Оксидтер

Сапарбек Жансұлу Әуелбекқызы

 

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: №51 ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:  Сапарбек Ж
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Оксидтер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.4.7 – оксидтердің классификациясы мен қасиеттерін білу және олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу
Сабақ

мақсаттары

Барлық оқушылар: оксидтердің жіктелуін біледі

Көпшілік оқушылар: оксидтердің химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаза алады.

Кейбір оқушылар: оксидтердің химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерінің иондық теңдеулерін жазады.

Бағалау критерийлері Оқушылар:

—  Оксидтердің жіктелуін біледі;

—  Оксидтердің химиялық қасиеттерін реакция теңдеулер арқылы жазады;

—  Оксидтердің химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерінің иондық теңдеулерін жазады.

Тілдік мақсаттар Пәндік лексика және терминалогия:

ҚАЗ РУС ENG
Оксид Оксид Oxidе
Негіздік оксид Основный  оксид Basic anhydride
Қышқылдық оксид Кислотный оксид Acid oxide
Амфотерлі оксид Амфотерный оксид Amphoteric oxide
Құндылықтарды дарыту Сабақ барысында білім құндылықтары:

—          Құрмет

—          Ынтымақтастық

—          Өмір бойы білім алу

көрсетілім жасау, жеке және сыныппен бірлесіп жұмыс жасау барысында орын алады.

Пәнаралық байланыстар Биология, физика, математикамен байланысты ертінділердің қасиеті мен мөлшері қарастырылады.
АКТ қолдану дағдылары Ғаламтор ресурстары қолданылады, презентация
Бастапқы білім Бұрын оқып  танысқан  барлық тақырыптар аталған бөлім үшін қажет. Әсіресе 7-сыныптың сәйкес тараулары маңызды.
                                                      Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Алдыңғы сабақ

0-3 мин

Ұйымдастырушылық кезең

Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатысу бойынша тексеру.

—          Оқушылар сіз бүгін ерекше жағдайда білім аласыздар. Білім алу үшін сіз жаныңыздағы көршіңізге қарап, оған бүгінгі сабақта жақсы көңіл күй мен сәттілік тілеңіз.

 
4-7 мин Оқушыларды топқа бөлу әрекеті оксидтердің формулаларын жіктеу арқылы жүргізіледі. Сынып төрт топқа бөлініп, топтардың атауларын қою өздерінен сұралады. Топ ішіндегі ережелерді айқындағаннан кейін топ жетекшісін тағайындайды.

Ой қозғау

•      Оксидтер дегеніміз не?

•      Қандай оксидтердің түрлерін білесіңдер?

•      Окисидтердің алыну жолдары қандай?

•      Оксидтердің химиялық қасиеттері қандай?

•      Оксидтердің қолданылуын сипаттаңыз.

«Қағып ал да, жауап бер» әдісі

 
8-30 мин Зертханалық жұмыс № 6 «Оксидтердің қасиеттерін зерттеу»

а) Негіздік оксид алу (топтық жұмыс).

Жағуға арналған қасықпен магний ұнтағын алып, газ жанарғысының жалынында магнийдің жануына дейін  қыздырыңыз. Абай болыңыз! Магний жарқырап жанады. Магнийдің жануының реакция теңдеуін жазыңыз. Түзілген оксидтің түсін ескеріңіз. Алынған оксидті бөлек ыдысқа салып қойыңыз.

б) Негіздік оксидтің сумен әрекеттесуі.

Алдынғы тәжірибеде алынған оксидті (суыған соң!) химиялық стаканға салып, үстіне су құйыңыз. Магний оксидінің ерігіштігі туралы не айтуға болады? 2-3 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңыз. Не өзгерді? Магний оксидінің сумен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыз.

в) Қышқылдық оксидтің алынуы.         

Сынауыққа бордың бір кесегін салып, үстіне бірнеше тамшы тұз қышқылын қосыңыз. Не байқалды? Газ бөлініп жатырған сынауыққа газ түтікшесін орнатып, көмірқышқыл газын әк суы бар сынауыққа жіберіңіз. Не байқалды? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

г) Қышқылдық оксидтің сумен әрекеттесуі.

Газ бөлініп жатырған түтікшені дистелденген суы бар сынауыққа батырыңыз. Кейін сынауыққа метилоранж индикаторын қосып, түсін байқаңыз. Не өзгерді? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.

Қажетті реактивтер: Магний ұнтақ, дистилденген су, фенолфталеин, метилоранж, бор кесектері, тұз қышқылы, әк суы.
31-36 мин Қалыптастырушы бағалау жұмысының жүргізілуі.

Оқушылардың берілген материалды игеруіне сай бағаланады.

Жетістік критерийлері ретінде:

— Оксидтердің қасиеттерін біледі

-Оксидтердің химиялық қасиеттерін қорытындылайды, қарастырад

Оқушылардың жеке дара отыруын қадағалау қажет.

 
37-38 мин Сабақты қорытындылау. Оқушылардың жұмыстарын бағалау. Мұғалім бағалауды стикерлар арқылы және ауызша жүргізеді.  
Сабақтың соңы

39-40 мин

 

Кері байланыс

Стикер беру арқылы оқушылардың сабақтан алған әсерін білу.

Үй жұмысы. Есептер шығару.

1.      С+О2 =СО2 + 402 кДж термохимиялық теңдеу бойынша, 843 кДж энергия алу үшін көмірдің қандай массасын жағу керек?

2.      Массасы 24г SO2 зат мөлшерін табыңдар.

3.      14г магнийді жаққанда түзілген магний оксидінің массасын табыңдар.

 
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау сабақтың  кез -келген кезіңінде қоладнылуы мүмкін, алайда мұғалім өз уақытын тиімді пайдалану үшін қалыптастырушы бағалау жұмысының тез немесе дұрыс орындауына қарап, қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырма бере алады. Оқушылардың оқу жетістіктері қалыптастырушы бағалау кезінде жазбаша бағаланса, алфронталды немесе проблемалық сұрақтарды шешуде ауызша бағаланады. Денсаулық сақтау технологияларын қолдану. Интерактивті тақтаны кезегі келгенде өшіріп отыру.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқушылар сабаққа белсене қатысты.

Әдіс-тәсілдер тиімді пайдаланылды, жеке, жұптық, топтық жұмыстар, бағалау пайдаланылды.

Уақыттың жетіспеушілігі.

Сабақ өз мақсатына жетті.

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Ой қозғау  тиімді болды

2: Топтық  жұмыстың тиімділігі

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:  Смайликтер мен стикерлер арқылы бағалау

2:  Топты бағалау. Мұғалімнің кері байланыс

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

Сабаққа  SWOT-талдау

 

S-Күшті жағы W-Әлсіз жағы
-қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану

-үздіксіз кері байланыс

 

-оқушылардың жауапкершілігінің төмендеуі

— білім деңгейлерінің әр түрлі болуы

O-Мүмкіндік T-Қауіп – қатер
-нашар оқитын оқушыларды қосымша  сабаққа қатыстыру

 

-оқушылардың алған білімдерін қолдана алмауы

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *