парызымыз.Отанға қызмет ету борышымыз екенін де ұмытпау керекпіз!

Кенжебек Нұрдана

Алматы облысы Қаскелен қаласы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *