Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

Біз өмірге адам болып дүниеге келеміз, дегенменде адам болып қалуымыз өз қолымызда. Адамды іс- әрекеттері, мәдениеті, өркениеті, иманы, білімі, адамгершілігі, ұяты, намысы, тәрбиесі адамдық қасиеттерін ұстап тұруға септігін тигезетін бірден бір амалдар. Психология дәрісінде өткендей адам тұлға болып туылмайды, адам тұлға болып қалысады. Тұлғаның қалыптасуы ең алдымен адамның мінезіне тікелей қатысты. Осы тұста Ұлы даланың ұлы ақыны Абай Құнанбай атамыз «мінезі өзгермейді деген адамның тілін кесер едім, өзгермейтін адам жоқ» деген сөзін ескереміз. Расында адам баласы араласатын ортасына, алып жатқан біліміне, тәрбиесіне, қоғаммен араласу барысында, коммуникацияның арқасында, мәдениетпен таныса келе адам баласы өзін өзгерте алады. Адам өзінің әс-әрекетінің дұрыс емес екендігін түсінген сәтте, оны қайталамауға тырысып, сол тұсты өзгертуді ұйғарып, өзін өзгерте бастайды. Адам даму барысында өзін тұлға ретінде қалыптастырады. Ал, жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамып, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады. Тұлғаның басты қасиеттері- оның адамгершілігінде екен. Осы тұста жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұңдары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді екен. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сондықтанда болар, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршілігіндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы секілді мәселелер ғалымдарды толғандыдары сөзсіз.  Ал, құндылық дегеніміз не?

Құңдылықтар туралы алғашқы түсінік  ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алған екен. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» деген екен.Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуге қолданады.  Осы тұста түйін жасар болсақ, адам құндылығы адамның жақсы қасиеттеріне негізделген. Яғни, адамның жақсы қасиеттері оның құндылықтары. Адам құндылықтарын жетілдіру мақсатында күнделікті дамуы тиіс.  Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп  қарастыруға болады.

Әрбір тұлға қоғамды қалыптастырады. Әрбіріміздің құндылықтарымыз, тұлғалық қасиеттеріміз қоғам үшін аса маңызды.  Өйткені, тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді деген заңдылыққа сүйенер болсақ, өскелеі ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді. Қоғамның мәдениетті қоғам болуы әрбіріміздің қолымызда. Ал, сенің тұлға болуың тек сенің ғана қолыңда!

Журналистика факультетінің 1-курс студенті Баймедел А.А
Оқытушы: Болтаева Ә.М

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *