ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?

   ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?

Молдашева Ақбөпе

Осы сұрақты әрбір түлек өзіне қоятын шығар.Менде 2024 жылғы түлекпін .Яғни,өзімнің дайындығыммен өзгелерге кеңесімді айтып,дайндығыммен бөліскім келеді .Жас талапкерлерге айтарым-еш күйзелмеңдер ,сабырмен дос болыңдар! Еш қорықпай,қаймықпай,сабақтарды ынтамен оқып,өздерің тапсыратын пәндерге жауапкершілікпен қараңдар.

     ҰБТ-ға мен қалай дайындаламын?

  1. Біреулер 5-11 сынып аралығындағы кітаптардың бәрін алып оқиды,ал кейбіреулер тесттен бас алмайды.Менің ойымша ,осы әдістердің біріне ғана қатып қалып,ұстанып жүре берудің қажеті жоқ .Адам жан-жақты болуы шарт.Ктіаптардың бәрін оқи берсе,ештеңе басқа кірмейді.Мәселен,бір кітаптың 4-5 тақырыбын оқып алып,сосын сол тақырыптарға арналған тест сұрақтарына жауап берсе,түсінікті және нәтижелі болады.
  2. Сынақ тесттерді толтырғанда ,ешкімнен көмек сұрамай,өзің істеуге тырыс .Өзің істеген тақырып көбірек есте қалады.Қателіктерді түзету арқылы нәтижеге жетуге болады.
  3. Өзіңнің қолындағы тест кітапшаларын ғана емес ,сыныптастаріңдікің де алып,таныс.Соған беймәлім сұрақтар сонда болуы мүмкін.Түсінбеген сұрақтарды сыныптастарыңмен талқылаудан қорықпа .
  4. Тек оқумен отыра бермей,далада серуендеп,достармен қыдыруға да уақыт табу керек .Тамақтану рационың да дұрыстау керек.Тым тәтті әрі майлы тағам адам миының жұмыс үрдісін баяулатады.Шоколад ,мәселен ,адам миының дұрыс әрі тез жұмыс істеуін қамтамасыз етеді ,алайда оны да көп жей беруге болмайды.
  5. ҰБТ-ға дайындық барысында тек бір сабаққа ғана,мысалы,әркімнің өзіне қиын соғатын сабағына ғана немесе математика,тарих сабақтарына көп көңіл бөле беру дұрыс емес.Мен,тарих сабағынан қиналатын болғасын сол пәнді оқи беріп,қалған пәндерім төмендеп кетті .Қарапайым оқу сауаттылығына да салғырт қарауға болмайды.Сондықтан барлық пәнге де мұқият зейін қою қажет.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,егер оқымасаң,алға қойған мақсатыңа жете алмайсың.Қашанда оқи отырып,қинала отырып,оптимистік көзқараста болған жөн !

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *