«Әке — бәйтерек»

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік».

 

Оқу қызметі: Тіл дамыту.

 

Тақырыбы: «Әке — бәйтерек»

 

Мақсаты: Жанұядағы әкенің орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Әкеге құрмет көрсету. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты, әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Әке туралы нақыл сөздердің тәрбиелік мағынасын түсіндіру. Қазақ тіліндегі тән дыбыстарды анық айтқызып үйрету.

 

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап.

 

Билингивалық сөздер: құрмет, сыйлау, жақсы көремін, мейірімді, мекің әкем.

Тақырып барысы: Құрметті әкелер, қонақтар сіздерге арналған «Әке — асқар тау» атты ұйымдастырылған оқу қызметін ашық деп жариялаймыз. Әке — шаңырақтың негізгі тірегі, ерекше тұлға. Әрбір бала өз әкесіне қарап өсетін нысанасы. Әке — ақылшым, тірегім дей отыра, бүгінгі сый-құрмет өздеріңізге арналады.

Ән: «Менің әкем, ең жақсы адам»

Музыка әуенімен ортада балалар, вальс билеп кіреді.

Мұғалім: Балалармен сәлемдеседі. Қонақтармен сәлемдесуге шақырады.

 

Шаттық шеңбері

 

Балалардың сәлемдесуі:

Жарқырап күнде ашылды

Күн нұры түгел шашылды.

Қайырлы күн қонақтар,

Біз бердік сізге сәлемді.

 

Мұғалім: Балаларды орындарына жайғастырып, отырғызады. Қыс мезгілі туралы сұрақ-жауап алынады.

Балалар: Сұраққа толық дұрыс жауаптарын береді.

Мұғалім:Балалар, бүгін бізге кімдер қонаққа келді?

Балалар: Әкелеріміз.

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі кешімізді, әкелеріміздің құрметіне арнап, барлық сыйластығымызды көрсетейік. Балалар, сендер әке туралы қандай тақпақ білесідер?

Балалар өлең-тақпақтарын оқиды.

1-оқушы:   Арқа сүйер панасың,

Ақылы мол данасың.

Адал етіп өсірген,

Мендей ерке баланы.

 

2-оқушы:   Әкетайым асылым,

Жақсы көрем өзіңді.

Құрметтеп мәңгі өтемін,

Мәпелеген өзімді.

 

Мұғалім: Ой, бәрекелді! Ал енді әкелер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

 

Балалар:

1-оқушы:    Әкеден -ақыл

Анадан — мейір.

 

2-оқушы:    Әкені көріп ұл өсер.

Анасын көріп қыз өсер.

 

3-оқушы:    Сайына қарай — саласы

Әкесіне қарай — баласы.

 

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Балалар әке деген кім?

 

Балалар:

1-оқушы: «Әке — отбасыныі тірегі»

 

2-оқушы: «Әке — асқар тау»

 

3-оқушы: «Әке — баланың қорғаны»

 

Мұғалім: Балалар мен сендерді ертегі көруге шақырамын, ертегіні бірге тамашалайық.

«Әке мен бала»

 

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Бойымызды жазайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

 

Мұғалім: Балалар сендер ертегіден нені түсіндіңдер, ертегінің қандай тәрбиелік мәні бар?

Балалар: Әкенің ақылын тыңдау, құрметтеу, еріншек-жалқау болмау. Мұғалім: Дұрыс, міне біз ертегіні көріп, әкеміздің ақылды, қамқоршы, дана адам екенін білдік.

Мұғалім: Әкелерді ойынға шақырады. Балаларды да, ойынға шақырады. Ойын: «Өз әкеңді тап!»

«Өз балаңды тап!»

Мұғалім: Әкелерге алғысын айтады.

 

Қорытынды: Балалар, бүгін біз сендермен қандай тақырыпта әңгіме жүргіздік?

Балалар: Әкелер жайлы.

Мұғалім: Біздің әкелереміз қандай адам екен?

Балалар: Ең жақсы адам, ақылды, батыр, мейірімді, қамқоршы.

Мұғалім: Жарайсыңдар, әрқашанда, әкелеріңді құрметтеп, сыйлаңдар,

тәртіпті және білімді болып өсе беріңдер!

Мұғалім: Қонаққа келген әкелерден бата сұрайды.

Құрметті әкелер, бүгінгі біздің «Әке — бәйтерек» атты, ұйымдастырылған оқу-қызметіміз осымен аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, алғысымызды білдіреміз. Келген аяқтарыңызға гүл бітсін!

Келесі кездескенше cay-саламат болыңыздар!

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Біледі: Әке туралы өлең шумақтарын жатқа айта біледі.

Игереді: Әке деген ұғымды, отбасындағы әкелердің құрметін түсінеді, игереді.

Меңгереді: Қазақ тіліндегі тән дыбыстарды анық айта біледі. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін дұрыс түсіне меңгереді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *