Үй жануарларын мүсіндеу «Қозы»

«Айналайын» топқа  ұйымдастырылған  оқу іс — әрекетінің технологиялық  картасы.

Білім беру саласы:  Вариативтік компонент

Бөлімдері: «Шебер қолдар»

Тақырыбы:Үй жануарларын мүсіндеу «Қозы»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Үй жануарлары жайлы білімдерін кеңейту.
  2. Дамытушылық: Саусақ маторикаларын дамыту.
  3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Үй жануарларының суреті.

Құрал — жабдықтар:  Тұзды қамыр, сүлгі, тақтайша.

Сөздік жұмыс: Мүсін, қиял, ойлау.

Үш тілділік компоненті: Қозы — ягненок – lamb

Әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық — қозғаушы Ш.ш  06-04 « Б» №28

 

 

 

 

Ғажайып сәті: Есік тарсылы естіледі.

Топқа қуыршақ Айгерім кіреді.

—          Сәлеметсіңдер ме, балалар!

—          Сендерді аналарың қалай еркелетеді?

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қолдаймыз.

Біздің тота ұл — қыздар,

Тату — тәтті ойнаймыз!

 

Балалар қызығушылық танытады.

 

—          Сәлеметсіз бе?

—          Мені, анам құлыным  — деп еркелетеді.

—          Мені, ботам — деп еркелетеді.

Іздену – барлау —          Көрдіңдер ме, балалар!

Сендерді аналарың төрт түлік малдың атымен еркелетеді екен.

—          Тағы қандай  үй жануарларының аттарымен ерекелетеді?

 

«Төлін тап» д.о.

 

 

 

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын

Моп — момақан — өзі, сүп — сүйкімді — көзі, ол кім?

 

—          Олай болса біз сіздермен қозының мүсінің жасайық.

 

 

 

Сергіту сәті: 06-04- «Ә» № 1

 

 

 

 

 

—          Ботам, қозым, лағым, құлыншағым.

 

 

Балалар суретке қарап үй жануарларының төлдерін айтады.

 

 

—          Балалар  «қозы» екенін айтады.

 

 

Балалар тұзды қамырмен мүсінді жасауға кіріседі.

 

 

 

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп  — өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Рефлексивті — қорытындылау Айгерім балалардан не жасағандарын сұрайды.

 

Жұмыс соғында «өрісте жайылып жүрген қошақандар»  атты көрме ұйымдастыру.

Рахмет, сендерге балалар!

Енді мен үй жануарлары туралы, олардың төлдері туралы көп нәрсе білетін  болдым.

 

Сау болыңдар! —  деп кетеді.

Балалар өздерінің мүсіндерін Айгерімге беріп, мен, қозы жасадым — деп өз жасаған мүсіндерінің аттарын айтады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі немесе хабардар болуы: Тұзды қамырдың қасиеттерін біледі. Өз  қиялдары арқылы мүсіндеуге үйренеді. Ойлау қабілеттерін дамытады.

Қалыптасқан әдет: Өз ойларын іске асыра алады.

Істей алады: Мүсіндей алады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *