Құстар біздің досымыз.Машқар Гумеров. Көк кептер

Мектеп: «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі»
Күні:
Сынып:2
Мұғалімнің аты-жөні:Ағыбаева Бақыт Абузарқызы
Пән: Әдебиеттік оқу
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Құстар біздің досымыз.Машқар Гумеров. Көк кептер
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Менің отбасым және достарым.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.1.1.1 — шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
Шығарманың мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.
Көптеген оқушылар:
Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.
Кейбір оқушылар:
Шығарма мазмұнындағы кейікерлердің іс әрекеттеріне ойын білдіріп, өз көзқарасын дәлелдейді.
Бағалау критерийі Шығарманың мазмұнын түсініп сұрақтарға жауап береді.

Пәнаралық байланыс Музыка, жаратылыстану.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта,аудио
Бастапқы білім Құстардың бірнеше аттарын біледі.
Кептерлер туралы біледі.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы.

Жағымды ахуал орнату.
1.Сәлемдесу.
— Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата-ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша.
Топқа бөлу:«Cиқырлы қорапша»
Құстардың суреттерін таңдау арқылы, топтарға бөліну.

(Т) «Адасқан сөздер» әдісі.
Құстар суреттерінің артындағы адасқан сөздерді құрастыру арқылы құстар туралы нақыл сөзді құрастырады.
Аққуды атуға, досыңды сатуға болмайды.
Нақыл сөзді талдау.
-Неге аққуды атуға болмайды деп ойлайсыңдар?
-Досты сатуға болмайды деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Дескриптор:
-Нақыл сөздерді дұрыс құрады.
-Мағынасын түсіндіреді.
ҚБ: (Т) «Ұшты-ұшты» (Нақыл сөздерді дұрыс құрап,мағынасын дұрыс түсіндірсе қолдарындағы құстарды көтереді.)

Сабақтың ортасы.
Тыңдалым. «Болжау әдісі»
Автор Машқар Гумеров туралы презентациядан мәлімет беру.
— Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?
— Қандай құс жайлы екенін білу үшін мына дыбысты тыңдайық.
— Машқар Гумеровтың «Көк кептер» шығармасымен танысамыз.
1.тапсырма. Оқулықпен жұмыс:(Т) оқылым «Аялдамаммен оқу» әдісі
Әр топ мәтін бөліктерін оқып, басқа топтарға түсіндіреді. Ондағы түсініксіз сөздерді белгілейді.
Дескриптор:
— Әр топ мәтін бөліктерін оқиды
— Мәтін бөліктерін топтарға түсіндіреді.
— ондағы түсініксіз сөздерді белгілейді.
ҚБ:«Үш шапалақ»
2.тапсырма (Т) айтылым«Карусель» әдісі
Әр топ мәтін бойынша 5 сұрақ дайындап келесі топқа қояды.
Дескриптор:
1. Шығарманың мазмұны бойынсұрақ құрастырады.
2. Cұрақтарға толық, дұрыс жауап береді.
ҚБ: «Құс қанаты»( Егер топтар сұрақтарға дұрыс, толық жауап берсе,қолдарын көтеріп, құс қанаты сияқты қимыл жасайды )

Сергіту сәті: «Ақ көгершін»

(Ж) жазылым. «Венн диаграммасы» әдісі
Оқушылар жұппен бір-біріне оқылған мәтіндегі кейіпкерлер Нүсіпбек пен Аймағанды сипаттайды. Ортақ қасиеттерін табады.
Нүсіпбек Аймаған

Дескриптор:
-Кейіпкерлерді сипаттайды.
— Ортақ қасиетін табады.
ҚБ: (Ж)«Көңіл күй сызығы» әдісі арқылы бағалау (Әртүрлі көңіл-күйдегі смайликті сызықтарға орналастыру.
Деңгейлік тапсырма
Нүсіпбек пен Аймағанның арасындағы достыққа өз көзқарасыңды жаз.

Ө)«Семмантикалық карта»

Авторы Жанр Жағымды кейіпкер Жағымсыз кейіпкер Менің түйгенім

ҚБ:Мұғалімнің бағалауы
Аудио, кептердің дыбысы.

Презентация

Сабақтың соңы.
3 минут.
Рефлексия

«Жемшашар»
Ағаш бұтақтарындағы тиісті жемшашарға құстарды орналастырады.
Түсінікті: жасыл жемшашар.
Сұрағым бар: сары жемшашар.
Түсінбедім: қызыл жемшашар

Үйге тапсырма:
Барлығы:Ой толғау
Мен Нүсіпбектің орнында болсам…..
Көптегені:Жараланған кептерге қалай көмектесуге болады. Ретімен жазу.
Кейбірі:«Құстар — біздің досымыз» тақырыбына шығарма жазу.

Кері байланыс
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жүргізіледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *