Үй құстары

Үй құстары

(Технологиялық карта)

Атырау қаласы, Құрманғазы ауданы

МКҚК «Өркен» бөбекжай балабақшасы

Әдіскер: Нсангалиева С.К.

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»

Блок тақырыбы: «Табиғат әлемі»

Апта тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Құстар туралы білімдерін жетілдіру. Тілдің қарқынын өзгерту, біліктерін бекіту. Құстар туралы өлең жолдарын оқу. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Үй құстарының макеті, суреті, қорасы.

Билинг комп: Үй құстары-Домашние птицы, Әтеш-Петух, Тауық-курица, Қаз-Гусь, Үйре-Утка.

Сөздік: Үй құстары, әтеш, тауық, қаз, үйрек.

Әдіс/тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің ісәрекеті Баланың ісәрекеті
Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру (Талпындыру) Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Қонаққа келсе апайлар,

Иіліп сәлем береміз.

Шеңбер жасап өлең жолдарын бірге қайталайды
Ұйымдастырушылық ізденістік Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыста қандай ойындар ойнаймыз? Қыс мезгілі ұнай ма? Балалар сіздер қандай құс түрлерін білесіңдер? т.б. Қыс мезгілі

 

 

Балалар жауабы тыңдалды

Тауық, қарға, әтеш, торғай.

  Жарайсыңдар балалар.

Мадақтау, қоштасу

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй құстарының түрлерін, немен қоректенетінін, адамға пайдасын білу керек.

Түсінеді: Үй құстарына деген қамқорлығын түсіну керек.

Меңгереді: Үй құстарының дыбысын, жүрістерін меңгеру керек.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *