«Әлемді шаттық пен сұлулыққа толтырған» аналар арасында интеллектуалды сайысы

Мақсаты: Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, баланың тұлғалық дамуына бірлесе жұмыстану. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.

Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В. Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән  берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп білгірлікпен дөп басып айтқан.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

8наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылып жатырған  «Әлемді шаттық пен сұлулыққа толтырған»  атты   сайыс өтті.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1 кезең «Сәлем сөздің әдебі» әр топ өзін таныстыруы қажет.

2 кезең» сұрақтарға жауап беру.

3 кезең «Құлаққап » ойыны жасырылған сөзді табу.

4 кезең «Мен әртіспін» берілген тақырыпқа шағын көрініс дайындау.

Бірінші кезең сәлемдесу.Әр топ өзінің креатив идеяларымен топты таныстырды.2 кезең «Сиқырлы ұяшықтарды ашайық.Тақтада көрсетілген ұяшықтардың біреуін таңдап жасырылған сұраққа жауап берді. 3-кезең «құлаққап» деп аталады. Әр топтан баласы сөзді жасырады, ал анасы құлаққапта киіп тұрып жасырылған сөзді тауып айтты.Соңғы кезең «мен әртіспін» деп аталады. Әр топ берілген тақырып аясында 5минутта шағын көрініс дайындап көрсетті. Нәтижесінде 7 а сынып анасы 1 орын, 7 ә сынып анасы 2 орын, 6 а сынып анасы 3 орын, ал 6 ә сынып анасы 3 орынға ие болды.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *