ӘЛЕМДІК ТӘРТІП ОРНАТУ(1-БӨЛІМ)

✅ ӘЛЕМДІК ТӘРТІП ОРНАТУ [ 1-БӨЛІМ ]

ХX ғасырдың 60-жылдары АҚШ пен Батыс елдері әлемдік жаңа тәртіп орнатудың жаңа саяси жүйесін ойлап тапты. Ол белгілі бір топтардың оң жамбасына сай келді. Жалпы, өткен ғасырдың 20-жылдары деколонизация қарқынды жүргізілді. Азия, Африка елдері ұзақ жылдардағы азаттық жолындағы күресінен соң, өздерінің бостандықтарын алды. Оған дейінгі ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Еуропа елдері өзінің қол астындағы бодан мемлекеттердің бүкіл жерасты байлығын тонап, өздерін құлдықта ұстап келді. Осыдан 55 жыл бұрын, яғни 1960 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен колониялар жойылды. Азия, Африкада колониализм күйреді. Алайда, Батыстың идеологтары екінші мәрте реколонизацияны ойлап тапты. Енді мұздай қаруланған әскер аттандырып, күш көрсетудің қажеті болмай қалды. Сондықтан олар экономикалық экспансияны өмірге алып келді. Әлемнің экономикалық саясатын жүргізу үшін Бүкіләлемдік Қайта құру және Даму банкін құрып алды. Бұл банкіні басқарып отырған елдер – АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Испания, Италия елдері. Бұл мемлекеттер әлемдегі билікті қолдарына алу үшін «трансұлттық компания» деген ірі компанияларды құрды. Осылайша олар өз капиталдарын ортақ біріктіріп, әлемдік нарыққа бақылау орнатуға жұмылдырды. Сөйтіп, мемлекеттік трансұлттық монополия құрып алды. Қазір олар осы идеологияны алға тартып келеді. Кеңес одағы құлағаннан кейін бұл елдер тіпті күшейіп кетті. Осылайша бұрын биполярлық деп келген әлем қазір жалғыз полярлыққа көшіп алды. Бүгінгі таңда бар билік мемлекет басшыларының үстінен қарайтын ат төбеліндей азғана алпауыт банкирлердің қолында болды.

Одан да өзге мемлекеттерден жоғары тұрған «300-дің комитеті», «Билдельбург клубы», «Масон орынтағы» деген түрлі атаулармен аталып жүрген алпауыттар тобы құрылды. Бұл топ – Батыс әлемі мәдениетінің бірден-бір бұлжымас элементі болып табылады. Соңғы жылдары Ресейде де түрлі құпия клубтар құрыла бастады. Олар өздерін «ми орталығы» деп санап, қоғам өмірінің барлық саласына араласып отырды. Олар туралы БАҚ жиі айтып, жазып жатты. Бұл әңгімелердің бәріне назар аудармаса болмайтын еді.

Кеңес құрып кеңескен кімдер?

Жер бетіндегі көптеген тәуелсіз мемлекеттерді сол елдердің президенттері емес, «Комитет 300» адамдары басқарып келді. Бұл 300 адамнан тұратын комитет мүшелері өздерін «әлемдегі ең таңдаулылармыз» деп, әлемнің қалған тұрғындарының бәрін пайдасыз бозөкпелер деп есептеді. Қалаулары бойынша олардан арылу үшін таңдаулы топ соғыс өртін тұтандырып, жаңа ауруларды, әртүрлі дағдарыстарды қолдан жасауды ойлап тапты, есірткі мен ішімдікті таратып, жезөкшелік пен порнографияны насихаттады. Қысқасы, адамзатты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, бір-біріне айдап салып, сыртынан бақылап отырды.

Журналист-зерттеуші Алексей Мухиннің «Көрінбейтіндер» атты Ресейдің масондық қозғалысы туралы анықтамалығын оқыған адам айнала қоршаған ортада қаншама құпия ұйымдардың бар екеніне көзін жеткізер еді. Сондай-ақ, МИ6 (SІS) арнаулы қызметінің ағылшын барлаушысы Джон Колеманның «Комитет 300. Әлемдік үкімет құпиялары» атты кітабын оқыған адам бүгінгі өмір шындығынан тысқары қалмас еді. Бүгінгі «Комитет 300» әлемді бақылайтын жоғарғы ұйым, ол 1897 жылдан бері қарай билік құрып келеді. Оның негізін бүгіндері планетадағы ең ықпалды 300 адам құрған болатын. Бүгінгі адамзат оған кіндігінен байланған.

«Комитет 300-ге» әлемнің көптеген елдерінде құпия ұйымдар мен әлемнің ақыл-ой орталықтары жұмыс істеп келеді. Олардың бірқатары: «Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес» 1921 жылдан бері АҚШ пен Батыс әлемінің ең ықпалды адамдарын (бұрынғы және қазіргі президенттер мен Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) қызметкерлеріне дейін) біріктіріп отыр. Оны құрған – америкалық банкир Морган. Ол АҚШ-тың федеральдық резервтік жүйесін, Нью-Йорк қор биржасын және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарына бақылау орнатып алған. Басқару құрылымдарының құрамында атақты қаржыгерлер Ротшиль, Рокфеллер, Соростар бар. Олардың арманы — әлемдегі ұлттық мемлекеттерді жоя отырып, бір бағытта, бір заңға бағынатын империя құру.

Олар бұдан басқа «Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес» құрып алған. Ол – әлемдегі ең ірі ұйым. Оның құрамына Батыстың ең ықпалды адамдары енген. Мәселен, бұрынғы және қазіргі президенттер, министрлер, елшілер, жоғарғы шекті шенеуніктер, атақты банкирлер, қаржыгерлер, трансұлттық корпорация басшылары, ірі университет жетекшілері, профессорлар, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, журналистер, конгресмендер, Жоғарғы сот судьялары, Америка және Еуропа қарулы күштерінің қол басшылары, НАТО генералдары, ЦРУ және өзге де елдердің арнайы қызмет өкілдері, БҰҰ және өзге де ірі халықаралық ұйымдардың қайраткерлері де бар. Бұл Кеңес 1921 жылы дүниеге келген. Оның бүкіл идеологиясын жоғарыдағы америкалық ірі банкир Морган құрған. Бұл кеңес – Эн-би-си, Си-би-эс, «Свободная Европа», ЮСИА, «Нью-Йорк таймс», «Ньюс-уик», «Вашингтон пост», «Ю.С. Ньюс энд ворлд репорт» секілді әлемнің жетекші ақпарат құралдарына бақылау орнатқан. Бұл жаhандану идеясынан туындаған ықпал ету аймағы болды. Бұлар тәуелсіздігін жаңадан алып, енді қалыптасып келе жатқан елдерге өз бақылауын орнатып алды. Олар алғашқы кезде мемлекеттік саясатын енді ғана жүргізіп келе жатқан, сонымен бірге экономикасын қалыптастыруға көшкен елге есік-терезеңді ашып қой, қай уақытта кіргіміз келсе, кіреміз, шыққымыз келсе, шығамыз деген өктем талаптар да қойды. Мәдени-гуманитарлық айла бойынша Батыстың идеологиясын таңып бақты. Оның астарында түрлі әдіс-тәсілдер ойластырылып жатты. Бірінші, ұлтты кемсіту. Бұл тәсіл бойынша – ұлттық тұлғаларды жамандау, олардан халықты жирендіру. Өз ұлтын жамандаған кез келген бастамаға қолдау білдіру, әсіресе, идеологиялық тұрғыдағы шығармаларға қаржылай көмек беріп, оларға сыйлық беру. Түрлі шетелдік шоулар өткізіп, жеңіл концерттер ұйымдастыру, арзан баспа өнімдерін тарату, сөйтіп, жастардың санасын уландыру. Шетелдік бағдарламалар бойынша оқытатын мектептер ашу, діни бірлікті бұзу, кейбір партияларды қаржыландыру, өздерінде жоқ демократияны тықпалау. Міне, мұның бәрі батыс идеологтарының ойлап тапқан айла-тәсілдері болды. Батыс әлемі біздің елімізден де өз ойларын өткізуге саңылау іздеп бақты, бірақ, өткізе алмады.

Енді экономикалық мәселеге келейік. Қазір қоғам өмірінде қолма-қол ақша айналымы жоқ. Электронды аударым, электронды ақша нарық қатынасына еніп кетті. Тіпті, «биткойн» сияқты әлемге ортақ электронды валюталар да өмірімізге енуде. Электронды ақша деген компьютерде ғана болатын, қолға ұсталмайтын «виртуалды» ақша. Қазірдің өзінде кәртішкеге байланып, қолма-қол ақшадан аулақтаңқырап қалған біздер көп ұзамай түгелдей электронды ақшаға ауысатын боламыз. Ал чипке байланған адамдар туралы барлық мәлімет те, олардың тапқан-таянған ақшалары да сонда сақталмақ.

Қазірдің өзінде АҚШ-та жаңа туған балаларға, тіпті, ересек адамдарға тәжірибе түрінде денесіне ол жайында барлық мәліметтер енгізілген микрочиптер жапсырып тігу тәжірибесі енгізілуде. Мұндай жағдайда әлгі азаматтың қайда жүргені, отырған-тұрғаны бәрі орталық компьютерлік желіден көрініс таппақ. Бұл адамдар бақытсыздыққа ұшырап немесе қаза тапқан жағдайларда оны табуға мүмкіндік береді-міс. Негізінде, ол – бақылау орнату.

Чиптенген сақинаның сыры неде?

Әлемнің барлық елдері, олардың азаматтары түгел чиптенген кезде не болмақ? Ол кезде алпауыттар сол чипке байланған азаматтарға шексіз ықпалын жүргізуге мүмкіндік алмақ. «Кері күші бар» заң сияқты ақылға сыйымсыз заңдарды ойлап табуға шебер банкирлер ол кезде еш себепсіз кез келген адамның чипіне тосқауыл қоя алады. Демек, алдағы уақытта айтқанға көніп, айдауға жүрмейтін адамдарды алпауыт қожайындар осылайша құрығына түсіре алатын болады. Міне, сол кезде чиптенген кез келген адам алпауыттардың басыбайлы құлына айналмақ.

Алдағы уақытта ақша — ешқандай қолма-қол айырбастауда болмайды. Барлық есепшот дебеттік кәртішке арқылы жүзеге асырылады. «Комитет 300» нормалары мен ережесін бұзған кез келген адамды оның кәртішкесінің қозғалысын тоқтатып қою арқылы терапиялық түрде есінен тандырмақ.

Бақылау – барлық адамға идентификациялық нөмір (ИИН) жасалып, НАТО-ның Брюссельдегі компьютерінің қосымша файлына сол адам туралы ақпараттармен бірге енгізіледі. Мұның бәрі құпия, кодталған. Бірақ, бірнеше адам білетін құпия қашанда мәнін жоғалтады. Бүгінгі таңда Рокфеллер қорының ақшасына жабық лабораторияларда (пробиркада) болашаққа қажетті ақылды адамдар мен құлдыққа бейімдігі бар адамдарды тамырынан өсіріп шығару қолға алынған. Жақында әлемдік «үкіметтің» конференцияларының бірінде әлем халқының санын реттеу бағдарламасы құпталды. Оның басты мақсаты – Батыс өркениетіне қатысы жоқ елдерде тууды күрт қысқартуды қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама, негізінде, 100-ге жуық мемлекетті қамтып, тіпті еркектер мен әйелдерді ұрықтан күшпен тазартуға дейін бармақ.

Әлемдік «құпия үкімет» құрамы жоспарға байланысты «Бильдерберг клубы», «Үштарапты комиссия», «Рим клубы» секілді құрылымдардың құпия отырыстарында айқындалады екен. Біртұтас әлемдік жүйеге көшу талаптарын бақылайтындар да осылар. Сол үшін қазірдің өзінде стратегиялық маңызды деген мемлекеттерде «ұлттық филиалдар» құрылуда. Болашақта перспективасы бар саясаткерлер, журналистер, интеллектуалдар мен қаржыгерлер және сарапшылардан тұратын биліктің қосалқы құрылымдары жасалуда. Олардың мақсаты — әлемдік қосымша үкімет жобасы өзін ашық жариялар алдындағы қоғамдық пікірді қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі күні әлемнің бар байлығының жартысынан астамы 350 отбасының қолында екен. Бар билікті жүргізіп, әлемді билеп-төстеуге құлшынып жүрген де солар көрінеді. Алпауыттардың басында Рокфеллерлер мен Ротшильдтер әулеті тұр. Негізгі билік те осы отбасыларына тиесілі болып отырған көрінеді.

Алпауыттардың барлық мақсат-мүддесі – «жаңа әлемдік тәртіп» орнату. Ол орнаған күні бір үкімет, бір мемлекет, бір тіл, бір валюта, баршаға ортақ бір дін болмақ. Екіншіден, алпауыт банкирлердің көздегені, ең алдымен, саны шектен тыс көбейіп кеткен адамдарды қысқарту, яғни, жалпақ тілмен айтқанда, артық ауыздардан арылу. Содан кейін барша жұртты «чип» деп аталатын электронды сақинаға байлап, құлдыққа түсіру.

Осыдан жиырма жыл бұрын әлемде «кәртішке» деген болмаған. Қазір барлық мекемелер мен ұйымдарға жұмысшыларына жалақыны тек кәртішке арқылы ғана беретін тәртіп енгізілді. Жеке бастың куәлігінде идентификациялық код деп аталатын өзіміз туралы барлық мәліметтер енгізілген. Кәртішкенің бәрі «виза» немесе «мастер-кард» деп аталатын АҚШ-тың туындысы. Мұны ойлап тапқан – тағы да сол америкалық идеологтар. Кәртішкемен ақша беру, жүргізушілік немесе жеке бас куәлігінде идентификациялық кодтың болуы – бұл алпауыттар тобының өздерінің жымысқы пиғылдарын жүзеге асыру жолындағы саяси тіміскі әрекетінен туындап отыр. Бұлардың бәрі не үшін керек?

Алпауыт банкирлердің мемлекет билігін қалай қолдарына алғанының қысқаша тарихы мынадай. 1913 жылға дейін ақшаны АҚШ үкіметі басып шығарып келді. Ал 1913 жылы ақша басу міндеті «федералдық қор» деп аталатын банкирлер тобының қолына беріледі. Осыдан кейін үкімет банкирлерге түгелдей тәуелді болады. Сөйтіп, саяси билікті бірнеше банкирден құрылған топ жүргізіп, әлем елдерін өздеріне қаратып, телміртіп қою үшін алуан түрлі қулық-сұмдықтармен айналысуға көшеді.

Бүгінде әлемдік валюта саналатын АҚШ долларын басып шығару арқылы банкирлер шексіз пайда тауып отыр. Алтын бағамына байланбаған долларды қанша басса да, алпауыттардың өз еркі. Олар өз пайдалары үшін жоғарыда аталғандай ақылға сыйымсыз «кері күші бар» заңдарды да ойлап та

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *