«Әлем ғұламасы Әл-Фараби».

Автордың толық аты-жөні:Махипова.Г.Б.

Жұмысы:№ 39 « Меруерт балабақшасы.»

Қызметі:Тәрбиеші.

 

Әбу Насыр-Әл-Фараби Шығыстың ғұлама ойшылы.Туған жері Фараб қаласы

870 жылы (қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген). Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні-Әбу-Насыр Мухаммед ибн Мұхаммед

Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.

Әлемге әйгілі ойшыл,философ,математик,түркітанушы,астролог,энцикклопедист,ғалым,

музыка-ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді.Соның ішінде рухани,ғылыми тілі араб тілі болған.Сондықтан осы қалада сауат ашып,осы қалада білімге,ғылымға деген құмарлығы оянған.Әл Фарабидің осы үш тілді жетік білу заңдылық еді.Ол кейін білім ғылым іздеп,көп жерді аралайды.

Ұстаз жаратылысынан өзіне атылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейілінше шешен өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Адамға тән бір жақсы қасиет- өзін қоршаған  әлемнің әсемдік сырларына үңілу. Содан рухани нәр алу. Өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.«Әбу Насыр Әл-Фараби»

Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.«Әбу Насыр Әл-Фараби»

Оның айрықша танымал еңбектері:

«Субстанция туралы сөз»,«Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы»  «Мәселелердің түп мазмұны»,«Заңдар жайлы кітап», «Адам тәннің ағзалары туралы»,«Ғылымдардың шығуы туралы »,«Жазу өнері туралы кітап», «Аспан денелерінің қозғалыстарының мәңгілігі» туралы кітап.

200-ге жуық трактат жазған.  Сондай ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни,Бозжани,Омар һайамдар да өздерін Әл Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.Әл Фарабидің ісін жалғастырған,ғылымға берілген шәкірттері көп болған.Олардың ішінен,ең алдымен,Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна ) есімін атауға болады.Кейінгі кездегі  шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби»деп те атайды.

Сондай-ақ еңбектері ұлы ұстаз  еңбектерімен сабақтасып жатыр.Қазіргі таңда Әл-Фараби мұражайы мен Әл -Фараби атындағы кітапханаға  виртуалды саяхат жасай аласыздар немесе экскурцияға баруға болады.

Мұнда оның Отырар кітапханасының философиялық және ғылыми еңбектерімен танысу мүмкіндігі бар.Отырар кітапханасы кейінгі ең бай және кітап пен қолжазбалар саны бойынша әлемде екінші кітапхана болып саналады.Фарабидің төл шығармалар ішіндегі ең белгілері -«Даналық маржандары»

Қортындылай келе,расында да Әл-Фараби қазақ халқының ғана емес,жалпы мұсылман үкіметіне,барша адамзатқа ортақ тұлға,ортақ мақтаныш.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1   Салқынбаев М.Әл-Фарабидің әдеби мұраларының зерттелуі.

2   Конкрад Н.И.Запад и Восток.-Москва:Наука 1972-496б

3    Ә.Дербісалиев.Қазақ даласының жұлдыздары,Алматы 1995

4    М.Бурабаев.Өшпес жұлдыздар.Ұлы ғалымдар өмірінен.Алматы 1989

5 .А.Көбесов.Әбу Насыр Әл-Фараби,Алматы:2004

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *