Әл-Фараби-шығыстың ұлы ойшылы

Түркістан облысы

Арыс қаласы

С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектебі

Бейлелеу өнері мұғалімі

Исабекова Ботакоз Парменовна

 

«Әл-Фараби-шығыстың ұлы ойшылы»

Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала) қаласында дүниеге келген. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби. Ғалымның туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар «Барба-Фараб» деп атап кеткен. Сондықтан «әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті. Ғалым алғашында Бұхарада, Самарқанда, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Ол Хамада қаласында араб тілін үйренді. Одан кейін 20 жылдай Бағдат қаласында тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген.

Әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономиянызерттеді. Ғұламаойшылғылымды 2 топқабөлген:

Бірінші: теориялықғылымдар. Бұлтопқажаратылыстануғылымдары мен метафизиканыенгізген.

Екінші: практикалықғылымдар. Бұлтопқа этика, фиқһ, кәләм (исламдағыөзектітақырыптарынқамтығанғылымсаласы) ғылымдарынжатқызған. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» («Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы»).»Ол Дамаскіде «Қайырымды қала тұрғындары» атты атақты шығармасын жазып бітірді. Шаһар халқы ғалымды қатты құрметтеген. «Ғалым қала басшыларын «қайырымды және надан» деп екіге бөледі. Ол кезде қала-мемлекет болған. Оның тұрғындары қай кезде бақытты болады? Ғалымның пікірінше, бұл шаһардың әкімдеріне байланысты. Егер әкім білімді, әділ, ойы таза болса, барлық қала тұрғыны бақытты болады. Ал қаланың әкімі надан болса, өтірік айтса, шаһардың адамдары бақытсыз болады. Әл-Фараби шын бақытқа жету үшін адам үнемі іздену керек дейді. Сондай-ақ адамның мінез-құлқы да жақсы болуы керек», — дейді.

Ұлы ойшылдың қала басшыларын «қайырымды және надан» деп бөлінуінің өзіндік себептері бар. Халқымыздың гүлденуіне өркендеп дамуына әділ және еңбекқор басшылардың болуы шарт. Өйткені әрбір қала мен ауыл басшылық ететін әкім қаралардан үлгі алады. Қаншама жылдар өтседе ұлы ойшылдың еңбектері өз мәнін жойған жоқ. Өткенімізге орала отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарды адам бойына сіңіру үлкен еңбек. Ғұламаның нақыл сөздері өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде ерекше орын аладыФарабидің педагогикалық теориясында оқыту мен тәрбие өте тығыз да біртұтас байланыста қарастырылғанымен, олардың педагогикалық құрал ретінде ерекше, әрқайсысына ғана тән жақтары да ажыратылады. Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие-білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл-әрекет дағдысын егеді…”. Былайша айтқанда, Фарабидің пайымдауы бойынша оқу — философия негіздерін, теориялық білімдерді игеру, ал тәрбие — ол мұғалімнің, тәлімгердің, адамға белгілі бір адамгершілік, кұлық қалыптарын және практикалық өнерді игеру дағдыларын қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеті, ол шәкірттерге белгілі бір оң қасиетті, сапаны дарыту үшін қалай болса солай емес, белгілі бір мақсатты көздеген, саналы тәрбие жұмысына басты мән береді. Ғұлама тәрбие кезінде тәрбиеленушінің ерекшелігін ескеріп, әрбіріне жеке әдіспен дара қатынас жасауды талап етеді.

Адамдардың, әсіресе, жастарды тәрбиелеу жүйесінде Фараби бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл болатын мінез-құлық тәрбиесін қояды.Кең мағынада алып қарасақ ғұлама бұл тәрбие ауқымына еңбек, эстетика, дене, гуманистік, патриоттық т.б. тәрбиелер түрлерін енгізіп қараған сияқты.

Фараби мінез-құлық тәрбиесінің құрал, әдістерін белгілеуде Аристотельдің адамдағы барлық мінез-құлық, қасиеттерді туа біткен емес, жаттығу, әдеттену машықтану нәтижесі деген қағиданы басшылыққа алып, ары қарай дамытып әкетеді. Ол адамда жақсы әдет-мінез қалыптастыруда ерік- қайратына көп мән береді, өйткені сезім мен рухани нәпсі мен парасат мұқтаждықтары бір-біріне қарама-қарсы келгенде санамен шешу ерікке, өзін-өзі билеуге тіреледі. Мұндай жақсы ниет, оң істер бара-бара адамның дағдысына, жақсы қасиетіне айналып, ол тәрбиелі жақсы мінез-кұлықты болып өседі. Бұл айтылғандар Фарабидің “Бақытқа жол сілтеуінде” былай дәйектеледі: “Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші — бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады.

Біз мінез -құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады дейміз. Адамда қалыптасқан мінез-құлық болмаса, онда ол жақсы немесе жаман мінез-құлыққа тап болғанда, қарама-қарсы мінез құлыққа өз еркімен кешіп кетуі мүмкін. Адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез- құлықтан басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе — әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт қайталануын айтамын. Мінез-кұлықтың қалыптасу жолдары өнерді үйрену жолдары сияқты. Мысалы, жазу өнеріне шебер жазғышқа тән әрекеттерді сол адамның орындап машықтануы арқылы жетеді. Басқа өнерлердің де келу жолы дәл осындай… Абзал әрекет жөнінде де істің жайы осылай сияқты ол адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет. Адамда белгілі бір мінез-құлық қалыптасуы үшін осыған сай келетін әдеттер берік орын алулары керек” .Фараби мұнан басқа жүйелі түрде жаттығу, машықтану, сендіру, еліктіру, үлгі көрсету т.б. тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін қолдануды ұсынады. Практикалық дағды, шеберліктерді, жақсы мінез-құлықты дарытуда ол тәрбиеленушінің мінезін және басқа жағдайларды ескере отырып екі педагогикалық әдісті — жұмсақ және қатаң әдісті ұштастыра қолдануды талап етеді.

Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бет-пердесі, мінезі мен жүріс-тұрысы қоғамдық орта, тәрбие әсері, адамның еркі ауру сияқты көптеген объективтік және субъективтік себептердің әсерімен қалыптасады, өзгереді. Фарабидің пікірінше, тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын жас болмайды. Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек. “‘Жаман қылық — ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек” — дейді ғұлама. Фарабидің “Бақытқа жету жолы” атты трактатында жастарды батырлық, жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық, шешендік, доспейілділік, т.б. қасиеттерді қалай тәрбиелеу қажеттігі жайлы нақты баяндайды

Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан ұлы бабамыздың педагогикалық мұрасы да тілегей – теңіздей мол дүние.    Данышпан ойшыл өз еңбектерінің көпшілігін ұстаздық тұрғыдан тәлім – тәрбиелік мақсатқа орайластыра жазған. Оның арифметика, геометрия, астрономия, музыка ғылымдарын педагогикалық, яғни тәрбиелік ғылымдар  дейтін жүйеге жатқызуы да, сондай – ақ педагогика, методика мәселелері  жөнінде арнаулы еңбектер жазуы да жоғарыда айтылғанымыздың айғағы.Оның оқу – білім, тәлім – тәрбие мәселелері жайлы айтқан пікірлерінің құятын үлкен бір арнасы адам атаулыны гуманистік, ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі. Адам деген ардақты атты лайықпен алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Нағыз бақыт осы дүниеде ғана, оны басқа жерден іздестірудің қажеті жоқ. Әлемдегі жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана ажыратады.

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *