ҰБТ-ға түсудің ең оңай жолы

ГРАНТҚА түсудің ЕҢ ОҢАЙ жолы…

Тақырып барлық мектеп қабырғасынан ұшқалы жатқан түлектер қызық. Бірақ шыныменде ең оңай жолы бар мекен…

 

Қазір мектеп кезіндегі өзіме ең ыстық,ең қызық сәттерді есіме алып отырмын.11 жыл бойы 2-үйімізге айналған алтын ұям.Мектепті бітірген соң бізді ҰБТ—УНИВЕР күтіп тұрды.
ҰБТ-ға келетін болсақ, мен 11-сыныптың басынан«Шығармашылық» емтихан тапсырамын деп, ойымды тек соған бұрдым. Шығармашылық емтихан деген біз білетін 2 пән (қаз.тарих,оқу сауаттылық).Көбісі ойлауы мүмкін 2 пән таңдап ГРАНТқа деген мүмкіндік өте көп деп,Бірақ бұл МҮЛДЕМ олай емес.
Себебі: 2 пән таңдаған- 5 пән таңдаған адамға қарағанда мүмкінділігі шектеулі. Иә біз олар секілді 4 қала жазып,боғаны болар біреуіне точно түсіп тұрмын деген сенімділік болмайды. Шығармашылық таңдаған адам -1 қала 1 универ бітті.

ҰБТ-ға 1 жылыңды толықтай арнап, дайындалып,кішкене болсада тер төгіп, еңбектенсең сенің алдыңа жол өзі шығады.Мен курстарға жазылып,Күні-түні Тарих кітаптардың 2-3ін алып жаттап,оқып жүрдім.Кейде қолыңды бір сілкіп тастай салғың келетін кездерде болады.Бірақ нәпсіге берілмеуге барынша тырыстым! Күнделікті дәптеріме-«Мен Грант Иегерімін»-деп жазып жүрдім.Ойымда тек грантқа қалайда болса түсу болатын.Сомен 1 жылда өтіп,емтиханға 1-күн қалды.Жан-жақтан «тарихтың сұрақты өте қиын»,«мүмкін емес»- деген хаттарды жиі көрдім.Басында қорықтым.Болары болар деп, келесі күні оң аяқпен емтиханға кірдім. Тест кітапшасы столға қойғанда жүректің қағысы тоқтамай ұрды.Ашсам өзім жаттаған сұрақтар.Пыр етіп терім шықты.1 жыл оқығаным алдымнан шыға келді.Белгілеп шықтымда жауабы шыққанша ұйықтай алмадым.Кешке(40/37)жинағанымды көріп секіріп кеттім.Алайда-«әлі ерте алда шығармашылық емтихандар бар»-деп өзімді алдап қойдым. Көп ұзамай ол емтихандардан да 80/80 жинап,барлығы(120/117)жинап ГРАНТ иегері атандым.Ең бірінші анамның қуаныштан көз жасын көргенде қатты қуандым.Қазір Ену-ға түстік.Анам ылғи айтып жүретін-«Астанаға оқуға түседі,тем более грантқа»-деп.Анамның арманының біреуін орындап,әрине өзімнің де арманымның бірін орындаған ерекше сезім екенін сол кезде түсіндім. Бірақ бұл үлкен өмірге деген кішкентай ғана қадам.ГРАНТқа түстім болды мен жетістікке жеттім деуге болмайды.Бұл жай ғана тест. Алда әді талай биік белестер,асар асуымыз көп.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *