Ұстазым-ұлағатым

Ұстазым-ұлағатым

Ұстаз-ұлағатты сөз. Жарық мынау өмірге аяқ ұшын басқан, есігін ашқан жас ұрпақтың екінші-анасы.Ұстазға деген құрмет тек мектеп қабырғасында  шектеліп қалмауы керек. Кез келген жоғарғы оқу орындарында “Ұстаз” сөзі бәрінен биік болуы керек деп ойлаймын. Себебі, “Ұстаз” болмысы сырттай қарапайым болғанымен, тарихқа аты қалардай ұлы істі атқарып жүрген білдей бір тұлға. Айтыскер ақын да, ғарышкер ғалым да, бизнесмен байың да осындай бір тұлға болып қалыптасуында, үлкен шыңға жетуінде ұлағатты Ұстаз рөлі себепші болған деп білемін. Ұстаздың жаны-бала. Ұстаз оқушының екінші анасы демекші, ұстаз жаны да бала әр кез бала деп тұрады. Біліп үйренген дәрістерін, жинақтарын жыртып болсын, балаға үйретуден еш талмаған, тайынбаған жарық адам.
Ұстаз ана жарқырап тұрған бір Күншуақ секілді, сыртына тек қуаныш пен жылулық сыйлай біледі. Шәкіртіне тек білім мен ілімді ғана дарытып қоймай, сыйластық пен қамқорлықты, адамгершілік пен ашық мінезді болуға үйрететін мейірімділігі шексіз осы тәлімгер Ұстаз. Кейбір жағдайларда балаға ата-анадан тыс, достары және ұстазы жақынырақ болады. Қандай жағдай болмасын жамандығыңды жасырып, жақсылығыңды асырып отыратында осы Ұстаз жаны. Кез келген жерде әділдікке пен шындыққа ұмтылуды үйрететін, мынау өмірдің ақ-қарасын ажырата білуге дәріс,кеңес беретін асыл жан. Абай Құнанбаев ақын айтқандай; “Адамның адамшылдығы-жақсы ұстаздан болады”.Сол себептен де, жақсы ұстаздан тәлім-тәрбие алған адам болашақта өз дегеніне жетпей мойымай күресіп, бағытынан таймасы анық. “Білім- инемен құдық қазғандай” демекші, адам көптеген жетістіктерге білімі арқылы қол жеткізеді. Ал бірақ, сол білімді бізге дарытатын ол -“Ұстаз”.

Тарихқа белгілі, дарынды ағартушы  Ыбырай Алтынсарин ұстаз да, “Игілікке бастау жол- білім жолы”-деп бүкіл ғұмырын ұстаздыққа еш мойымастан арнап, қазақ балалары оқысын деп бойындағы бар еңбегі мен білімін шәкірттеріне құйған ұлағатты ұлы ұстаздардың бірі. Осы ағартушы ғалымдар секілді, жас ұрпаққа елінің дамуына тамшыдай болсын үлес қосуға дәріттейтін , шәкірт бойын тек жақсы қасиеттермен толтыратын, өзгеге үлгі болардай нәтиже көрсетуден талмайтын ұстарымыз көп болғанына қуанамын және мақтан тұтамын!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *